Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходах местного сообщества Барвиновского сельского округа Сарыкольского района Костанайской области

Ереже · № 179 · қабылданған 25.06.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-81518/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходах местного сообщества Барвиновского сельского округа Сарыкольского района Костанайской области Күшін жойған Ереже ·№ 179 ·25.06.2014
14.09.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходах местного сообщества Барвиновского сельского округа Сарыкольского района Костанайской области

Күшін жойған Ереже ·№ 179 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходах местного сообщества Барвиновского сельского округа Сарыкольского района Костанайской области
Атауы (қаз.)
Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Барвинов ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
179
Қабылданған күні
25.06.2014
Көрсетілген редакция
14.09.2020 81518_481599.kaz
Соңғы өзгеріс
14.09.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14NQ004943
ЭКБ идентификаторы
81518
Редакция идентификаторы
81518_481599
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:20

0 Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Барвинов ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары

өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Барвинов ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

2 2. Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Барвинов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Қостанай облысы Сарыкөл
ауданының Барвинов ауылдық
округінің әкімі
_____________ О. Жанбалтин

4 Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Барвинов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Сарыкөл аудандық
мәслихатының 2014 жылғы
25 маусымдағы № 179
шешіміне қосымша
Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Барвинов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Барвинов ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Барвинов ауылдық округінің Барвиновка ауылының тұрғындары үшін
13
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Барвинов ауылдық округінің Новобарвиновка ауылының тұрғындары үшін
1

5 Сарыкөл аудандық мәслихатының

2014 жылғы 25 маусымдағы
№ 179 шешімімен бекітілген
Қостанай облысы Сарыкөл ауданының
Барвинов ауылдық округінде бөлек
жергілікті қоғамдастық жиындарын
өткізудің қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Барвинов ауылдық округінде Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Барвинов ауылдық округ ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2 2. Барвинов ауылдық округінің аумағындағы ауылдардың тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

3 3. Бөлек жиынды Барвинов ауылдық округінің әкімі шақырады.

Сарыкөл ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

4 4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

5 5. Барвинов ауылдық округі ауылдарының шегінде бөлек жиынды өткізуді Барвинов ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында Барвинов ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

7 7. Бөлек жиынды Барвинов ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Барвинов ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

8 8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Барвинов ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Сарыкөл аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Барвинов ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

9 9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

10 10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қойып оны Барвинов ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

Қолданыстағы