Құжат мәтініне өту

Об утверждении профессионального стандарта "Электротехнология"

Бұйрық · № 88 · қабылданған 17.03.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-81445/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении профессионального стандарта "Электротехнология" Күшін жойған Бұйрық ·№ 88 ·17.03.2014
30.12.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении профессионального стандарта "Электротехнология"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 88 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении профессионального стандарта "Электротехнология"
Атауы (қаз.)
"Электр технологиясы" кәсіби стандартты бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
88
Қабылданған күні
17.03.2014
Көрсетілген редакция
30.12.2015 AI81445_3.kaz
Соңғы өзгеріс
30.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400009413
ЭКБ идентификаторы
81445
Редакция идентификаторы
AI81445_3
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:28

0 "Электр технологиясы" кәсіби стандартты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Электр технологиясы» кәсіби стандарты бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті (С.Қ. Есімханов) заңнамада белгіленген тәртіпте мыналарды:

1 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б.М. Жақсалиевке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау
министрі
____________ Т. Дүйсенова
2014 жылғы 31 наурыз

0 «Электр технологиясы» кәсіби стандарты

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Индустрия
және жаңа технологиялар министрінің
2014 жылғы 17 наурыздағы
№ 88 бұйрығымен
бекітілген
«Электр технологиясы» кәсіби стандарты

1 1. Жалпы ережелер

1 1. "Электр технологиясы " кәсіби стандарты (бұдан әрі - КС) кәсіби қызмет саласындағы қызметкерлердің еңбек мазмұнына, сапасына, жағдайына, біліктілігіне және құзыреттеріне қойылатын талаптарды айқындайды және:

1 1) еңбек нарығының қазіргі заман қажеттілігіне жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға, кәсіби қызметтің мазмұнына бірыңғай талаптарды белгілеуге;

2 2) қызметкерлерді басқару саласында кең шеңбердегі міндеттерді шешуге;

3 3) білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеуге, сонымен қатар тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;

4 4) кәсіби даярлықтарын бағалауды жүргізуге және мамандардың біліктілік сәйкестігін растауға арналған.

2 2. КС негізгі пайдаланушылары:

1 1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;

2 2) ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, ұйымдардың қызметкерлерді басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;

3 3) білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;

4 4) кәсіби даярлықтарын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы мамандар.

3 3. КС негізінде қызметтің, лауазымның, біліктілікті арттырудың, қызметкерлерді аттестаттаудың, еңбекті ынталандыру жүйесінің және т.б. функционалдық модельдеріне қатысты ішкі, корпоративтік стандарттары әзірленеді.

4 4. Осы КС-да келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1 1) біліктілік – қызметкердің белгілі бір қызмет түрі шеңберінде еңбек міндеттерін сапалы орындауға дайын болу дәрежесі;

2 2) біліктілік деңгейі – орындалатын жұмыстардың күрделілігін, дербестігі мен жауапкершілігін сипаттайтын қызметкердің біліктілігіне (құзыреттеріне) қойылатын талаптар деңгейі;

3 3) еңбек мәні - белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталатын зат;

4 4) еңбек құралдары – қызметкердің еңбек мәнін бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдары;

5 5) еңбек қызметінің түрі – кәсіби қызмет саласының еңбек функцияларының тұтастай жиынтығынан және оларды орындауға қажетті құзыреттерден қалыптасқан құрамдас бөлігі;

6 6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріс арқылы анықталатын және оларды еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде орындау үшін қажетті құзыреттердің болуын көздейтін еңбек іс-қимылдарының біріктірілген және салыстырмалы түрде дербес жиынтығы;

7 7) кәсіби қызмет саласы – жалпы ықпалдасқан негізі (ұқсас және мақсаттылығы жақын объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар және оларды орындау үшін ұқсас құзыреттер мен еңбек функцияларының жинағын көздейтін саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;

