Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения диагностических исследований

Бұйрық · № 16-07/296 · қабылданған 11.06.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-81556/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения диагностических исследований Қолданыста Бұйрық ·№ 16-07/296 ·11.06.2014
06.03.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения диагностических исследований

Қолданыста Бұйрық ·№ 16-07/296 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения диагностических исследований
Атауы (қаз.)
Диагностикалық зерттеулерді жургізу қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
16-07/296
Қабылданған күні
11.06.2014
Көрсетілген редакция
06.03.2024 81556_706369.kaz
Соңғы өзгеріс
06.03.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400009578
ЭКБ идентификаторы
81556
Редакция идентификаторы
81556_706369
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:26

0 Диагностикалық зерттеулер жүргізу қағидаларын бекіту туралы

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Диагностикалық зерттеулер жүргізу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің

Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Диагностикалық зерттеулер жүргізу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 11 маусымдағы
№ 16-07/296 бұйрығымен
бекітілген
Диагностикалық зерттеулер жүргізу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Диагностикалық зерттеулер жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-24) тармақшасына сәйкес әзірленді және диагностикалық зерттеулер жүргізу тәртібін айқындайды.

2 2-тарау. Диагностикалық зерттеулерді жүргізу тәртібі

2 2. Диагностикалық зерттеулерді жүргізу келесі кезеңдерден тұрады:

1 1) биологиялық және патологиялық материалдарды және ілеспе құжаттарды салыстырып тексеру және қабылдау;

2 2) зерттеулерді жүргізу;

3 3) қорытындысын беру.

3 3. Диагностикалық зерттеулерді жүргізу үшін биологиялық және патологиялық материалдарды қабылдау басқа арнайы есіктен және арнайы жасақталған (алыс-беріс) терезе арқылы атқарылады.

4 4. Диагностикалық зерттеулерді жүргізуге арналған биологиялық және патологиялық материалдарды қабылдайтын арнайы есіктен, ветеринариялық зертхананың маман қызметкерлері үшін кіруіне қолданылмайды.

5 5. Жануарлардың жұқпалы ауруларының қоздырғыштарын қызметтік жұмыс барысында қолдануына байланысты, ветеринариялық зертхананың маман қызметкерлеріне ветеринариялық зертхананың бөлімінің өндірістік мекенжайына кіру, санитарлық өткізгіштен өту арқылы жүзеге асырылады.

6 6. Жануарлар ауруларын диагностикалау үшін, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың және азықтардың тамақ қауіпсіздігі көрсеткіштерін анықтау үшін, биологиялық және патологиялық материалдардан сынама іріктеп алу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы

30 сәуірдегі № 7-1/393 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11618 болып тіркелген) бекітілген Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларына (бұдан әрі – Іріктеп алу қағидалары) сәйкес жүзеге асырылады.

7 7. Диагностикалық зерттеулерді жүргізу үшін биологиялық және патологиялық материалдарды қабылдау, ветеринариялық зертхананың маман қызметкерлері атқарады.

8 8. Диагностикалық зерттеулерді жүргізу үшін биологиялық және патологиялық материалды қабылдауды жүзеге асыратын ветеринариялық зертхананың қызметкерлері мыналарды:

1 1) ілеспе құжаттардың бар-жоғын;

2

2) диагностикалық зерттеулерді жүргізу үшін биологиялық және патологиялық материалдың ілеспе құжаттарда көрсетілген деректерге (сынамалар саны, сынамалар нөмірлері; жануарлардың бірдейлендіру нөмірлері және сынаманы қадағалауды қамтамасыз етуге қажетті және диагностикалық зерттеулердің нәтижелеріне әсер ететін өзге деректер) сәйкестігін;

