Құжат мәтініне өту

Об утверждении профессионального стандарта "Аппаратчики в производстве продукции хромовых соединений"

Бұйрық · № 448 · қабылданған 27.12.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-81542/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении профессионального стандарта "Аппаратчики в производстве продукции хромовых соединений" Күшін жойған Бұйрық ·№ 448 ·27.12.2013
30.03.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении профессионального стандарта "Аппаратчики в производстве продукции хромовых соединений"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 448 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении профессионального стандарта "Аппаратчики в производстве продукции хромовых соединений"
Атауы (қаз.)
"Хромды қосылысты өнімдерін өндірудегі аппаратшылар" кәсіби стандартын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
448
Қабылданған күні
27.12.2013
Көрсетілген редакция
30.03.2016 AI81542_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.03.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300009382
ЭКБ идентификаторы
81542
Редакция идентификаторы
AI81542_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:16

0 "Хромды қосылысты өнімдерін өндірудегі аппаратшылар" кәсіби стандартын бекіту туралы

2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріп отырған «Хромды қосылысты өнімдерін өндірудегі

аппаратшылар» кәсіби стандарты бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар

министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (Б.А. Қасымбеков) заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың

мемлекеттік тіркелуін;

2 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3 «Хром қосылыстары өнімдерін өндіру аппаратшысы» кәсіби стандарты

3) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықтың орналасуын қамтамасыз етсін.
3 Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4 Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік-қорғау министрі
____________Т Дүйсенова
2014 жылғы 26 наурыз
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
міндетін атқарушының
2013 жылғы 27 желтоқсанда
№ 448 бұйрығымен
бекітілген
«Хром қосылыстары өнімдерін өндіру аппаратшысы» кәсіби стандарты

1 1. Жалпы ережелер

1 1. «Хром қосылыстары өнімдерін өндіру аппаратшысы» кәсіби стандарты (бұдан әрі - КС) біліктілік, құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және шарттарына қойылатын талаптарды айқындайды және:

1 1) кәсіби қызметтің мазмұнына, еңбек нарығының заманауи талаптарына жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға қойылатын бірыңғай талаптарды белгілеуге;

2 2) персоналды басқару саласында кең шеңбердегі міндеттерді шешуге;

3 3) білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеуге, сондай-ақ тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;

4 4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалауға және біліктілігінің сәйкестігін растауға арналған.

2 2. Кәсіби стандарттардың негізгі қолданушылары:

1 1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлері;

2 2) ұйым басшылары мен қызметкерлері, ұйымдардың персоналды басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;

3 3) білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;

4 4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігінің сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады.

3 3. КС негізінде қызметтің, лауазымның, біліктілікті арттырудың, қызметкерлерді аттестаттаудың, еңбекті ынталандыру жүйесінің және тағы басқалардың функционалдық модельдеріне арналған ішкі, корпоративтік стандарттар әзірленуі мүмкін.

4 4. Осы кәсіби стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1 1) біліктілік – қызметкердің еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайын болуы;

2 2) біліктілік деңгейі – күрделілік параметрлері, еңбек әрекеттерінің стандартты болмауы, жауапкершілігі және дербестігі бойынша сараланатын қызметкерлердің құзыреттілігіне қойылатын талаптар жиынтығы;

3 3) еңбек заты – белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-әрекеті бағытталатын зат;

4 4) еңбек құралдары – еңбек затын бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін қызметкер пайдаланатын құралдар;

5 5) еңбек қызметінің түрі - еңбек функцияларының тұтас жинағымен және оларды орындау үшін қажетті құзыреттіліктермен қалыптастырылған кәсіптік қызмет саласының құрамдас бөлігі;

6 6) еңбек функциясы – еңбек үдерісінің бір немесе бірнеше міндетін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы;

7 7) кәсіптік қызмет саласы – біріккен ортақ негізі бар (ұқсас немесе жуық мақсат, нысандар, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) және оларды орындау үшін ұқсас еңбек функциялары мен құзыреттер жинағы бар сала қызметі түрлерінің жиынтығы;

8 8) КС – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік, құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және шарттарына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;

9 9) кәсіби стандарт бірлігі – еңбек қызметінің осы түрі үшін тұтас, аяқталған, едәуір дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының толық сипаттамасынан тұратын кәсіптік стандарттың құрылымдық элементі;

10 10) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;