8 8) КС – кәсіби қызметтің нақты саласындағы қызметкердің еңбек мазмұнына, сапасына, жағдайына және біліктілік деңгейіне, құзыреттеріне қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;

9 9) КС бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, салыстырмалы түрде дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасынан тұратын КС құрылымдық элементі;

10 10) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;

11 11) құзырет – қызметкердің еңбек қызметінде білімін, білігі мен тәжірибесін қолдану қабілеті;

12 12) лауазым – жұмыс берушінің лауазымдық өкілеттіліктер мен лауазымдық міндеттер шеңбері жүктелген құрылымдық бірлігі;

13 13) міндет - нақты бір еңбек мәндері мен құралдарын пайдалана отырып, еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимылдар жиынтығы;

14 14) сала - өнім шығаруда, өндіріс технологиясы, жұмыс істейтіндердің негізгі қорлары мен кәсіптік дағдыларында ортақ мақсаты бар кәсіпорындар мен ұйымдар жиынтығы;

15 15) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;

16 16) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;

17 17) функционалдық карта – еңбек қызметінің белгілі түрі қызметкерінің кәсіби қызметтің сол немесе өзге саласы шеңберінде орындайтын еңбек функциялары мен кәсіби міндеттерінің құрылымдалған сипаттамасы.

2 2. КС паспорты

5 5. Экономикалық қызметтің түрі: 35 Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау.

6 6. Кәсіби қызмет саласы: электр технологиялары.

7 7. Кәсіби қызмет саласының негізгі мақсаты: электртехнологиялық қондырғылар мен жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

8 8. Еңбек қызметінің түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері осы КС 1-қосымшасында көрсетілді.

3 3. Еңбек қызмет түрлерінің (кәсіп) карточкалары

1 1-параграф. Техник-технолог

9 9. СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 4.

10 10. Мүмкін болатын лауазым атаулары:

техник;
технолог;
энергетик.

11 11. Орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы – электртехнологиялық қондырғылар мен жүйелер жұмысының нормативтік сипаттамаларын қамтамасыз ету.

12 12. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 2-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілді.

13 13. Техник-технологтың еңбек жағдайына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 2-кестесінде келтірілді.

14 14. Техник-технолог орындайтын еңбек функцияларын айқындайтын КС бірліктерінің тізбесі осы КС 2-қосымшасының 3-кестесінде көрсетілді.

15 15. Техник-технолог орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 2-қосымшасының 4-кестесінде келтірілді.

16 16. Техник-технолог құзыреттеріне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 5-кестесінде көрсетілді.

4 4. КС әзірлеушілері

17 17. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі КС әзірлеушісі болып табылады.

18 18. Келісу парағы, КС сараптамасы мен тіркелуі осы КС 3-қосымшасында келтірілген.

1 Еңбек қызметінің түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері

«Электр технологиясы»
кәсіби стандартына
1 Қосымша
Еңбек қызметінің түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері
Р/н
Қыз­мет тү­рі­нің ата­уы
Ең­бек на­ры­ғы­ның үр­ді­сте­рін ес­ке­ру­мен кә­сіп­тің ата­уы
01-2005 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік жік­те­уі­шіне сәй­кес кә­сіп ата­уы
Са­ла­лық бі­лік­ті­лік шең­бе­рі бі­лік­ті­лік дең­гейі
1.
Элек­тр­лік-тех­ни­ка­лық қон­дыр­ғы­лар мен жүй­е­лер жұ­мысы­ның нор­ма­тив­тік си­патта­ма­ла­рын қам­та­ма­сыз ету
Тех­ник - тех­но­лог
Тех­ник - тех­но­лог
4