3

3) ілеспе құжаттарда (қан сынамаларын алу тізімдемелері) көрсетілген диагностикалық зерттеулерді жүргізуге арналған биологиялық материал санының ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордағы жануарлар басы (үйір, табын, отар, шаруашылық субъектісі және жануарлардың басқа да топтары) санының бар-жоғы туралы мәліметтерге сәйкестігін және үйірдегі, табындағы, отардағы, шаруашылық субъектісіндегі және жануарлардың басқа да топтарындағы жануарларды (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы
№ 7-1/587 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларда (бұдан әрі – Ветеринариялық-санитариялық қағидалар) көзделген жануарлар ауруының түріне және диагностикалық зерттеулердің жиілігіне байланысты) қамтуды және бір уақытта зерттеу жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында алынған қан сынамалары санының жануарлар басы (табындағы, топтағы, отардағы, шаруашылық субъектісіндегі және жануарлардың басқа да топтарындағы) санына сәйкестігін;

4 4) диагностикалық зерттеулерді жүргізуге арналған биологиялық және патологиялық материалдың Іріктеп алу қағидаларына сәйкестігін;

5 5) контейнерлердің, штативтердің және орау материалының бүтіндігін салыстырып тексереді.

9 9. Ветеринариялық зертхананың қызметкерлері диагностикалық зерттеулерді жүргізу үшін биологиялық және патологиялық материалдың ілеспе құжаттарын (қан сынамаларын алу тізімдемесін) салыстырып тексеру кезінде, бір жұмыс күнінен аспайтын мерзім ішінде:

1

1) ұсынылған құжаттар мен материалдар осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген және Қағидалардың осы тармағының 2) тармақшасы орындалмаған жағдайда, төтенше жағдайлардың (жануарлардың аса қауіпті ауруларына күдіктену және олардың таралуы, жаппай улану) туындау жағдайларын қоспағанда, биологиялық және патологиялық материалды диагностикалық зерттеулер жүргізу үшін қабылдамайды;

2

2) ұсынылған құжаттар мен материалдар осы Қағидалардың 8-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, ілеспе құжаттардың (қан сынамаларын алу тізімдемесінің) көшірмесін (түпнұсқа қан сынамаларын жеткізген тұлғаға қайтарылады) қоса бере отырып, Қазақсатан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге биологиялық материалды (осы мерзім ішінде қалған жануарлар басынан (табындағы, топтағы, отардағы, шаруашылық жүргізуші субъектідегі және жануарлардың басқа да топтарында) алынған биологиялық материал сынамалары жіберілуі тиіс) сақтауға қабылдайды;

3 3) диагностикалық зерттеу жүргізу үшін биологиялық және патологиялық материалдарды қабылдайды.

10

10. Диагностикалық зерттеулерді жүргізу үшін биологиялық және патологиялық материалдарды қабылдауды жүзеге асыратын ветеринариялық зертхананың қызметкерлері диагностикалық зерттеулер жүргізу үшін биологиялық және патологиялық материалдарды қабылдамаған жағдайда, биологиялық және паталогиялық материалды, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада диагностикалық зерттеулерді жүргізуге жарамсыздығы туралы хаттама толтырылады және ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) хабарлайды.
Осы Қағидалардың 9-тармағының 2) тармақшасына сәйкес келмеген жағдайда, аумақтық бөлімшеге жолданатын ақпаратта бес жұмыс күні ішінде тиісінше қалған жануарлар басынан (табын, топ, отар, шаруашылық жүргізуші субъекті және жануарлардың басқа да топтары) биологиялық материал сынамаларын жолдау және олар белгіленген мерізімдерде жолданбаған (ұсынылмаған кезде) биологиялық материалдың сынамасын кәдеге жарату жөнінде шаралар қабылдау қажеттілігі көрсетіледі.
Осы Қағидалардың 8-тармағының 4) тармақшасына сәйкес келмеген жағдайда, аумақтық бөлімшеге жолданатын ақпаратта бес жұмыс күні ішінде, Сынама алу қағидаларына сәйкессіздігі анықталған биологиялық және паталогиялық материал сынамасының орнына биологиялық материалдың және паталогиялық материалдың сынамасын жолдау қажеттілігі көрсетіледі.
Аумақтық бөлімше тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдарын бес жұмыс күні ішінде қалған жануарлар басынан (табын, топ, отар, шаруашылық жүргізуші субъекті және жануарлардың басқа да топтары) биологиялық материал сынамасын ветеринариялық зерханаға жолдау кажеттілігі белгіленген мерізімдерде жолданбаған (ұсынылмаған кезде) биологиялық материал сынамасын кәдеге жарату жөніндегі шараны қабылдау және/немесе биологиялық және паталогиялық материал сынамасын Сынама алу қағидаларына сәйкессіздігі анықталған биологиялық және паталогиялық материал сынамасының орнына жіберу қажеттілігі туралы хабарлайды.

