О внесении дополнений в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 345
- Қабылданған күні
- 13.06.2014
- Көрсетілген редакция
- 13.06.2014 AI81498_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.06.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14C0009589
- ЭКБ идентификаторы
- 81498
- Редакция идентификаторы
- AI81498_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:25
0 Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына толықтырулар енгізу туралы
Жеке басты анықтау бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қабылдау-тарату орындарының қызметін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай толықтырулар енгізілсін:
«Ішкі істер органдарының қабылдау-тарату орындарында адамдардың жеке басын анықтау жөніндегі іс-шараларды өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 23 мамырдағы № 231 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7029 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 27 тамыздағы № 272-274 (26693-26695) болып жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарының қабылдау-тарату орындарында адамдардың жеке басын анықтау жөніндегі іс-шараларды өткізу ережесінде:
10-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Жедел-криминалистикалық бөліністер мен Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасының есептері бойынша адамның жеке басы анықталмаған жағдайда, дактилоскопиялық карталар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақпараттық-аналитикалық орталығы арқылы Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігі Бас ақпараттық-аналитикалық орталығының базасында жұмыс істейтін Мемлекетаралық ақпараттық банкінің есептері бойынша тексеру үшін жолданады».
2) «Ішкі істер органдары қабылдау-тарату орындарының ішкі тәртіп ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 10 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7417 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 19 мамырдағы № 144-145 (26963-26964) болып жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдары қабылдау-тарату орындарының ішкі тәртіп қағидаларында:
25-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Жедел-криминалистикалық бөліністер мен Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасының есептері бойынша адамның жеке басы анықталмаған жағдайда, дактилоскопиялық карталар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақпараттық-аналитикалық орталығы арқылы Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігі Бас ақпараттық-аналитикалық орталығының базасында жұмыс істейтін Мемлекетаралық ақпараттық банкінің есептері бойынша тексеру үшін жолданады».
3. Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):
осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында кейіннен жариялануын;
осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.
Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.