2 Техник - технолог

«Электр технологиясы»
кәсіби стандартына
2 Қосымша
Техник - технолог
1 Кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Кә­сіп­тер­дің мем­ле­кет­тік жік­те­уі­шіне (КМЖ) сәй­кес ко­ды
Ба­за­лық топ
3111
Жұ­мыс­шы­лар­дың жұ­мыста­ры мен кә­сіп­те­рі­нің бі­рың­ғай та­риф­тік-бі­лік­ті­лік анық­та­ма­лы­ғы (БТ­БА)
БТ­БА шы­ға­ры­лы­мы, бө­лі­мі
-
БТ­БА бой­ын­ша кә­сіп
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
БТ­БА бой­ын­ша раз­ряд­тар
Ұй­ым бас­шы­ла­ры­ның, ма­ман­да­ры­ның және бас­қа қыз­мет­ші­ле­рі ла­у­а­зым­да­ры­ның бі­лік­ті­лік анық­та­ма­лы­ғы
Са­ла­лық бі­лік­ті­лік шең­бе­рі (СБШ) бі­лік­ті­лік дең­гейі
Са­нат­тар
тех­ник-тех­но­лог
4
-
2-кесте. Техник-технологтың еңбек жағдайына, біліміне
және тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кә­сі­бі бой­ын­ша бо­луы мүм­кін жұ­мыс орын­да­ры
(кә­сі­по­рын­дар, ұй­ым­дар)
Жаб­дық­тал­ған және ат­те­стат­тал­ған жұ­мыс орын­да­ры
Зи­ян­ды және қа­уіп­ті ең­бек жағ­дайы
Зи­ян­ды заттар шек­ті ұй­ға­рын­ды шо­ғыр­лан­ды­ру (ШҰШ) ар­ту мүм­кін­ді­гі, шуыл дең­гей­і­нің жо­ға­ры бо­луы
Жұ­мысқа рұқ­сат бе­ру­дің ерекше жағ­дай­ла­ры
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Заң­на­ма­сы­на сәй­кес
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
Кә­сі­би бі­лім алу мен оқы­ту дең­гейі
Та­лап еті­ле­тін жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі
4
Тех­ни­ка­лық бі­лім және прак­ти­ка­лық жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі
1 жыл
3-кесте. Техник-технолог орындайтын еңбек функцияларын айқындайтын
КС бірліктерінің тізбесі
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның №
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның ата­уы (кә­сі­би стан­дарт­тың бір­лі­гі)
1
Элек­тр­лік-тех­но­ло­ги­я­лық қон­дыр­ғы­лар мен жүй­е­лер­дің жай-күй­ін зерт­теу
2
Элек­тр­лік-тех­но­ло­ги­я­лық қон­дыр­ғы­лар мен жүй­е­лер­дің үз­дік­сіз жұ­мыс іс­те­уін ұй­ым­да­сты­ру
3
Элек­тр­лік-тех­но­ло­ги­я­лық қон­дыр­ғы­лар мен жүй­е­лер­дің жұ­мысы­на тал­дау жа­сау
4-кесте. Техник-технолог орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы
Ең­бек функ­ци­я­сы №
Ең­бек мәні
Ең­бек құ­рал­да­ры
Мін­дет­тер (ең­бек іс-әре­кет­те­рі)
1
Элек­тр­лік-тех­но­ло­ги­я­лық қон­дыр­ғы­лар мен жүй­е­лер
Уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­дар бе­кіт­кен нор­ма­тив­тік-құқық­тық құ­жат­тар, кесте­лер, ақа­улық ак­ті­ле­рі
1-1) Тек­се­ру жүр­гі­зу, ақа­у­лар­ды, сырт­қы за­қым­да­ну­лар­ды анық­тау, тех­но­ло­ги­я­лық па­ра­метр­лер­ге ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ру
