Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Торт-Кудукского сельского округа города Экибастуза

Ереже · № 238/30 · қабылданған 19.06.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-81482/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Торт-Кудукского сельского округа города Экибастуза Күшін жойған 25.08.2022 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Торт-Кудукского сельского округа города Экибастуза

Күшін жойған Ереже № 238/30 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Торт-Кудукского сельского округа города Экибастуза
Атауы (қаз.)
Екібастұз қаласы Төрт-Құдық ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
238/30
Қабылданған күні
19.06.2014
Көрсетілген редакция
25.08.2022 81482_589891.kaz
Соңғы өзгеріс
25.08.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14PC003888
ЭКБ идентификаторы
81482
Редакция идентификаторы
81482_589891
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:23
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Екібастұз қаласы Төрт-Құдық ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 39-3-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1.

Қоса беріліп отырған Екібастұз қаласы Төрт-Құдық ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.

2.

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Екібастұз қаласы Төрт-Құдық ауылдық округінің ауылдар тұрғындарының өкілдері ауыл тұрғындарының жалпы санынан 5% мөлшерде бекітілсін.

3.

Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы мәслихатының азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4.

Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

5 Екібастұз қаласы Төрт-Құдық ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары

Екібастұз қалалық мәслихатының
2014 жылғы 19 маусымдағы № 238/30
шешімімен бекітілген
Екібастұз қаласы Төрт-Құдық ауылдық округінің аумағында
бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

1.

Осы Екібастұз қаласы Төрт-Құдық ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 39-3-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және Екібастұз қаласы Төрт-Құдық ауылдық округінің аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2.

Екібастұз қаласы Төрт-Құдық ауылдық округінің аумағындағы тұрғындардың бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

3.

Бөлек жиынды Төрт-Құдық ауылдық округінің әкімі шақырады.
Екібастұз қаласы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

4.

Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақппарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

5.

Ауыл шегінде бөлек жиынды өткізуді Төрт-Құдық ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

6.

Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

7.

Бөлек жиынды Екібастұз қаласы Төрт-Құдық ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Екібастұз қаласы Төрт-Құдық ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

8.

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Екібастұз қаланың мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

9.

Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

10.

Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Төрт-Құдық ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.