Құжат мәтініне өту

Об организации оплачиваемых общественных работ в Узункольском районе

Қаулы · № 143 · қабылданған 26.06.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-81524/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об организации оплачиваемых общественных работ в Узункольском районе Күшін жойған Қаулы ·№ 143 ·26.06.2014
05.01.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации оплачиваемых общественных работ в Узункольском районе

Күшін жойған Қаулы ·№ 143 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации оплачиваемых общественных работ в Узункольском районе
Атауы (қаз.)
Ұзынкөл ауданында ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
143
Қабылданған күні
26.06.2014
Көрсетілген редакция
05.01.2016 81524_51562.kaz
Соңғы өзгеріс
05.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14NS004950
ЭКБ идентификаторы
81524
Редакция идентификаторы
81524_51562
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:18

0 Ұзынкөл ауданында ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5) тармақшасына, 20 бабына сәйкес Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Бекітілсін:

1 1) осы қаулының қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты жағдайлары;

2 2) қоғамдық жұмыстарда жұмыспен қамтылған азаматтардың еңбегіне төленетін ақы аудандық бюджет қаражатынан ең төменгi айлық жалақының 1,5 мөлшерiнде.

2 2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру "Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тізбеде белгіленген ұйымдар арасында, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған шартта көрсетілген жағдайларда жүргізілсін.

3 3. "Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесi:

1 1) аудандық бюджет қаражатынан қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбек ақысын өтеу, оның ішінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген міндетті зейнетақы жарналарын, табыс салығын төлеу үшін жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына ақшалай қаражатты аударсын;

2

2) аудандық бюджеттен жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгiленген мөлшерде мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтік салық және әлеуметтiк аударымдарды төлеуге арналған шығындар, жалақыны аудару мен төлеу бойынша екiншi деңгейдегi банктердiң қызметi үшiн комиссиялық сыйақы төлеуге арналған шығындар шартпен белгiленген мөлшерде өтесiн.

4

4. Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 11 наурыздағы № 65 "Ұзынкөл ауданында ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4077 тіркелген, 2013 жылғы 4 сәуірде "Нұрлы жол" аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Қ. Қабылдинға жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛIСIЛДI:
Қостанай облысы әкімдігі денсаулық
сақтау басқармасының "Ұзынкөл аудандық
орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік
кәсіпорны бас дәрігерінің міндетін атқарушы
____________________ М. Ағайдарова

11 Ұзынкөл ауданы әкімдігінің

2014 жылғы 26 маусымдағы № 143
қаулысына қосымша
Ұйымдардың тізбесі, қоғамдық
жұмыстардың түрлері, көлемі және
нақты жағдайлары

Ұйымның атауы
Жұмыс түрлері
Жұмыс көлемі
Нақты жағдайлары
1.
Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Ұзынкөл аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Ұзынкөл ауданының ауылдық округтері мен ауылдарының аумақтарын жинау және абаттандыру бойынша күнделікті жұмыстарға көмек.
175112 сағат
Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен қарастырылған шектеулерді есепке ала отырып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен.

Қолданыстағы