Элек­тр­лік-тех­но­ло­ги­я­лық қон­дыр­ғы­лар мен жүй­е­лер
Уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­дар бе­кіт­кен нор­ма­тив­тік-құқық­тық құ­жат­тар, кесте­лер
1-2) Элек­тр­лік-тех­но­ло­ги­я­лық қон­дыр­ғы­лар мен жүй­е­лер­ді жөн­деу кесте­ле­рін әзір­леу, жөн­деу кө­ле­мін, ма­те­ри­ал­дар мен қо­сал­қы бөл­шек­тер­ді анық­тау
2
Элек­тр­лік-тех­но­ло­ги­я­лық қон­дыр­ғы­лар мен жүй­е­лер
Уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­дар бе­кіт­кен нор­ма­тив­тік-құқық­тық құ­жат­тар, ре­жим­дік кар­та­лар, нұс­қа­улық­тар
2-1) Ре­жим­дік кар­та­лар­ға, элек­тр­лік-тех­но­ло­ги­я­лық қон­дыр­ғы­лар мен жүй­е­лер­дің жұ­мысын­да­ғы жүк­те­ме­лер кесте­сіне сәй­кес па­ра­метр­лер­ді рет­теу, жөн­деу
3
Элек­тр­лік-тех­но­ло­ги­я­лық қон­дыр­ғы­лар мен жүй­е­лер
Уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­дар бе­кіт­кен нор­ма­тив­тік-құқық­тық құ­жат­тар, нұс­қа­улық­тар
3-1) Жүр­гі­зі­л­ген тех­но­ло­ги­я­лық па­ра­метр­лер­ді рет­теу және жөн­деу бой­ын­ша есеп­ті­лік­ті бе­кі­ті­л­ген ны­сан­дар мен көр­сет­кіш­тер­ге сәй­кес дай­ын­дау
5-кесте. СБШ 4-біліктілік деңгейіндегі техник-технолог
құзыреттеріне қойылатын талаптар
Мін­дет №
Же­ке және кә­сі­би құ­зы­рет­тер
Бі­лік­те­рі мен дағ­ды­ла­ры
Бі­лі­мі
1-1)
Ба­ғы­ны­шты қыз­мет­кер­лер­дің мін­дет­тер­ді өз ер­кі­мен бел­гі­ле­уін, нор­ма­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және іс­ке асы­ру­ды ба­қы­ла­у­ын, элек­тр­лік-тех­но­ло­ги­я­лық қон­дыр­ғы­лар мен жүй­е­лер­дің бел­гі­лен­ген жұ­мыс ре­жи­мі­нен ауыт­қу­ла­рын анық­тау үшін жа­у­ап­кер­ші­лік­ті көз­дей­тін, бас­шы­лық ету­мен нор­ма­лар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша орын­да­у­шы­лық-бас­қа­ру­шы­лық қыз­мет
Элек­тр­лік-тех­но­ло­ги­я­лық қон­дыр­ғы­лар мен жүй­е­лер­дің іс­ке жа­рам­сыз түй­ін­де­рін, бел­гі­лен­ген жұ­мыс ре­жи­мі­нен ауыт­қу­ла­рын анық­тау
Элек­тр­лік-тех­но­ло­ги­я­лық қон­дыр­ғы­лар мен жүй­е­лер­дің бел­гі­лен­ген нор­ма­тив­тік тех­ни­ка­лық си­патта­ма­ла­ры
1-2)
Ба­ғы­ны­шты қыз­мет­кер­лер­дің мін­дет­тер­ді өз ер­кі­мен бел­гі­ле­уін, нор­ма­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және іс­ке асы­ру­ды ба­қы­ла­у­ын, Элек­тр­лік-тех­но­ло­ги­я­лық қон­дыр­ғы­лар мен жүй­е­лер­ді жөн­деу кесте­ле­рін әзір­леу, жөн­деу кө­ле­мін, ма­те­ри­ал­дар мен қо­сал­қы бөл­шек­тер­ді анық­тау үшін жа­у­ап­кер­ші­лік­ті көз­дей­тін, бас­шы­лық ету­мен нор­ма­лар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша орын­да­у­шы­лық-бас­қа­ру­шы­лық қыз­мет
