Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций
- Атауы (қаз.)
- Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдарды бітірушілер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 218/7
- Қабылданған күні
- 04.07.2014
- Көрсетілген редакция
- 15.01.2016 81377_278530.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14PH003875
- ЭКБ идентификаторы
- 81377
- Редакция идентификаторы
- 81377_278530
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:11
0 Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдарды бітірушілер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 21-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабы 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметі есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және жұмысқа орналасуға мұқтаж кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдарды бітірушілерді жұмыспен қамту және жұмысқа қабылдауда жәрдем көрсету мақсатында Качир ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Меншік нысанына қарамастан Качир ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарындағы жұмыс орындарының жалпы санының екі пайызы мөлшерінде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2 2. Меншік нысанына қарамастан Качир ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарындағы жұмыс орындарының жалпы санының екі пайызы мөлшерінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
3 3. Меншік нысанына қарамастан Качир ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарындағы жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдарды бітірушілер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
4
4. "Качир ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдарды бітірушілерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау әлеуметтік меселелерге жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.