Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
- Атауы (қаз.)
- Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 652
- Қабылданған күні
- 25.06.2014
- Көрсетілген редакция
- 05.01.2016 81550_46063.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14VQ003416
- ЭКБ идентификаторы
- 81550
- Редакция идентификаторы
- 81550_46063
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:20
0 Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнiң 238-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Ұлан ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі № 1 қосымшаға сәйкес анықталсын.
2
2. Ұлан ауданы әкiмдiгiнiң 2008 жылғы 13 ақпандағы № 509 «Ауылдық (селолық) жердегi жұмысы үшiн лауазымдық айлық ақыларын көтеру белгiленген әлеуметтiк қамтамасыз ету, бiлiм, мәдениет мамандары лауазымдарының тiзбесiн анықтау туралы» (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2008 жылғы 22 мамырда № 5-17-84 тiркелген, «Ұлан таңы» газетінде 2008 жылғы 7 маусымдағы № 25 санында жарияланған), 2010 жылғы 1 наурыздағы № 635 «2008 жылғы 13 ақпандағы № 509 «Ауылдық (селолық) жердегi жұмысы үшiн лауазымдық айлық ақыларын көтеру белгiленген әлеуметтiк қамтамасыз ету, бiлiм, мәдениет мамандары лауазымдарының тiзбесiн анықтау туралы» каулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»» (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2010 жылғы 18 наурызда № 5-17-125 тiркелген, «Ұлан таңы» 2010 жылғы 16 сәуiрдегi № 26 санында жарияланған), 2013 жылғы 4 қыркүйектегі № 59 «Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлық ақыларын көтеру белгіленген білім, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамтамасыз ету мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы», 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 187 «Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлық ақыларын көтеру белгіленген білім, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамтамасыз ету мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы», 2014 жылғы 26 наурыздағы № 451 «Ауылдық жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлық ақыларын көтеру белгіленген білім, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамтамасыз ету және ветеринария мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» қаулыларының күші жойылсын.
3 3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен 10 күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. Қажановқа жүктелсін.
Келісілді:
Ұлан аудандық
мәслихатының хатшысы Н. Сейсембина
« 27 » 06 2014 жыл
5 Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Ұлан ауданы әкімдігінің
2014 жылғы « 27 » маусым
№ 652 қаулысына № 1 қосымша
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс
істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және
спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі