Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка

Қаулы · № 231 · қабылданған 02.07.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-81598/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка Күшін жойған Қаулы ·№ 231 ·02.07.2014
02.08.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.08.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка

Күшін жойған Қаулы ·№ 231 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка
Атауы (қаз.)
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтаудың кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
231
Қабылданған күні
02.07.2014
Көрсетілген редакция
02.08.2019 81598_416013.kaz
Соңғы өзгеріс
02.08.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14SI002880
ЭКБ идентификаторы
81598
Редакция идентификаторы
81598_416013
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:13

0 Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтаудың кейбір мәселелері туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабының 2-тармағы 3)-тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтаудың түрлері мен мөлшерлері қосымшаға сәйкес анықталсын.

2 2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтаудың қоса берілген қағидасы бекітілсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары Ж.Т. Есдәулетовке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
«Солтүстік Қазақстан облысының
ішкі істер департаменті
Мағжан Жұмабаев ауданының
Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
______________М.Қ. Нұрпейісов

5 Солтүстік Қазақстан облысы

Мағжан Жұмабаев ауданы
әкiмдiгiнiң
2014 жылғы 2 шілдедегі
№ 231 қаулысына қосымша
Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтаудың түрлерi мен мөлшерлерi

1 1. Аудан әкімінің Құрмет грамотасы.

2 2. 10 есептiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшердегi ақшалай сыйақы.

3 3. Бағасы 10 есептiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын құнды сыйлық.

9 Солтүстік Қазақстан облысы

Мағжан Жұмабаев ауданы
әкiмдiгiнiң
2014 жылғы 2 шілдедегі
№ 231 қаулысымен бекітілген
Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтау қағидасы
Осы Қағида қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу тәртібін айқындайды.

1 1. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi аудандық комиссия (бұдан әрi – Комиссия) қарайды.

2 2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарауға «Солтүстiк Қазақстан облысының iшкi iстер департаментi Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – СҚО IIД Мағжан Жұмабаев ауданының ІІБ) енгiзедi.

3 3. Комиссия қабылдайтын шешiм көтермелеу үшiн негiз болып табылады.

4 4. Көтермелеу түрлерiн, соның iшiнде ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.

5 5. Ақшалай сыйақыны төлеу және құнды сыйлықты алу үшiн Комиссия қабылдайтын шешiмге сәйкес, қосымша СҚО IIД Мағжан Жұмабаев ауданының ІІБ бастығының бұйрығы шығарылады.

6 6. СҚО IIД Мағжан Жұмабаев ауданының ІІБ ақшалай сыйақыны төлеудi және бағалы сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзедi.

7 7. Көтермелеулердi төлеуге қаражат облыстық бюджетте, Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаменті 252 003 «Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу» бюджеттiк бағдарламасымен көзделедi.

8 8. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесi үшiн азаматтарға Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің Құрмет грамотасын, ақшалай сыйақы, бағалы сыйлықтар берудi СҚО IIД Мағжан Жұмабаев ауданының ІІБ салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

Қолданыстағы