11 11) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі мен тәжірибесін қолдану қабілеті;

12 12) лауазым – ұйымның ұйымдастырушылық-әкімшілік сатысы жүйесіндегі функционалдық орын;

13 13) міндет – нақты бір еңбек заттары мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асыруға байланысты іс-қимыл жиынтығы;

14 14) сала – шығарылатын өнімде, өндіріс технологиясында, негізгі қорларда және жұмыскерлердің кәсіптік дағдыларында ортақтық болатын кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы;

15 15) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – салада құпталатын біліктілік деңгейлерінің құрылымданған сипаттамасы;

16 16) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында құпталатын біліктілік деңгейлерінің құрылымданған сипаттамасы;

17 17) функционалдық карта – кәсіптік қызметтің белгілі бір саласы шеңберінде белгілі бір қызмет түрін атқаратын қызметкер орындайтын еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымданған сипаттамасы.

2 2. КС паспорты

5 5. КС паспорты мыналарды айқындайды:

1 1) экономикалық қызмет түрі (кәсіптік қызмет саласы): 20. Химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі.

Кәсіптік қызмет саласының негізгі мақсаты: Хром қосылыстарын өндіру.

2 2) кәсіптік қызмет саласының негізгі мақсаты: Хром қосылыстарын өндірудің технологиялық процесін қамтамасыз ету;

3 3) еңбек қызметінің, кәсіптің түрлері, біліктілік деңгейлері осы кәсіби стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.

3 3. Еңбек қызметі (кәсіп) түрлерінің карточкалары

1 1-параграф «Хром қосылыстарын өндіру аппаратшысы»

6 6. Еңбек қызметі (кәсіп) түрінің карточкаcында мыналар тұрады:

1 1) біліктілік деңгейі: СБШ бойынша – 4;

2 2) Қазақстан Республикасындағы қызметтердің мемлекеттік жіктеуіші бойынша базалық топ (бұдан әрі – ҚР МЖ 01 – 2005): 8159 «Химиялық және мұнайхимиялық шикізатты қайта өңдеу жөніндегі қондырғылардың өзге топтарға енбеген аппаратшылары, операторлары және машинистері»;

3 3) лауазымның ықтимал атаулары: аппаратшы, бейтараптау цехының аппаратшысы, ыдырату цехының аппаратшысы, қалпына келтіру цехының аппаратшысы, булау цехының аппаратшысы, кристалдау бөлімінің аппаратшысы, сүзгі бөлімінің аппаратшысы, үйірткілеу бөлімінің аппаратшысы, кептіру цехының аппаратшысы;

4

4) орындалатын қызметтің жалпы сипаттамасы: хром қосылыстарын өндірудің технологиялық процестерін жүргізу бойынша жұмыстарды үйлестіру (хром ангидриді, калий және натрий бихроматы, натрий монохроматы, хром тотығы): бейтараптау, ыдырату, қалпына келтіру, буландыру, кристалдау, сүзу, үйірткілеу, кептіру; бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және химиялық талдаулардың нәтижелері бойынша технологиялық процестер барысын, дайын өнімнің шығуын және сапасын, басқа цехтарға шала өнімдер мен өнімдерді беру мен қабылдауды бақылау; химиялық теңдеулерді қолданып есептеулер орындау; барлық жабдық жұмысын қадағалау, өндіріске қатысатын аппаратшыларды басқару;

5 5) қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланыс осы КС-қа 2-қосымшаның 1-кестесінде көрсетілген;

6 6) еңбек шарттарына, білімге және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС-қа 2-қосымшаның 2-кестесінде көрсетілген.

4 4. КС бірліктерінің тізбесі

7 7. КС бірліктерінің тізбесі осы КС-қа 3-қосымшаның кестесінде келтірілген және ҚС бірлігінің шифры мен атауын қамтиды.

5 5. КС бірліктерінің сипаттамасы

8 8. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС-қа 4-қосымшаның кестесінде келтірілген.

6 6. Осы кәсіби стандарт негізінде берілетін сертификаттар түрлері

9 9. Мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігінің сәйкестігін растау саласындағы ұйымдар осы КС негізінде сертификаттар береді.

10 10. Осы кәсіби стандарт негізінде берілетін сертификат түрлері сертификат алу үшін игерілуі қажет кәсіби стандарт бірліктерінің тізбесіне сәйкес анықталады, бұлар осы КС 3-қосымшасында көзделген.

