Құжат мәтініне өту

Об определении порядка расчета ставки арендной платы при передаче коммунального имущества Кызылжарского района в имущественный наем (аренду)

Қаулы · № 339 · қабылданған 27.06.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-81599/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об определении порядка расчета ставки арендной платы при передаче коммунального имущества Кызылжарского района в имущественный наем (аренду) Күшін жойған Қаулы ·№ 339 ·27.06.2014
13.03.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.03.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении порядка расчета ставки арендной платы при передаче коммунального имущества Кызылжарского района в имущественный наем (аренду)

Күшін жойған Қаулы ·№ 339 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении порядка расчета ставки арендной платы при передаче коммунального имущества Кызылжарского района в имущественный наем (аренду)
Атауы (қаз.)
Қызылжар ауданының коммуналдық мүлігін мүліктік жалға беру (жалға алу) кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
339
Қабылданған күні
27.06.2014
Көрсетілген редакция
13.03.2015 81599_65433.kaz
Соңғы өзгеріс
13.03.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14SH002882
ЭКБ идентификаторы
81599
Редакция идентификаторы
81599_65433
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:17

0 Қызылжар ауданының коммуналдық мүлігін мүліктік жалға беру (жалға алу) кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін айқындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 74-бабына, «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысының 50-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қызылжар ауданының коммуналдық мүлігін мүліктік жалға беру (жалға алу) кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын (бұдан әрі - Есеп).

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары Р.Е. Рамазановқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен күнтізбелік 10 күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

4 Солтүстік Қазақстан облысы

Қызылжар ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 27 маусымдағы № 339
қаулысының қосымшасы
Қызылжар ауданының коммуналдық мүлігін мүліктік жалға беру (жалға алу) кезіндегі жалдау ақысы мөлшерлемесін есептеу тәртібі

1

1. Осы ауданның коммуналдық мүлігін (бұдан әрі – Есеп) мүліктік жалға беру (жалға алу) кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу Тәртібі «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысының 50-тармағына сәйкес әзірленді және аудандық коммуналдық мүлігін мүліктік жалға беру (жалға алу) кезіндегі жалдау ақысы мөлшерлемесін есептеу тәртібін айқындайды.

