Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходах местного сообщества Ленинградского сельского округа Сарыкольского района Костанайской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходах местного сообщества Ленинградского сельского округа Сарыкольского района Костанайской области
- Атауы (қаз.)
- Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Ленинград ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 181
- Қабылданған күні
- 25.06.2014
- Көрсетілген редакция
- 01.04.2020 81499_451902.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14NQ004945
- ЭКБ идентификаторы
- 81499
- Редакция идентификаторы
- 81499_451902
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:19
0 Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Ленинград ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары
өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Ленинград ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
2 2. Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Ленинград ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Қостанай облысы
Сарыкөл ауданының Ленинград
ауылдық округінің әкімі
_______________ С. Мақаев
4 Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Ленинград ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Сарыкөл аудандық
мәслихатының 2014 жылғы
25 маусымдағы № 181
шешіміне қосымша
Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Ленинград ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Ленинград ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Ленинград ауылдық округінің Ленинград ауылының тұрғындары үшін
10
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Ленинград ауылдық округінің Вишневка ауылының тұрғындары үшін
1
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Ленинград ауылдық округінің Қарашілік ауылының тұрғындары үшін
3
5 Сарыкөл аудандық мәслихатының
2014 жылғы 25 маусымдағы
№ 181 шешімімен
бекітілген
Қостанай облысы Сарыкөл ауданының
Ленинград ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық
жиындарын өткізудің қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Ленинград ауылдық округінде Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Ленинград ауылдық округ ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2 2. Ленинград ауылдық округінің аумағындағы ауылдардың тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3 3. Бөлек жиынды Ленинград ауылдық округінің әкімі шақырады.
Сарыкөл ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4 4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5 5. Ленинград ауылдық округі ауылдарының шегінде бөлек жиынды өткізуді Ленинград ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында Ленинград ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7 7. Бөлек жиынды Ленинград ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Ленинград ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8 8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Ленинград ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Сарыкөл аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Ленинград ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.