7 7. Кәсіби стандартты әзірлеушілер, келісу парағы, сараптама және КС тіркеу

11 11. КС әзірлеуші Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі болып табылады.

12 Еңбек қызметінің (кәсіптің) біліктілік деңгейлері бойынша түрлері

12. КС келісу парағы осы КС-қа 5-қосымшада келтірілген.
«Хром қосылыстарын өндіру
аппаратшысы» кәсіби стандартына
1-қосымша
Еңбек қызметінің (кәсіптің) біліктілік деңгейлері бойынша түрлері
Р/с №
Ең­бек қыз­ме­ті тү­рі­нің ата­уы
Ең­бек на­ры­ғы үр­ді­сі ес­ке­рі­л­ген кә­сіп ата­уы
ҚР МЖ 01-2005 сәй­кес кә­сіп ата­уы
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
БТ­БА бой­ын­ша раз­ря­ды
1.
Хром қо­сы­лы­ста­рын өн­ді­ру­де­гі тех­но­ло­ги­я­лық про­це­стер­дің же­ке­ле­ген са­ты­ла­рын жүр­гі­зу: бей­та­рап­тау, ыды­ра­ту, қал­пы­на кел­ті­ру, бу­лан­ды­ру, кри­стал­дау, сү­зу, үй­ірт­кі­леу, кеп­ті­ру
Хром қо­сы­лы­ста­рын өн­ді­ру ап­па­рат­шы­сы
Хром қо­сы­лы­ста­рын өн­ді­ру ап­па­рат­шы­сы
4
6
Ескертпе: БТБА – Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 426-ө-м бұйрығымен бекітілген 52-шығарылым.
«Хром қосылыстарын өндіру
аппаратшысы» кәсіби стандартына
2-қосымша
1-кесте
Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланыс
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қыз­мет­тер­дің мем­ле­кет­тік жік­те­уі­ші (ҚМЖ)
Ба­за­лық топ
8159 «Хи­ми­я­лық және мұ­най­хи­ми­я­лық ши­кі­затты қай­та өң­деу жө­нін­де­гі қон­дыр­ғы­лар­дың өзге топ­тар­ға ен­бе­ген ап­па­рат­шы­ла­ры, опе­ра­тор­ла­ры және ма­ши­ни­сте­рі»
Жұ­мыс­шы­лар­дың жұ­мыста­ры мен кә­сіп­те­рі­нің бі­рың­ғай та­риф­тік-бі­лік­ті­лік анық­та­ма­лы­ғы (БТ­БА)
БТ­БА шы­ға­ры­лы­мы, бө­лі­мі
25-шы­ға­ры­лым. 2 -бө­лім. Негіз­гі хи­мия өн­ді­рі­сте­рі
БТ­БА бой­ын­ша кә­сі­бі
Хром қо­сы­лы­ста­рын өн­ді­ру ап­па­рат­шы­сы, 6-р.
Са­ла­лық бі­лік­ті­лік шең­бе­рі­нің бі­лік­ті­лік дең­гейі
БТ­БА бой­ын­ша раз­ряд­тар
4
6
2-кесте
Еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кә­сіп бой­ын­ша бо­луы мүм­кін жұ­мыс орын­да­ры (кә­сі­по­рын­дар, ұй­ым­дар)
Хи­мия өнер­к­ә­сі­бі кә­сі­по­рын­да­рын­да жаб­дық­тал­ған және ат­те­стат­тал­ған жұ­мыс орын­да­ры
Зи­ян­ды және қа­уіп­ті ең­бек шар­тта­ры
Ауа­ның тө­мен не жо­ға­ры тем­пе­ра­ту­ра­сы, зи­ян­ды заттар­дың неме­се га­з­дар­дың ба­рын­ша рұқ­сат еті­ле­тін шо­ғыр­ла­нуы­ның ық­ти­мал ар­туы. хи­ми­я­лық ре­а­гент­тер ай­да­ла­ны­лып, сон­дай-ақ олар­ды сақ­тап (қой­ма­лап) жүр­гі­зі­ле­тін жұ­мыстар.