2

2. Аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың теңгерімінде тұрған, мемлекеттік тұрғын емес қорының объектілерін мүліктік жалға беру (жалға алу) кезінде жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі салудың түрлерін, тұрғын емес үй-жайдың түрін, қолайлылық дәрежесін, аумақтық орналасуын, жалдаушы қызметінің түрін, жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескере отырып, базалық мөлшерлеменің және қолданылатын коэффициенттердің мөлшері мына формула бойынша есептеледі:
Ап = Рбс х S х Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф,
мұнда:
Ап – ауданның коммуналдық заңды тұлғалар теңгерімінде тұрған, мемлекеттік тұрғын емес қорының объектілерін мүліктік жалдау ақысының мөлшерлемесі жылына;
Рбс – 1 шаршы метр үшін мүліктік жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі, теңге жылына;
S – жалданатын алаң, шаршы метр;
Кт - құрылым түрін ескеретін коэффициент;
Кк – тұрғын емес жай түрін ескеретін коэффициент;
Кск - үй-жайдың жайлылығын ескеретін коэффициент;
Кр – аумақтық орналасудың ескеретін коэффициент;
Квд - жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент;
Копф – ұйымдастыру – құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.
Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалға беру (жалға алу) кезінде салудың түрлерін, тұрғын емес үй-жайдың түрін, қолайлылық дәрежесін, аумақтық орналасуын, жалдаушы қызметінің түрін, жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескере отырып, базалық мөлшерлеменің және қолданылатын коэффициенттердің мөлшері
№ р/с
Базалық мөлшерлемесі
Әкімшілік-аумақтық бірлік
Базалық мөлшерлеме көлемі
1
Қызылжар ауданның елді мекендері
Тиісті жылға республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген, 1,5 айлық есептік көрсеткіш
№ р/с
Коэффициенттер түрі
Коэффициент мөлшері
1
Құрылым түрін ескеретін коэффициент (Кт):
1.1 кеңсе
1
1.2 өндірістік
0,8
1.3 қойма, гараж, қазандық
0,6
1.4 спорт құрылымдары (стадиондар, спорт залдары)
0,7
2
Тұрғын емес үй жай түрін ескеретін коэффициент (Кк)
2.1 жеке тұрған құрылым
1
2.2 жапсара-қоса салынған бөлік
0,9
2.3 цокольдық (жартылай жертөле) бөлігі
0,7
2.4 жертөле бөлігі
0,6
3
Қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент (Кск)
3.1 барлық инженерлік-техникалық құрылғылары (электр қуаты, канализация, сумен жабдықтау, жылу) бар үй-жайлар үшін қандай да бір коммуникация түрлерінің болмауы кезінде әр түрге 0,1 кемиді
1,0
4
Аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент (Кр):
4.1 аудан орталығы үшін
2
4.2 ауылдық округ орталығы үшін
1
4.3 ауылдық елді мекендер үшін
0,5
5
Жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент (Квд):
5.1 қызметі бағалы қағаздар нарығы, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалды кеңселер, адвокат кеңселерімен байланысты делдалдық қызмет және кеден қызметтерін көрсету, айырбастау пунктері және ұйымдар үшін
3
5.2 Банктердің есеп айырысу-кассалық орталықтары, «Қазпочта» АҚ үшін, коммуналдық қызметтер үшін, соның ішінде байланыс, автоматтандырылған телефон станциялары үшін
5.3 айырбастау пункттері үшін
2,5
5
5.4 тренажерлік залдар, фитнес-клубтар, техникалық қызмет көрсету станциясы, шеберханалар ұйымдастыру үшін
2
5.5 қоғамдық тамақтандыру, қонақүй, сауда немесе сауда-делдалдық қызметтерін ұйымдастыру үшін
2
5.6 білім мекемелерінде қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру үшін
0,5
5.8 білім беру (мектептен тыс, оқушыларға арналған үйірме қызметі, компьютер сыныптары), балалар мен жасөспірімдерге арналған дене шынықтыру және спорт, денсаулық сақтау және мәдениет саласында қызмет көрсету үшін
1
5.9 өндірістік қызмет үшін
2
5.10 гараж, қойма, сақтау камераларына арналған үй жайлар үшін
2
5.11 өзгелер үшін
1,5
6
Жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Копф):
6.1 сауда-делдалдық қызметті есептемегенде өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін
1
6.2 акциялардың мемлекеттік пакетін басқару және пайдалану құқығын жүзеге асырушы, мемлекеттік органның жазбаша рұқсаты ұсынылған жағдайда, бюджет бағдарламаларын орындаудан кірістің 90 пайызынан кем алмайтын және елу және оданда көп пайыздық акциясы бар (қатысу үлесі) акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) үшін
3
6.3 қайырымдылық және қоғамдық ұйымдары, коммерциялық емес ұйымдар үшін
0,5
6.4 өзгелер үшін
1

3 3. Көлік құралдарын, жабдықтарын аудандық коммуналдық меншік мүлігін, мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерін қоспағанда, мүліктік жалға беру (жалға алу) ақысын есептеу.

Көлік құралдарын, жабдықтарын аудандық коммуналдық меншік мүлігін, мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерін қоспағанда, мүліктік жалға беру (жалға алу) жылдық ақысы төмендегідей болып белгіленеді:
Ар = С х К1 х К2,
мұнда Ар –жалдау ақысының жылдық мөлшерлемесі;
С – жылдық базалық мөлшерлеме, тең қолданылады С=(Sбал.* Nаморт.),
мұнда:
S бал. - тапсырылатын объектінің бастапқы құны;
N аморт. - жылдық тозу нормасы, Қазақстан Республикасы Салық кодексіне сәйкес тіркелген активтер амортизацияларының шекті нормалары негізінде айқындалады
№ р/с
Коэффициент түрлері
Коэффициент көлемі
1
Пайдалану мерзімін ескеретін, коэффициент К1
Автокөлік құралдары;
- 1 жылдан 5 жылға дейін пайдаланғанда
- 5 жылдан артық пайдаланғанда
1,2
1,0
Жабдық.
- 1 жылдан 7 жылға дейін пайдаланғанда
- 7 жылдан артық пайдаланғанда
1,2
1,0
2
Пайдаланудың жағдайын ескеретін, коэффициент К2
Автокөлік құралдары, жабдық
- облыс орталығының аумағында пайдалану кезінде
- облыстың өзге аумағында пайдалану кезінде
1,4
1,0

4 4. Коэффициент кестесінде болмаған жағдайда, 1,0-ге тең коэффициент қолданылады.

Қолданыстағы