Элек­тр­лік-тех­но­ло­ги­я­лық қон­дыр­ғы­лар мен жүй­е­лер­ді рет­теу мен жөн­де­уді ұй­ым­да­сты­ру және жүр­гі­зу, ма­те­ри­ал­дар мен қо­сал­қы бөл­шек­тер­ге қа­жет­ті­лік­ті анық­тау
Элек­тр­лік-тех­но­ло­ги­я­лық қон­дыр­ғы­лар мен жүй­е­лер­ді рет­теу мен жөн­де­уді жүр­гі­зу тәр­ті­бі, жөн­деу кө­ле­мін, ма­те­ри­ал­дар­ды және қо­сал­қы бөл­шек­тер­ді есеп­теу
2-1)
Ба­ғы­ны­шты қыз­мет­кер­лер­дің мін­дет­тер­ді өз ер­кі­мен бел­гі­ле­уін, нор­ма­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және іс­ке асы­ру­ды ба­қы­ла­у­ын, ре­жим­дік кар­та­лар­ға, элек­тр­лік-тех­но­ло­ги­я­лық қон­дыр­ғы­лар мен жүй­е­лер­дің жұ­мысын­да­ғы жүк­те­ме­лер кесте­сіне сәй­кес па­ра­метр­лер­ді рет­теу, жөн­деу үшін жа­у­ап­кер­ші­лік­ті көз­дей­тін, бас­шы­лық ету­мен нор­ма­лар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша орын­да­у­шы­лық-бас­қа­ру­шы­лық қыз­мет
Ре­жим­дік кар­та­лар­ға, элек­тр­лік-тех­но­ло­ги­я­лық қон­дыр­ғы­лар мен жүй­е­лер­дің жұ­мысын­да­ғы жүк­те­ме­лер кесте­сіне сәй­кес па­ра­метр­лер­ді рет­теу мен жөн­де­уді жүр­гі­зу
Элек­тр­лік-тех­но­ло­ги­я­лық қон­дыр­ғы­лар мен жүй­е­лер­дің жұ­мысын­да­ғы па­ра­ма­тер­лер­дің нор­ма­тив­тік көр­сет­кіш­те­рі
3-1)
Ба­ғы­ны­шты қыз­мет­кер­лер­дің мін­дет­тер­ді өз ер­кі­мен бел­гі­ле­уін, нор­ма­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және іс­ке асы­ру­ды ба­қы­ла­у­ын, жүр­гі­зі­л­ген тех­но­ло­ги­я­лық па­ра­метр­лер­ді рет­теу және жөн­деу бой­ын­ша есеп­ті­лік­ті бе­кі­ті­л­ген ны­сан­дар мен көр­сет­кіш­тер­ге сәй­кес дай­ын­дау үшін жа­у­ап­кер­ші­лік­ті көз­дей­тін, бас­шы­лық ету­мен нор­ма­лар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша орын­да­у­шы­лық-бас­қа­ру­шы­лық қыз­мет
Жүр­гі­зі­л­ген тех­но­ло­ги­я­лық па­ра­метр­лер­ді рет­теу және жөн­деу бой­ын­ша есеп­ті­лік­ті бе­кі­ті­л­ген ны­сан­дар мен көр­сет­кіш­тер­ге сәй­кес дай­ын­дау
Құ­ры­л­ғы­лар­ды пай­да­ла­ну мақ­са­ты және элек­тр­лік-тех­но­ло­ги­я­лық қон­дыр­ғы­лар мен жүй­е­лер­дің жұ­мыс прин­ци­пі. Элек­тр­лік-тех­но­ло­ги­я­лық қон­дыр­ғы­лар мен жүй­е­лер­дің тех­но­ло­ги­я­лық па­ра­метр­ле­рін рет­теу және жөн­деу бой­ын­ша есеп­тер­ді жа­сау қа­ғи­да­ла­ры

3 «Электр технологиясы»

кәсіби стандартына
3 Қосымша
Келісу парағы
Ұй­ым­ның ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стр­лі­гі.
Осы КС тіркелген ____________________________________ тіркелді.
Кәсіби стандарттар тізбесіне ____________ тіркеу нөмірімен енгізілді.
Хат (хаттама) № _______________________ Күні ________________________

Қолданыстағы