Қыш­қыл­дар, сі­л­ті­лер, ал­лер­ген­дер, түр­лі ны­сан­дар­да­ғы қа­уіп­ті хи­ми­я­лық заттек­тер. Ес­пе жел, хи­ми­я­лық заттек­тер мен олар­дың бу­ла­ры­ның әсе­ріне тү­се­ді
Жұ­мысқа жі­бе­ру­дің ерекше шар­тта­ры
ҚР Ең­бек Ко­дек­сі (17.01.2014 ж. жағ­дай бой­ын­ша өзге­рі­стер мен то­лық­ты­ру­лар­мен)
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның «Қа­уіп­ті өн­ді­рі­стік объ­ек­ті­лер­де­гі өнер­к­ә­сіп­тік қа­уіп­сіз­дік ту­ра­лы» 2002 жы­л­ғы 3 сәу­ір­де­гі № 314 За­ңы
Ха­лық ден­са­улы­ғы және ден­са­улық сақ­тау жүй­е­сі ту­ра­лы ҚР ко­дек­сі (04.07.2013 ж. өзге­рі­стер мен то­лық­ты­ру­лар­мен)
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
Кә­сі­би бі­лім және оқы­ту дең­гейі
Та­лап еті­ле­тін жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі
4
Жо­ға­ры дең­гей­де­гі тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік бі­лім (қо­сым­ша кә­сіп­тік да­яр­лық), прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе
Та­лап етіл­мей­ді
«Хром қосылыстарын өндіру
аппаратшысы»
кәсіби стандартына
3-қосымша
Кесте
КС бірліктерінің тізбесі Еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі «Хром қосылыстарын өндіру аппаратшысы»
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның шиф­ры
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның ата­уы (кә­сі­би стан­дарт бір­лі­гі­нің) ата­уы
Ф 1
Хром қо­сы­лы­ста­рын (хром ан­гид­ри­ді, ка­лий және на­трий би­хро­ма­ты, на­трий мо­но­хро­ма­ты, хром то­тығы) өн­ді­ру­дің тех­но­ло­ги­я­лық про­це­сте­рін жүр­гі­зу: бей­та­рап­тау, ыды­ра­ту, қал­пы­на кел­ті­ру, бу­лан­ды­ру, кри­стал­дау, сү­зу, үй­ірт­кі­леу, кеп­ті­ру
Ф 2
Хром қо­сы­лы­ста­рын өн­ді­ру­дің тех­но­ло­ги­я­лық про­це­сі па­ра­метр­ле­рі­нің өзге­рі­сін ес­ке­ре оты­рып, іс-әре­кет­тер­ді тал­дау және тү­зе­ту
Ф 3
Орын­да­ла­тын жұ­мыстар­дың са­па­сын, дай­ын өнім­нің са­па­сын, бас­қа цех­тар­ға ша­ла өнім­дер мен өнім­дер­ді бе­ру мен қа­был­да­уды ба­қы­лау
Ескертпе: Ф – функция.
«Хром қосылыстарын өндіру
аппаратшысы»
кәсіби стандартына
4-қосымша
Кесте
Кәсіби стандарт бірліктерінің сипаттамасы (функционалдық карта)
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның шиф­ры
Ең­бек затта­ры
Ең­бек құ­рал­да­ры
Мін­дет­тер (ең­бек әре­кет­те­рі)
Тұ­лға­лық және кә­сі­би құ­зы­рет­тер
Бі­лік және дағ­ды
Бі­лім
Ф 1
Хро­мит ру­да­сы, со­да, әк неме­се до­ло­мит.
На­трий мо­но­хро­ма­ты, кү­кірт қыш­қы­лы.
На­трий неме­се ка­лий би­хро­ма­ты. Кү­кірт. Хром то­тығы
Күй­ді­ру пе­ші. Ыды­ра­ту­ға ар­нал­ған ре­ак­тор;ва­ку­ум-бу­ла­у­ап­па­ра­ты;бей­та­рап­тан­дыр­ғыш;ор­та­дан теп­кіш сор­ғы; кри­стал­да­ғыш;би­хро­мат бал­қы­ма­сын жи­на­ғыш;
