Об установлении минамального размера земельных участков сельскохозяйственного назначения, предоставляемых в собственность или землепользование в Кызылординской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении минамального размера земельных участков сельскохозяйственного назначения, предоставляемых в собственность или землепользование в Кызылординской области
- Атауы (қаз.)
- Қызылорда облысындағы меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 633
- Қабылданған күні
- 02.07.2014
- Көрсетілген редакция
- 15.02.2017 81411_201669.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.02.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14L0004731
- ЭКБ идентификаторы
- 81411
- Редакция идентификаторы
- 81411_201669
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:12
0 Қызылорда облысындағы меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы
"Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес Қызылорда облысында жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері белгіленсін.
2 2. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С.Кожаниязовқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Қызылорда облысы әкімдігінің
2014 жылғы "02" шілдедегі N 633 қаулысына
және Қызылорда облыстық мәслихатының
2014 жылғы "02" шілдедегі N 203 шешіміне
қосымша
Қызылорда облысында жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері
N
Қала және аудандар атауы
Көлемі (гектар)
1
Арал
50
2
Қазалы
50
3
Қармақшы
50
4
Жалағаш
25
5
Сырдария
30
6
Шиелі
20
7
Жаңақорған
30
8
Қызылорда қаласы
5
Ескертпе: Жеке меншіктегі немесе жер пайдаланудағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін осы белгіленген ең аз мөлшерден төмен көлемдегі учаскелерге бөлуге жол берілмейді және ауыл шаруашылығы мақсатындағы суарылмайтын жер учаскелеріне қолданылады.
Ескертпе: «Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» ҚР Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 248 Жарлығына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiне жеке меншік құқығын беруге 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін мораторий жарияланды.