Об утверждении Правил тушения степных пожаров, а также пожаров в населенных пунктах, в которых отсутствуют подразделения государственной противопожарной службы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил тушения степных пожаров, а также пожаров в населенных пунктах, в которых отсутствуют подразделения государственной противопожарной службы
- Атауы (қаз.)
- Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіру қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 801
- Қабылданған күні
- 19.07.2014
- Көрсетілген редакция
- 18.06.2015 AI81481_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.06.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1400000801
- ЭКБ идентификаторы
- 81481
- Редакция идентификаторы
- AI81481_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:05
0 Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіру қағидаларын бекіту туралы
"Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 54) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіру қағидалары бекітілсін.
2 2. Мыналардың күші жойылсын:
1 1) "Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өрт сөндіру мекемелері құрылмаған елді мекендердегі өртті сөндіру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 542 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 22, 248-құжат):
2
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қарашадағы № 1068 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 36-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 43, 492-құжат):
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.
0 Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 19 шілдедегі
№ 801 қаулысымен
бекітілген
Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіру қағидалары
1 1. Осы Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіру қағидалары дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттердің алдын алу және сөндіру жұмыстарын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2 2. Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіруді тиісті аумақтағы жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
3
3. Өрттерді байқаған кезде жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік өртке қарсы қызметке хабарлайды және өрттерді сөндіруге өртке қарсы ерікті құралымдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидаларына сәйкес құрылған өрт сөндіру бекеттерінің күштері мен құралдарын тартуды ұйымдастырады.
4 4. Ерікті өрт сөндірушілерді жинау тәрітбі мен оларды өрт орнына жеткізу тәсілін азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісім бойынша өртке қарсы ерікті құралымның басшысы айқындайды.
5 5. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің күштері мен құралдары келгенге дейін жергілікті атқарушы органдар тиісті аумақта:
1 1) өрттер туралы барлық келіп түсетін ақпаратты жедел тексеруді және жинауды қамтамасыз етеді;
2 2) шыққан өрттер, олардың ықтимал таралуы туралы халықты уақтылы хабардар етуді, сондай-ақ олардың салдарын шектеу жөнінде қажетті шаралар қабылдауды жүзеге асырады;
3 3) өрт орнындағы жағдайдың барлық өзгерістері туралы жақын орналасқан мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерін уақтылы жедел хабардар етуді қамтамасыз етеді;
4 4) өрттерді сөндіру бойынша жалпы басшылықты жүзеге асырады.
6 6. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері өртке келгенде өрт сөндіруге басшылық ету өртке қарсы қызмет гарнизонының аға лауазымды адамына жүктеледі.
7 7. Өрттерді сөндіру кезінде жергілікті атқарушы органдар тартылатын күштер мен құралдарын меншік нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жанар-жағармай материалдарымен, тамақ өнімдерімен және медициналық көмекпен қамтамасыз етеді.
8
8. Өрттердің алдын алуда және жоюда келісілген іс-қимылды жүзеге асыру мақсатында жергілікті атқарушы органдар азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп, дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттердің алдын алу және сөндіру жөніндегі жыл сайынғы іс-шаралар жоспарларын, сондай-ақ тиісті аумақтарда дала өрттері туындаған жағдайда жер пайдаланушыларымен бірлескен іс-қимыл жасау жоспарларын әзірлейді және бекітеді.