кү­кірт қыш­қы­лы ба­гы; тұн­дыр­ғыш;
қа­быр­шақ­та­у­ға ар­нал­ған ап­па­рат, шөп­тік; мо­но­хро­мат ері­т­ін­ді­сі­нің жи­на­ғы; со­да бун­ке­рі; со­да ері­т­ін­ді­сіне ар­нал­ған бак; скруб­бер; ай­нал­ды­ру ба­гы;
ги­по­хло­рит ері­т­ін­ді­сіне ар­нал­ған бак; сүз­гіш-жа­ны­шпа; ері­т­ін­ді­ні ағар­ту­ға ар­нал­ған бак.
З 1-1 Хром қо­сы­лы­ста­рын өн­ді­ру­ге ар­нал­ған ши­кі­затты (тех­но­ло­ги­я­лық қо­с­па­лар­ды, ара­лық өнім­дер­ді) дай­ын­дау және олар­ды ыды­ра­ту­ға, қал­пы­на кел­ті­ру­ге, бу­ла­у­ға, бей­та­рап­та­у­ға, кри­стал­да­у­ға, сүзу­ге, үй­ірт­кі­ле­у­ге, кеп­ті­ру­ге ар­нал­ған жаб­дық­тар­ға жүк­теу.
Жаб­дық­тар­ды та­зар­ту, ап­па­рат­тар­ды шаю. Тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­қа қыз­мет көр­се­ту. Жаб­дық­ты жөн­де­у­ге дай­ын­дау
Хром қо­сы­лы­ста­рын өн­ді­ру ке­зін­де тех­но­ло­ги­я­лық ре­жим­дер­дің бұ­зы­луы анық­тал­ған жағ­дай­да өзді­гі­нен ше­шім­дер қа­был­дау.
Стан­дарт­ты прак­ти­ка­лық тап­сыр­ма­лар­ды са­па­лы орын­дау, жос­пар­лау, қой­ы­л­ған мін­дет­тер­ді орын­дау тә­сіл­де­рін таң­дай бі­лу дағдысы бо­лу. Улан­дыр­ғы­штығы жо­ға­ры заттар­мен жұ­мыс іс­тей бі­лу.
Өн­ді­рі­стік нәти­же­лер­ді тал­да­удың және ши­кі­зат пен алын­ған өнім шы­ғы­сы­ның қа­ра­пай­ым ба­лан­стық есеп­те­уле­рін жүр­гі­зу­дің негіз­де­рі; Есеп­те­улер­ді хи­ми­я­лық тең­де­улер­ді пай­да­ла­нып орын­дау.
З 1-2 Аг­ре­гат­тар­дың, ап­па­рат­тар­дың ағым­да­ғы жағ­дай­ын тек­се­ру, жұ­мыс ауы­сы­мын қа­был­дау, тап­сы­ру ке­зін­де өл­шеу құ­рал­да­ры­ның көр­сет­кіш­те­рін бел­гі­леп бе­кі­ту.
Ағым­да­ғы жағ­дай­лар­ды ше­шу, қол астын­да­ғы жұ­мыс­кер­лер­дің мін­дет­те­рін анық­тау ке­зін­де­гі дер­бес­тік, және қа­был­да­на­тын ше­шім­дер үшін, қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау жө­нін­де­гі та­лап­тар­ды орын­дау үшін жа­у­ап­кер­ші­лік. алын­ған өнім­нің са­па­сын тал­дау ке­зін­де нәти­же­сі үшін жа­у­ап­ты­лық.
Алын­ған өнім­нің са­па­сын тал­дау ке­зін­де қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сы­ның сақ­та­луын, шы­ға­рын­ды­лар­ды, өн­ді­ріс қал­дық­та­ры­ның кә­де­ге жа­ра­ты­луын ба­қы­лау
Алын­ған тап­сыр­ма­лар­ды тал­дау, қол астын­да­ғы­лар­дың қыз­ме­ті­нің нәти­же­сін ба­ға­лау. қыз­мет­кер­лер­ді бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру­ға ын­та­лан­ды­ра­ды.