11

11. Осы Қағидалардың 9-тармағының 2) тармақшасына сәйкес келмеу жағдайларын қоспағанда, диагностикалық зерттеулерді жүргізу үшін биологиялық және патологиялық материалдарды қабылдаған жағдайда, диагностикалық зерттеулерді жүргізуге арналған биологиялық және патологиялық материалдарды қабылдауды жүзеге асыратын ветеринариялық зертхананың қызметкерлері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада биологиялық және патологиялық материалдарды қабылдау-беру актісін толтырады.
Осы Қағидалардың 9-тармағының 2) тармақшасына сәйкес келмеген жағдайда, қабылдау-беру актісі қалған жануарлар басынан (үйір, табын, отар, шаруашылық субъектісі және жануарлардың басқада топтары) биологиялық материал сынамасы алынғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде толтырылады.
Осы Қағидалардың 9-тармағының 2) тармақшасына сәйкес келмеген жағдайда, қалған жануарлар басынан (үйір, табын, отар, шаруашылық субъектісі және жануарлардың басқа да топтары) алынған биологиялық материал сынамалары бес жұмыс күні ішінде жолданбаған (ұсынылмаған) кезде ветеринариялық зертхана көрсетілген мерзім өткеннен кейін биологиялық материал сынамасын қан сынамаларын алу тізімдемесіне қол қойған мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың қатысуымен кәдеге жаратады, ол кәдеге жарату нәтижелері бойынша еркін нысанда жасалған тиісті қан сынамаларын кәдеге жарату актісіне қол қояды.
Осы Қағидалардың 8-тармағының 4) тармақшасына сәйкес келмейтін биологиялық және паталогиялық материал сынамасының орнына бес жұмыс күні ішінде сынама жолданбаған (ұсынылмаған) кезде, ветеринариялық зертханакөрсетілген мерзім өткеннен кейін аумақтық бөлімшені хабардар етеді.
Аумақтық бөлімше Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 16-07/333 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8862 болып тіркелген) бекітілген Нұсқамалар нысандарына, оларды жасау және беру қағидаларына сәйкес нұсқама бере отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарын хабардар етеді.

12

12. Ветеринариялық зертханаға диагностикалық зерттеулерді жүргізу үшін келіп түскен биологиялық және патологиялық материалдарды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің «Ветеринариялық есеп және есептілік үлгісін бекіту туралы» 2014 жылғы 25 ақпандағы № 16-07/114 бұйрығымен бекітілген, нормативтік кұқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 9342 болып тіркелген, тиісті үлгідегі ветеринариялық есептілік жорналына тіркеледі.

13 13. Ветеринариялық зертханаға диагностикалық зерттеулерді жүргізу үшін келіп түскен биологиялық және патологиялық материалдарды, оның ішінде материалдардың бақылау үлгісі, диагностикалық зерттеулерді жүргізуге жолдамас бұрын, арнайы жабдықталған орында (мұздатқыш камералар) сақталады.

14

14. Диагностикалық зерттеулерді жүргізу үшін биологиялық және патологиялық материалдар, зертхананың бөлімдеріне жолданғанда, басқа да зертханаларға жолданғанда, бірнеше құбылысты, оқиғаны болдырмау мақсатында, ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды сақтай отырып тасымалданады (орны ауыстырылады).

15

15. Диагностикалық зерттеулер жануарлардың ауруларына байланысты Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларда, халықаралық және ұлттық стандарттарда, сондай-ақ Халықаралық эпизоотиялық бюроның қолдауымен әзірленген стандарттарда, нұсқамаларда және ұсынымдарда көзделген әдістерді пайдалана отырып жүргізіледі.

16 16. Диагностикалық зерттеулер жүргізу нәтижелері бойынша сараптама актісі (сынақ хаттамасы) беріледі.

