О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка
- Атауы (қаз.)
- Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтаудың кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 231
- Қабылданған күні
- 02.07.2014
- Көрсетілген редакция
- 02.08.2019 81598_416013.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.08.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14SI002880
- ЭКБ идентификаторы
- 81598
- Редакция идентификаторы
- 81598_416013
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:13
0 Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтаудың кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабының 2-тармағы 3)-тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтаудың түрлері мен мөлшерлері қосымшаға сәйкес анықталсын.
2 2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтаудың қоса берілген қағидасы бекітілсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары Ж.Т. Есдәулетовке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
«Солтүстік Қазақстан облысының
ішкі істер департаменті
Мағжан Жұмабаев ауданының
Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
______________М.Қ. Нұрпейісов
5 Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданы
әкiмдiгiнiң
2014 жылғы 2 шілдедегі
№ 231 қаулысына қосымша
Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтаудың түрлерi мен мөлшерлерi
1 1. Аудан әкімінің Құрмет грамотасы.
2 2. 10 есептiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшердегi ақшалай сыйақы.
3 3. Бағасы 10 есептiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын құнды сыйлық.
9 Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданы
әкiмдiгiнiң
2014 жылғы 2 шілдедегі
№ 231 қаулысымен бекітілген
Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтау қағидасы
Осы Қағида қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу тәртібін айқындайды.