хром то­тығ­ын, хром ан­гид­ри­дін, ка­лий және на­трий би­хро­ма­тын, на­трий мо­но­хро­ма­тын өн­ді­ру­дің тех­но­ло­ги­я­лық сыз­ба­сы. Про­це­стер­дің фи­зи­ка­лық-хи­ми­я­лық негіз­де­рі және мәні.
З 1-3 Негіз­гі жаб­дық жұ­мысы көр­сет­кіш­те­рі­нің хром қо­сы­лы­ста­рын өн­ді­ру­дің тех­но­ло­ги­я­лық ре­гла­мент­те­ріне, тех­но­ло­ги­я­лық са­ты­ла­рын жүр­гі­зу­дің тех­ни­ка­лық нұс­қа­улық­та­ры­на сәй­кест­і­гін ба­қы­лау. Жаб­дық­ты тек­се­ру­ді дер­бес ұй­ым­да­сты­ра­ды, жұ­мыс жағ­дайы мен олар­дың бо­лжал­ды өзге­рі­сте­ріне тал­дау жүр­гі­зе­ді
Ыды­ра­ту, қал­пы­на кел­ті­ру, бу­лау, бей­та­рап­тау, кри­стал­дау, сү­зу, үй­ірт­кі­леу, кеп­ті­ру са­ты­ла­рын­да тех­но­ло­ги­я­лық про­цесс па­ра­метр­ле­рі­нің өзге­ру се­беп­те­рін дер­бес анық­тау.
Про­цесс ба­ры­сы­ның бұ­зы­луын және жаб­дық жұ­мысын­да­ғы ақа­у­лар­ды жою бой­ын­ша ша­ра­лар қа­был­да­у­ға жа­у­ап­ты­лық.
Раз­ря­ды неғұр­лым жо­ға­ры ап­па­рат­шы­лар­ды және учас­ке дис­пет­че­рін дер уа­қы­тын­да ха­бар­дар ету.
Стан­дарт­ты емес әр түр­лі жағ­дай­лар­да өзін-өзі ұй­ым­да­сты­ру, ең­бек затта­ры мен құ­рал­да­рын пай­да­ла­на бі­лу дағдыс­ын көр­се­те­ді. Күр­де­лі емес жөн­деу жұ­мыста­рын орын­дау және ба­қы­лау-өл­шеу ас­пап­та­рын тү­зе­ту
З 1-4 Негіз­гі жаб­дық жұ­мысы көр­сет­кіш­те­рі­нің хром қо­сы­лы­ста­рын өн­ді­ру­дің тех­но­ло­ги­я­лық ре­гла­мент­те­ріне, тех­но­ло­ги­я­лық са­ты­ла­рын жүр­гі­зу­дің тех­ни­ка­лық нұс­қа­улық­та­ры­на сәй­кест­і­гін ба­қы­лау. Жаб­дық­ты тек­се­ру­ді дер­бес ұй­ым­да­сты­ра­ды, жұ­мыс жағ­дайы мен олар­дың бо­лжал­ды өзге­рі­сте­ріне тал­дау жүр­гі­зе­ді.
Ас­пап­тар­дың және ав­то­ма­ти­ка құ­рал­да­ры­ның көр­сет­кіш­те­рі бой­ын­ша жаб­дық жұ­мысын тек­се­ру­ді дер­бес ұй­ым­да­сты­ра­ды, жұ­мыс жағ­дай­ы­на және бо­луы мүм­кін өзге­рі­стер­ге тал­дау жа­сай­ды.
Жұ­мыс ба­бын­да­ғы жағ­дай­лар­ды және оның бо­лжал­ды өзге­рі­сте­рін өз бе­ті­мен тал­да­уды та­лап ете­тін әр түр­лі прак­ти­ка­лық мін­дет­тер­ді ше­шу.
Өн­ді­рі­стің нақ­ты жұ­мыс учас­ке­сін­де­гі тех­но­ло­ги­я­лық сыз­ба­сы.
З 1-5 Хром қо­сы­лы­ста­ры (хром ан­гид­ри­ді, ка­лий және на­трий би­хро­ма­ты, на­трий мо­но­хро­ма­ты, хром то­тығы) өн­ді­рі­сін­де жұ­мыс іс­тей­тін ап­па­рат­шы­лар­дың жұ­мысын ба­қы­лау және үй­ле­сті­ру
Өзі­нің оқуы­на және бас­қа­лар­ды оқы­ту­ға жа­у­ап­ты­лық.
Өнім қоз­ға­лы­сы­ның марш­рут па­рақ­та­рын әзір­леу және тал­дау ке­зін­де және өн­ді­рі­стің әр түр­лі са­ты­ла­ры бой­ын­ша дер­бес­тік.
Қой­ы­л­ған мін­дет­ті негіз­ге ала оты­рып, қыз­мет­ті жос­пар­лау қа­бі­ле­ті.