Осы Қағидалардың 8-тармағының 4) тармақшасына сәйкес келген кезде, Сынама алу қағидаларына сәйкес келмейтіндігі анықталған биологиялық және паталогиялық материал сынамасының орнына жолданған (ұсынылған) биологиялық және патологиялық материалдың сынама нәтижелері бойынша ғана сараптама актісі (сынақ хаттамасы) ресімделеді.

17

17. Диагностикалық зерттеулерді жүргізу үшін биологиялық және патологиялық материалдар, аудандық/аумақтық ветеринариялық зертханадан облыстық (аймақтық) зертханаларға жолданғанда, сонымен бірге облыстық ветеринариялық зертханадан, басқа ветеринариялық зертханаларға жолдағанда ветеринариялық үлгілік сынамаларды қайта жолдау бойынша бірдейлендіру кодын беру арқылы тиісті жорналға жазып тіркейді.
Аудандық/аумақтық немесе облыстық (аймақтық) ветеринариялық зертхананың сынаманы қабылдайтын қызметкері, сынамаларды пробиркаға құйып және патологиялық сынаманы мұздатқышта суытып қатырады, тиісінше орамдап дайындайды және барлық құжаттармен бірге жазылған жолдаманы ілеспе хат арқылы, диагностикалық зерттеулерді жүргізу үшін биологиялық және патологиялық материалдарды облыстық (аймактық) зертханаларалардың филиалдарына немесе басқа ветеринариялық зертханаларға қайта жолдайды.

18

18. Жануарлардың аса қауіпті, баяу және экзотикалық ауруларының қоздырушыларын типтендіруді жүзеге асыру (белгілі бір түр ішіндегі типтік айырмашылықтарды айқындау) үшін, сондай-ақ күмәнді немесе даулы жағдайларда түпкілікті диагноз қою үшін биологиялық және патологиялық материалдарды жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік функциясын атқаратын ветеринариялық зертханаға жолдайды.

19 19. Диагностикалық зерттеулерді жүргізіп болғаннан кейін, биологиялық және патологиялық материалдардың қалдықтары және бақылауға арналған үлгілік материалдардың сақталу мерзімі өткеннен кейін жойылады.

1 Биологиялық және патологиялық материалдың жарамсыз сынамасына хаттама №_____ / Протокол несоответствия пробы биологического и патологического материала №_______

Диагностикалық зерттеулерді
жүргізу қағидасына
1-қосымша
Үлгі
_____________________________________________________________________
(Ветеринариялық зертхананың аталуы, мекен жайы /
Наименование ветеринарной лаборатории, адрес)
Биологиялық және патологиялық материалдың жарамсыз сынамасына хаттама №_____ / Протокол несоответствия пробы биологического и патологического материала №_______
Тап­сы­ру­шы / За­каз­чик
Те­гі,аты, әке­сі­нің аты (егер бар бол­са), ме­ке­ме­нің ата­луы, ме­кен-жайы, те­ле­фо­ны / Фа­ми­лия и имя, от­че­ство (при на­ли­чии), на­име­но­ва­ние ор­га­ни­за­ции, ад­рес, те­ле­фон)
Сы­на­ма­ның (био­ло­ги­я­лық және па­то­ло­ги­я­лық ма­те­ри­ал­дың) тір­ке­лу мә­лі­ме­ті / Ре­ги­стра­ци­он­ные дан­ные проб био­ло­ги­че­ско­го и па­то­ло­ги­че­ско­го ма­те­ри­а­ла)
Био­ло­ги­я­лық және па­то­ло­ги­я­лық ма­те­ри­ал­дың ата­луы және си­патта­ма­сы / На­име­но­ва­ние и ха­рак­те­ри­сти­ка био­ло­ги­че­ско­го и па­то­ло­ги­че­ско­го ма­те­ри­а­ла)
Сы­на­ма­ның мөл­ше­рі / Ко­ли­че­ство проб
(да­на, ки­ло­грамм, литр, № ден-№ дей­ін / штук, ки­ло­грамм, литр, от № до №)
Жет­кі­зі­л­ген кү­ні / Да­та по­ступ­ле­ния
20______ жы­л­ғы « __ » _______
« ___ » _________ 20____ го­да
Жа­рам­сыз сы­на­ма деп са­на­ла­ды / Об­на­ру­же­ны про­бы с несо­от­вет­стви­ем
Сы­на­ма №, ай­қын­дау, жағ­дайы / №-про­бы, по­яс­не­ние, со­сто­я­ние)
Ес­керт­пе ха­бар / Уве­дом­ле­ние:
Сы­на­ма қа­был­дау және ақ­па­рат бө­лі­мі /  От­дел при­е­ма проб и ин­фор­ма­ции
20___ жы­л­ғы « ___ » _________
« ___ »_______ 20______ го­да
Тап­сы­ру­шы /За­каз­чик
20__ жы­л­ғы « ___
« ___ » 20_____ го­да
Хат­та­ма ко­ры­тындысы / За­клю­че­ние про­то­ко­ла
20____ жы­л­ғы « ___ » _______
« ___ » ________ 20 го­да
Ше­шім қа­был­дан­ды /
При­ня­то ре­ше­ние:
Биологиялық және патологиялық материалды тапсырды /Сдал биологический и патологический материал
______________  ____________________________________________________
Қолы / Подпись  Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лауазымы /
Фамилия и имя, отчество (при наличии), должность
Биологиялық және патологиялық материалды қабылдады / Принял биологический и патологический материал
______________  ____________________________________________________
Қолы / Подпись  Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лауазымы /
Фамилия и имя, отчество (при наличии), должность

