Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходах местного сообщества Тагильского сельского округа Сарыкольского района Костанайской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходах местного сообщества Тагильского сельского округа Сарыкольского района Костанайской области
- Атауы (қаз.)
- Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Тағыл ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 183
- Қабылданған күні
- 25.06.2014
- Көрсетілген редакция
- 25.09.2023 81509_657892.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14NQ004947
- ЭКБ идентификаторы
- 81509
- Редакция идентификаторы
- 81509_657892
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:20
0 Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Тағыл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Тағыл ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
2. Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Тағыл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Қостанай облысы
Сарыкөл ауданының Тағыл
ауылдық округінің әкімі
_______________ С. Сүндетәлин
4 Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Тағыл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Мәслихаттың
2014 жылғы 25 маусымдағы
№ 183 шешіміне
қосымша
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Тағыл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Тағыл ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Тағыл ауылдық округінің Тағыл ауылының тұрғындары үшін
3
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Тағыл ауылдық округінің Соналы ауылының тұрғындары үшін
3
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Тағыл ауылдық округінің Ермаковка ауылының тұрғындары үшін
2
5 Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Тағыл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Сарыкөл аудандық мәслихатының
2014 жылғы 25 маусымдағы
№ 183 шешімімен
бекітілген
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Тағыл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Тағыл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және «Жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және Тағыл ауылдық округінің ауылдар тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар) бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Тағыл ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Тағыл ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
7. Ауыл шегінде жергілікті қоғамдастық бөлек жиынын өткізуді Тағыл ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Тағыл ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Тағыл ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға жергілікті қоғамдастық бөлек жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.