Негіз­гі және кө­мек­ші жаб­дық­тар­дың, ба­қы­лау-өл­шеу ас­пап­та­ры­ның, ав­то­ма­ти­ка құ­рал­да­ры­ның құ­ры­лы­сы; ком­му­ни­ка­ци­я­лар сыз­ба­сы.
Ф 2
Хро­мит ру­да­сы, со­да, әк неме­се до­ло­мит.
На­трий мо­но­хро­ма­ты, кү­кірт қыш­қы­лы.
На­трий неме­се ка­лий би­хро­ма­ты. Кү­кірт. Хром то­тығы
Ба­қы­лау-өл­шеу ас­пап­та­ры және құ­рал­дар – шы­ғын өл­ше­гіш­тер, дең­гей өл­ше­гіш­тер, тем­пе­ра­ту­ра мен қы­сым бер­гіш­тер. Негіз­гі және кө­мек­ші жаб­дық­тар, ап­па­рат­тар
З 2-1 Хром қо­сы­лы­ста­рын өн­ді­ру­дің тех­но­ло­ги­я­лық про­це­сі­нің па­ра­метр­ле­рі өзгер­ген кез­де жаб­дық­тың жұ­мысын тү­зе­ту. Бас­қа өн­ді­рі­стік учас­ке­лер­мен жұ­мысты үй­ле­сті­ру
Әр­бір бө­лім­ше­нің жұ­мыс са­па­сын дер­бес тал­дау және түп­кі өнім­нің (хром ан­гид­ри­ді­нің, ка­лий және на­трий би­хро­ма­ты­ның, на­трий мо­но­хро­ма­ты­ның хром то­тығ­ы­ның) са­па­сы­на тигі­зе­тін әсе­рін анық­тау.
Қой­ы­л­ған мін­дет­ті негіз­ге ала оты­рып, қыз­мет­ті жос­пар­лау қа­бі­ле­ті
Па­ра­метр­лер мен ре­жим­дер­дің тех­но­ло­ги­я­лық про­цесс са­ты­ла­ры бой­ын­ша нор­ма­тив­тік кө­рет­кіш­те­рі
З 2-2 Ба­қы­лау-өл­шеу құ­рал­да­ры­ның, ав­то­ма­ти­ка құ­рал­да­ры­ның көр­сет­кіш­те­рін, қыз­мет көр­се­ті­ле­тін жаб­дық­тың жағ­дайы мен жұ­мысын қа­да­ға­лау.
Өн­ді­рі­стің әр түр­лі са­ты­ла­рын­да ба­қы­лау сы­на­ма­ла­рын ірік­те­уді және тал­да­уды ұй­ым­да­сты­ра­ды.
Зерт­ха­на­лық жаб­дық­та жұ­мыс іс­теу, құ­рал-сай­ман­дар­мен және тал­да­ғы­штарр­мен жұ­мыс
Сы­на­ма­лар ірік­теу мен дай­ын­да­удың, тал­дау мен зерт­те­удің әді­сте­ме­ле­рі, тех­ни­ка­лық­та­лап­тар және стан­дарт­тар
З 2-3 Хром қо­сы­лы­ста­рын өн­ді­ру ке­зін­де ыды­ра­ту, қал­пы­на кел­ті­ру, бу­лау, бей­та­рап­тау, кри­стал­дау, сү­зу, үй­ірт­кі­леу, кеп­ті­ру бө­лім­ше­ле­рі ап­па­рат­шы­ла­ры­ның жұ­мысын үй­ле­сті­ру.
Сы­на­ма­лар ірік­теу мен өң­де­уді дер­бес ұй­ым­да­сты­ру және тал­дау жүр­гі­зу.
Ба­қы­лау-өл­шеу ас­пап­та­ры­ның көр­сет­кіш­те­рін және хи­ми­я­лық тал­да­у­лар­дың нәти­же­сін тал­дай бі­лу
Ши­кі­заттың, өнім­дер­дің, ара­лық өнім­дер­дің, өн­ді­ріс қал­дық­та­ры­ның фи­зи­ка-хи­ми­я­лық және тех­но­ло­ги­я­лық қа­си­ет­те­рі. Негіз­гі және кө­мек­ші жаб­дық­тар­дың құ­ры­лы­сы, жұ­мыс қа­ғи­да­сы.
Ф 3
Хро­мит ру­да­сы, со­да, әк неме­се до­ло­мит.
На­трий мо­но­хро­ма­ты, кү­кірт қыш­қы­лы.
На­трий неме­се ка­лий би­хро­ма­ты. Кү­кірт. Хром то­тығы
Хи­мия-ана­ли­ти­ка­лық,
тех­ни­ка­лық ап­па­ра­ту­ра, сы­на­ма­лар ірік­теу және тал­да­у­ға ар­нал­ған құ­рал­дар
З 3-1 Хром қо­сы­лы­ста­рын өн­ді­ру ке­зін­де ыды­ра­ту, қал­пы­на кел­ті­ру, бу­лау, бей­та­рап­тау, кри­стал­дау, сү­зу, үй­ірт­кі­леу, кеп­ті­ру си­яқ­ты тех­но­ло­ги­я­лық про­це­стің бар­лық са­ты­ла­рын­да орын­да­ла­тын жұ­мыстар­дың са­па­сын ба­қы­лау.
Бас­қа­ру­шы­лық қа­бі­лет, өзін-өзі үне­мі же­тіл­ді­ру және бас­қа­лар­ды оқы­ту
Бө­лім­ше­нің жұ­мысы ту­ра­лы анық­та­ма­лар, есеп­тер, пре­зен­та­ци­я­лар дай­ын­дау.
Ши­кі­зат пен дай­ын өнім­ге ар­нал­ған стан­дарт­тар, тех­ни­ка­лық шар­ттар.
З 3-2 Өн­ді­рі­стің түр­лі са­ты­ла­рын­да ба­стап­қы ши­кі­зат, ма­те­ри­ал­дар, өнім­дер мен дай­ын хром қо­сы­лы­ста­рын ба­қы­лап, тал­дау жүр­гі­зу
Өн­ді­рі­стің әр түр­лі са­ты­ла­рын­да ба­қы­лау сы­на­ма­ла­рын ірік­те­уді және тал­да­уды ұй­ым­да­сты­ра­ды.
Зерт­ха­на­лық жаб­дық­та жұ­мыс іс­теу, құ­рал-сай­ман­дар­мен және тал­да­ғы­штар­мен жұ­мыс
Сы­на­ма­лар ірік­теу мен дай­ын­да­удың, тал­дау мен зерт­те­удің әді­сте­ме­ле­рі, тех­ни­ка­лық­та­лап­тар және стан­дарт­тар
З 3-3 Тех­но­ло­ги­я­лық көр­сет­кіш­тер бой­ын­ша про­це­стер ба­ры­сын ба­қы­лау: дай­ын өнім­нің шы­ғуы мен са­па­сы, ша­ла өнім­дер мен өнім­дер­ді бас­қа цех­тар­ға бе­ру және қа­был­дау.
Сы­на­ма­лар­ды ірік­теу мен өң­де­уді дер­бес ұй­ым­да­сты­ру және тал­дау жүр­гі­зу.
Ба­қы­лау-өл­шеу ас­пап­та­ры­ның көр­сет­кіш­те­рін және хи­ми­я­лық тал­да­у­лар­дың нәти­же­сін тал­дай бі­лу.
Ши­кі­заттың, өнім­дер­дің, ара­лық өнім­дер­дің, өн­ді­ріс қал­дық­та­ры­ның фи­зи­ка-хи­ми­я­лық және тех­но­ло­ги­я­лық қа­си­ет­те­рі. Негіз­гі және кө­мек­ші жаб­дық­тар­дың құ­ры­лы­сы, жұ­мыс қа­ғи­да­сы..
З 3-4 Бі­лік­ті­лі­гі тө­ме­ні­рек ап­па­рат­шы­лар­ды бас­қа­ру, тех­но­ло­ги­я­лық жур­нал­да жа­з­ба­лар жүр­гі­зу.
Бас­қа­ру­шы­лық қа­бі­лет, өзін-өзі үне­мі же­тіл­ді­ру және бас­қа­лар­ды оқы­ту
Бө­лім­ше­нің жұ­мысы ту­ра­лы анық­та­ма­лар, есеп­тер пре­зен­та­ци­я­лар дай­ын­дау.
Ши­кі­зат пен дай­ын өнім­ге ар­нал­ған стан­дарт­тар, тех­ни­ка­лық шар­ттар.
«Хром қосылыстары өнімдерін өндіру
аппаратшысы» кәсіби стандартына
5-қосымша
Келісу парағы
Ұй­ым­ның ата­уы
Ке­лі­сі­л­ген кү­ні
1. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стр­лі­гі
2013 жы­л­ғы 23 жел­тоқ­сан­да­ғы № 04-3-1-22/16719

14 14. Осы кәсіби cтандарт _______________________________________

_______________________________________________ тіркелді.
Кәсіби стандарт Кәсіби стандарттар тізіліміне тіркеу
№______________болып енгізілді.
Хат (хаттама) № _________________ Күні _________________________

Қолданыстағы