2 Биологиялық және патологиялық материалды қабылдап алу актісі/ Акт приема-передачи биологического и патологического материала № _______

Диагностикалық зерттеулерді
жүргізу қағидасына
2-қосымша
Үлгі
_____________________________________________________________________
Ветеринариялық зертхананың аталуы, мекен жайы /
Наименование ветеринарной лаборатории, адрес
Биологиялық және патологиялық материалды қабылдап алу актісі/ Акт приема-передачи биологического и патологического материала № _______
Біз төмендегі қол қоюшылар/Мы нижеподписавшиеся;
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лауазымы /Должность, фамилия, имя, отчество (при наличии),) Биологиялық және патологиялық материалды тексеруге қабылдап алу үшін осы акт жасалды /Составили настоящий акт в том, что произвели прием-передачу биологического и патологического материала, саны/ в количестве _______________________
_____________________________________________________________________
ветеринариялық зертхананың аталуы / наименование ветеринарной лаборатории Биологиялық және патологиялық материалды иелік етуші / Биологический и патологический материал
принадлежит _________________________________________________________
заңды тұлғаның  толық мекен-жайы, теле.,факс, E-mail/
_____________________________________________________________________
полный адрес юридического лица, телефон, факс, E-mail Биологиялық және патологиялық материалдың қабылдау кезіндегі қалпы /Состояние биологического и патологического материала в момент передачи
_____________________________________________________________________
Жолдама құжаттары /Сопроводительные документы/ ______________________
_____________________________________________________________________
Био­ло­ги­я­лық және па­то­ло­ги­я­лық ма­те­ри­ал­дың ата­луы /На­име­но­ва­ние био­ло­ги­че­ско­го и па­то­ло­ги­че­ско­го ма­те­ри­а­ла
Са­ны / Ко­ли­че­ство
Сы­на­ма но­ме­рі / Но­ме­ра проб
Ке­лі­сі­л­ген зерт­теу әді­сі­нің ата­луы / На­име­но­ва­ние со­гла­со­ван­но­го ме­то­да ис­сле­до­ва­ний
Әді­стің стан­дар­ты/ Стан­дарт ме­то­да
Ес­кер­ту/ При­ме­ча­ние
Биологиялық және патологиялық материалды тапсырды / Сдал биологический и патологический материала
_____________    ____________________________________________________
______________  ____________________________________________________
Қолы / Подпись  Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лауазымы /
Фамилия и имя, отчество (при наличии), должность
Биологиялық және патологиялық материалды қабылдады / Принял биологический и патологический материал
______________  ____________________________________________________
Қолы / Подпись  Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лауазымы /
Фамилия и имя, отчество (при наличии), должность
20____ жылғы « ___ » ________ / « ___ » _________ 20___ года

Қолданыстағы