Құжат мәтініне өту

Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении помещения для проведения встреч с выборщиками кандидатов в акимы сельского округа вместо выбывшего на территории Уалихановского района Северо-Казахстанской области

Қаулы · № 195 · қабылданған 15.07.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-81563/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении помещения для проведения встреч с выборщиками кандидатов в акимы сельского округа вместо выбывшего на территории Уалихановского района Северо-Казахстанской области Күшін жойған Қаулы ·№ 195 ·15.07.2014
02.03.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.03.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении помещения для проведения встреч с выборщиками кандидатов в акимы сельского округа вместо выбывшего на территории Уалихановского района Северо-Казахстанской области

Күшін жойған Қаулы ·№ 195 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении помещения для проведения встреч с выборщиками кандидатов в акимы сельского округа вместо выбывшего на территории Уалихановского района Северо-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында шығып қалған ауылдық округ әкімінің орнына үміткерлердің таңдаушылармен кездесулерді өткізу үшін үй-жайды және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
195
Қабылданған күні
15.07.2014
Көрсетілген редакция
02.03.2018 81563_306733.kaz
Соңғы өзгеріс
02.03.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14SM002874
ЭКБ идентификаторы
81563
Редакция идентификаторы
81563_306733
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:07

0 Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында шығып қалған ауылдық округ әкімінің орнына үміткерлердің таңдаушылармен кездесулерді өткізу үшін үй-жайды және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңы 27-бабының 3-тармағына, 28-бабының 4, 6-тармақтарына, «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату Қағидаларының 29-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 1-қосымшаға сәйкес, Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында шығып қалған ауылдық округ әкімінің орнына барлық үміткерлері үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

2 2. 2-қосымшасының тізбесіне сәйкес, Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында шығып қалған ауылдық округ әкімінің орнына барлық үміткерлеріне таңдаушылармен кездесулерді өткізу үшін шарттық негізінде үй-жай берілсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің аппарат басшысының міндетін атқарушысы Талғат Құрманғалиұлы Сағитовке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 16 шілдеден бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таралады.

Келісілді
Уәлиханов аудандық сайлау
комиссияның төрайымы
___________Г. Жәкенқызы
2014 жылы 15 шілдеде

5 Солтүстік Қазақстан облысы

Уәлиханов ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 15 шілдедегі
№ 195 қаулысына 1-қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында шығып қалған ауылдық округ әкімінің орнына үміткерлерінің үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
№ р/р
Ауылдық округінің атауы
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
1
Кішкенекөл
Тақталар: Кішкенекөл ауылы, Уәлиханов көшесі, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Уәлиханов аудандық бөлімі ғимаратының алдында

6 Солтүстік Қазақстан облысы

Уәлиханов ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 15 шілдедегі
№ 195 қаулысына 2-қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында шығып қалған ауылдық округ әкімінің орнына таңдаушылармен кездесулерді өткізу үшін шарттық негізінде берілетін үй-жай
№ р/р
Ауылдық округінің атауы
Таңдаушылармен кездесуі үшін үй-жай
1.
Кішкенекөл
Кішкенекөл ауылы, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің «Уәлиханов ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шыңықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу залы, Гагарин көшесі, 79

Қолданыстағы