Об утверждении Типового положения о консультативно-совещательном органе при местных исполнительных органах по содействию деятельности органов и учреждений, исполняющих уголовные наказания и меры уголовно-правового воздействия, а также по организации социальной и иной помощи лицам, отбывшим уголовные наказания
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Типового положения о консультативно-совещательном органе при местных исполнительных органах по содействию деятельности органов и учреждений, исполняющих уголовные наказания и меры уголовно-правового воздействия, а также по организации социальной и иной помощи лицам, отбывшим уголовные наказания
- Атауы (қаз.)
- Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелер қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдар жанындағы консультациялық-кеңесші орган туралы үлгілік ережені бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 808
- Қабылданған күні
- 21.07.2014
- Көрсетілген редакция
- 18.06.2015 AI81489_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.06.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1400000808
- ЭКБ идентификаторы
- 81489
- Редакция идентификаторы
- AI81489_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:05
0
Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелер қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдар жанындағы консультациялық-кеңесші орган туралы үлгілік ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қоса беріліп отырған Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелер қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдар жанындағы консультациялық-кеңесші орган туралы үлгілік ереже бекітілсін.
2
2. «Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші орган туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 маусымдағы № 766 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 56, 762-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
0 Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелер қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдар жанындағы консультациялық-кеңесші орган туралы үлгілік ереже
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 21 шілдедегі
№ 808 қаулысымен
бекітілген
Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелер қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдар жанындағы консультациялық-кеңесші орган туралы үлгілік ереже
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелер қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдар жанындағы консультациялық-кеңесші орган туралы үлгілік ереже «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы облысының (республикалық маңызы бар қаласы, астанасы), ауданының (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары жанынан құрылатын консультациялық-кеңесші органның (бұдан әрі - консультациялық-кеңесші орган) мәртебесін және өкілеттіктерін айқындайды.
2
2. Консультациялық-кеңесші орган қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсету, оларды оңалту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне жатқызылған қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерінің қызметі бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін құрылады.
2 2. Консультациялық-кеңесші органның міндеттері
3 3. Консультациялық-кеңесші органның негізгі міндеттері:
1 1) қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерінің қызметіне жәрдемдесу;
2 2) заңнамаға сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің кәсіпорындарында тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуға тапсырыстар орналастыру;
3 3) сотталғандардың еңбегін, оның ішінде бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жазаларын өтеп жатқан адамдарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында коммуналдық қызметтер мен кәсіпорындардың қажеттілігі үшін қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің жанындағы өндірісті дамытуды ұйымдастыру;
4 4) заңнамаға сәйкес сотталғандарды еңбекте пайдалану жолымен қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері мен кәсіпорындарын өңірлік және жергілікті маңызы бар проблемаларды шешуге тарту;
5 5) бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру;
6 6) қайырымдылық концерттерін, кездесулер, дәрістер, сотталғандарға заң консультациялары мен өзге де құқықтық көмекті, спорттық, ағартушылық және мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға, мекемелердің кітапхана қорларын толықтыруға жәрдемдесу;
7 7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
4 4. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жанындағы консультациялық-кеңесші органның міндеттеріне:
1 1) босатылатын сотталғандарды еңбекке және тұрмыстық орналастыруға жәрдемдесу бойынша жергілікті атқарушы органдардың қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерімен өзара іс-қимыл жасасуын үйлестіру;
2 2) қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті, оның ішінде мүгедектер мен зейнеткерлерді мүгедектер және қарттар үйлеріне орналастыруды ұйымдастыру;
3 3) сотталғандардың шағымдары мен өтініштерін қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері әкімшілігінің уақтылы және дұрыс шешуіне жәрдемдесу;
4 4) жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері комиссиясының қызметіне қатысуы;
5 5) сотталғандарды ұстаудың коммуналдық-тұрмыстық және медициналық-санитариялық жағдайларын жақсартуға көмек көрсету;
6 6) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жалпы білім беретін және кәсіптік мектептерді ұйымдастыру бойынша ұсыныстарды қарау жатады.
5 5. Ауданның (облыстық және республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жанындағы консультациялық-кеңесші органның міндеттеріне:
1 1) қылмыстық жаза қолдану тәртібінде қоғамдық жұмыстарға тартылған адамдар үшін қоғамдық жұмыс объектілерін айқындау бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыру;
2 2) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған, сондай-ақ қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларын өтеп жүрген адамдарға еңбекке және тұрмыстық орналасуға, әлеуметтік және өзге де көмектің басқа түрлерін ұйымдастыруға көмек көрсету бойынша ұсыныстарды қарау жатады.
3 3. Консультациялық-кеңесші органының өкілеттіктері
6 6. Консультациялық-кеңесші орган:
1 1) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізеді;
2 2) мемлекеттік органдардан консультациялық-кеңесші органның міндеттерін іске асыру үшін қажетті ақпаратты, материалдарды сұратады және алады;
3 3) заңнамада белгіленген тәртіппен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне, түзеу жұмыстарына сотталғандардың, мерзімінен бұрын шартты түрде, шартты түрде босатылғандардың және бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалау шараларына сотталған басқа да адамдардың жұмыс орындарына барады;
4 4) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің басшыларын, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың басшыларын консультациялық-кеңесші органның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жылына кемінде екі рет тыңдайды.
4 4. Консультациялық-кеңесші органның жұмысын ұйымдастыру
7 7. Жергілікті атқарушы органдардың жанындағы консультациялық-кеңесші орган әкімдіктің қаулысымен құрылады.
8
8. Консультациялық-кеңесші органның құрамы денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар, мәдениет, білім беру, кәсіпкерлік, өнеркәсіп, жер қатынастары, дене шынықтыру салаларында басқаруды және үйлестіруді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар басшыларының қатарынан қалыптастырылады.