Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил регистрации аварийно-спасательных служб и формирований

Бұйрық · № 313 · қабылданған 23.06.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-81522/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил регистрации аварийно-спасательных служб и формирований Күшін жойған Бұйрық ·№ 313 ·23.06.2014
07.11.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.11.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил регистрации аварийно-спасательных служб и формирований

Күшін жойған Бұйрық ·№ 313 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил регистрации аварийно-спасательных служб и формирований
Атауы (қаз.)
Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
313
Қабылданған күні
23.06.2014
Көрсетілген редакция
07.11.2015 AI81522_2.kaz
Соңғы өзгеріс
07.11.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400009601
ЭКБ идентификаторы
81522
Редакция идентификаторы
AI81522_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:22

0 Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу қағидаларын бекіту туралы

«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 33) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар жою департаменті (Д.Ж. Сатылғанов) заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауына жіберуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі В.В. Петровқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2014 жылғы 23 шілдедегі
№ 313 бұйрығымен бекітілген
Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу қағидалары

1 1. Осы авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу қағидалары (бұдан әрі - Қағида) меншік нысанына қарамастан Қазақстан Респубикасындағы авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу тәртібін айқындайды.

2 2. Барлық авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары (бұдан әрі - АҚҚ) бастапқы аттестаттаудан өткеннен кейін және оларға авариялық-құтқару жұмыстарының белгілі бір түрін немесе түрлерін жүргізу құқығына куәлік бергеннен кейін міндетті тіркеуге жатады.

3 3. АҚҚ-ны тіркеуді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі облыстар, Астана және Алматы қалаларының Төтенше жағдайлар департаменттері (бұдан әрі - Департамент) белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

4 4. Тіркеу Қазақстан Республикасының тиісті облыстарында АҚҚ туралы деректерді қалыптастыру мақсатында АҚҚ-ны авариялық-құтқару жұмыстарының белгілі бір түрін немесе түрлерін жүргізу құқығына куәлік берген күннен бастап, он күнтізбелік күн ішінде Департаментте тіркеу есебіне қоюға арналған.

5 5. АҚҚ туралы ақпаратты жинау, есепке алу және сақтау мақсатында Департаменттің тиісті құрылымдық бөлімшелері осы Қағидаға 1 және 2-қосымшаға сәйкес электрондық және қағаз түрінде жеке тізілім (бұдан әрі - тізілімдер) жүргізеді.

6 6. Тізілмдер журнал түрінде болады. Тізілімдердің бір бетіне тек бір АҚҚ туралы мәлімет енгізіледі. Бір бетке екі және одан көп АҚҚ туралы мәліметті енгізуге жол берілмейді

7 7. Беттердің нөмірлері толассыз болып табылады.

8 8. Тізілімдер мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Іс жүргізу бірыңғай мемлекеттік тілде жүргізілетін департаменттерде тізілімдерді жүргізу тек мемлекеттік тілде жүргізіледі.

9 9. АҚҚ орналасқан орнын ауыстыру, қайта бейіндеу немесе жою кезінде АҚҚ басшысы үш жұмыс күні ішінде Департаментке ақпарат береді.

Бұл ретте АҚҚ басшысы тиісті өзгертулерді растайтын құжаттардың көшірмелерін Департаментке ұсынады.

10 10. АҚҚ-ны тіркеуден шығару авариялық-құтқару жұмыстарының белгілі.р түрін немесе түрлерін жүргізу құқығына куәліктің күші жойылған, АҚҚ қайта бейіндеу және жою жағдайларында жүзеге асырылады.

11 11. АҚҚ-ны тіркеуге қою және одан шығару Департаменттің бірінші басшысының немесе оның міндетін атқаратын адамның бұйрығымен ресімделеді.

1 Тізілім (электрондық түрде жүргізіледі)

Авариялық-құтқару қызметтері
мен құралымдарын тіркеу
қағидаларына 1-қосымша
Нысан
Тізілім (электрондық түрде жүргізіледі)
р/с №
Тір­кеу нө­мі­рі
Құ­ра­лым­ның ата­уы
Жүр­гі­зі­ле­тін жұ­мыстың негіз­гі түр­ле­рі
Заң­ды ме­кен­жайы, те­ле­фон
Бас­шы­ның Т.А.Ә., те­ле­фон
Ку­ә­лік­тің нө­мі­рі және бе­рі­л­ген кү­ні
Са­ны
Кү­ні
Тір­ке­уден шы­ға­ру кү­ні
же­ке құ­рам
тех­ни­ка, жү­зу құ­рал­да­ры және бас­қа жаб­дық­тар
ат­те­стат­та­удан өт­кен
ке­ле­сі ат­те­стат­тау
1.
2.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
11.
12.

2 Тізілім (қағаз түрінде түрде жүргізіледі)

Авариялық-құтқару қызметтері
мен құралымдарын тіркеу
қағидаларына 2-қосымша
Нысан
Тізілім (қағаз түрінде түрде жүргізіледі)
р/с
Тір­кеу
Құ­ра­лым­ның
Жүр­гі­зі­ле­тін
Заң­ды ме­кен­жайы,
Бас­шы­ның
Тір­ке­у­ге
Же­ке құ­рам
Тех­ни­ка
Ес­керт­пе

нө­мі­рі
ата­уы
жұ­мыстың негіз­гі түр­ле­рі
те­ле­фон
Т.А.Ә., те­ле­фон
ар­нал­ған негіз, ку­ә­лік нө­мі­рі
са­ны
са­ны
1.
2.
3.
4.
5.
6..
7.
8.
9.
10.

Қолданыстағы