Құжат мәтініне өту

О мерах по дальнейшему совершенствованию системы государственного управления Республики Казахстан

Жарлық · № 807 · қабылданған 21.04.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-81416/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О мерах по дальнейшему совершенствованию системы государственного управления Республики Казахстан Қолданыста Жарлық ·№ 807 ·21.04.2014
21.04.2014 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.04.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О мерах по дальнейшему совершенствованию системы государственного управления Республики Казахстан

Қолданыста Жарлық ·№ 807 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О мерах по дальнейшему совершенствованию системы государственного управления Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
807
Қабылданған күні
21.04.2014
Көрсетілген редакция
21.04.2014 AI81416_0.kaz
Соңғы өзгеріс
21.04.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U1400000807
ЭКБ идентификаторы
81416
Редакция идентификаторы
AI81416_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:57

0 Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 5), 12) және 18) тармақшаларына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1 1. Мыналар:

1

1) Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі мен Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі мен Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының функцияларын атқаратын мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне қосу жолымен;

2 2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне кіретін Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен (бұдан әрі - Қызмет) бірлесіп, бір айлық мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Қызмет туралы ереженің жобасын енгізсін.

3 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1 1) қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі мен Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының штат санын және мүлкін Қызметке беруді қамтамасыз етсін;

2 2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне осы Жарлықпен енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

5 5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

6 Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

1

1. "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 12-13, 116-құжат; 2009 ж., № 24-25, 207-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 10-11, 125-құжат) мынадай өзгерістер:
аталған Жарлыққа 2-қосымшада:
"Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы" деген жол алып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі".

2

2. "Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 722 Жарлығына:
Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты берілетін адамдардың тізбесінде:
мынадай мазмұндағы 18-1-жолмен толықтырылсын:
"18-1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы және оның орынбасарлары.";
Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты берілетін адамдардың тізбесінде:
реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Аумақтық органдардың қызметкерлерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) офицер атағы бар қызметкерлері.".

3 3. "Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы № 392 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 20, 201 -құжат; 2011 ж., № 31, 388-құжат; 2012 ж., № 49, 666-құжат):

жоғарыда аталған Жарлыққа 4-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
Мем­ле­кет­тік кү­зет қыз­ме­ті­нің ба­стығы
- Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мем­ле­кет­тік кү­зет қыз­ме­ті­нің ге­не­рал-лей­те­нан­ты
Қыз­мет ба­стығ­ы­ның орын­ба­са­ры - бі­рін­ші де­пар­та­мент ба­стығы
- Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мем­ле­кет­тік кү­зет қыз­ме­ті­нің ге­не­рал-май­о­ры
Қыз­мет ба­стығ­ы­ның орын­ба­са­ры - Пре­зи­дент Кү­зе­ті қыз­ме­ті­нің ба­стығы
- Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мем­ле­кет­тік кү­зет қыз­ме­ті­нің ге­не­рал-май­о­ры
Қыз­мет ба­стығ­ы­ның орын­ба­са­ры
- Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мем­ле­кет­тік кү­зет қыз­ме­ті­нің ге­не­рал-май­о­ры
Қыз­мет ба­стығ­ы­ның орын­ба­са­ры - Объ­ек­ті­лер­ді қор­ғау қыз­ме­ті­нің (Рес­пуб­ли­ка­лық ұлан) ба­стығы
- Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мем­ле­кет­тік кү­зет қыз­ме­ті­нің ге­не­рал-май­о­ры".

Қолданыстағы