О внесении изменений в некоторые постановление акимата Жалагашского района по вопросам занятости населения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые постановление акимата Жалагашского района по вопросам занятости населения
- Атауы (қаз.)
- Жалағаш ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 232
- Қабылданған күні
- 23.06.2014
- Көрсетілген редакция
- 24.03.2016 81373_300931.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.03.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14LF004729
- ЭКБ идентификаторы
- 81373
- Редакция идентификаторы
- 81373_300931
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:21
0 Жалағаш ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
“Нормативтік құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына және “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Жалағаш ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша кейбір қаулыларына енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Ө.Елеусіновке жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Жалағаш ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 23 маусымдағы
№ 232 қаулысына қосымша
Жалағаш ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша кейбір қаулыларына енгізілген өзгерістер
1
1. “Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 2 қыркүйектегі № 276 қаулысында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 28 қыркүйекте № 10-6-194 болып тіркелген, 2011 жылы 8 қазанда “Жалағаш жаршысы” газетінің № 82 (8743) санында жарияланған):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
“Халықты жұмыспен қамту туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:”.
2
2. “Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 10 қаңтардағы № 1 қаулысында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 16 ақпанда № 10-6-203 болып тіркелген, 2012 жылы 25 ақпанда “Жалағаш жаршысы” газетінің № 17-18 (8783-8784) санында жарияланған):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
“Халықты жұмыспен қамту туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:”.
3
3. Жалағаш ауданы әкімдігінің қаулысына 2012 жылғы 10 қаңтардағы № 1 “Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы” өзгерістер енгізу туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 331 қаулысында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 8 қазанда № 4322 болып тіркелген, 2012 жылы 20 қазанда “Жалағаш жаршысы” газетінің № 89 (8855) санында жарияланған):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
“Халықты жұмыспен қамту туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:”.