Құжат мәтініне өту

Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Лебяжинского района

Ереже · № 3/33 · қабылданған 30.06.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-81612/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Лебяжинского района Күшін жойған Ереже ·№ 3/33 ·30.06.2014
13.11.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.11.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Лебяжинского района

Күшін жойған Ереже ·№ 3/33 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Лебяжинского района
Атауы (қаз.)
Лебяжі ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау жөнінде Ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3/33
Қабылданған күні
30.06.2014
Көрсетілген редакция
13.11.2017 81612_259651.kaz
Соңғы өзгеріс
13.11.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14PI003896
ЭКБ идентификаторы
81612
Редакция идентификаторы
81612_259651
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:16

0 Лебяжі ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау жөнінде Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес, Лебяжі аудандық мәслихаты ШЕШIМ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Лебяжі ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережесі бекітілсін.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Лебяжі ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ереже

Лебяжі аудандық мәслихатының
(V сайланған XXXIII сессиясы)
2014 жылғы 30 маусымдағы
№ 3/33 шешімімен
Бекітілген
Лебяжі ауданының Құрмет грамотасымен
марапаттау туралы Ереже

1 1. Жалпы Ережелер

1 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес әзірленген және ауданның Құрмет грамотасымен марапаттауға ұсыну және оны тапсыру тәртібін анықтайды.

2

2. Лебяжі ауданының Құрмет грамотасымен экономиканың, әлеуметтік саланың, ғылым, мәдениет, білім берудің дамуына, ұлтаралық келісім мен өзара түсінушіліктің, әскери және қоғамдық, сондай-ақ өзге де мемлекеттік қызметтің және аймақтағы қоғамдық қызметтің нығаюына қосқан жеке үлесі және айтарлықтай жетістіктерге жеткені үшін азаматтар марапатталады.

3

3. Лебяжі ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау үшін ұсынымдар еңбек, шығармашылық ұжымдармен, аудандық өкілді және атқарушы органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен, демократияның, достық пен қоғамдық ынтымақтастықтың нығаюына, Лебяжі ауданының аумағында әлеуметтік және экономикалық саясаттың қалыптасуы мен іске асырылуына қомақты үлесін қосқаны үшін енгізіледі.

4 4. Белгіленген үлгідегі наградтау парағында марапатталушының жеке басын, саладағы және берілген ұжымдағы жұмысының жалпы еңбек өтілін, оның нақты сіңірген еңбектерін сипаттайтын мәліметтер, жұмысының сапасы мен тиімділігі туралы деректер мазмұндалады.

Наградтау парағына кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мемлекеттік органның басшысы қол қояды және елтаңбалы мөрмен бекітеді.

2

2 2. Лебяжі ауданы Құрмет грамотасының сипаттамасы

5 5. Лебяжі ауданы Құрмет грамотасының формасы:

- мемлекеттік тілінде: Лебяжі ауданының Құрмет грамотасы;
- орыс тілінде: Почетная грамота Лебяжинского района.
Құрмет грамотасы қосымша жапсырмасы бар, сыртқы жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік тілде "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ" және орыс тілінде "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА" жазулары бар көгілдір түсті папкадан тұрады.
Қосымша жапсырма баспаханалық тәсілмен кеңейтілген түрінде қалың жылтыратылған қағаздан дайындалады. Қосымша жапсырманың сыртқы жағының жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы мен мемлекеттік тілде "Лебяжі ауданы" және төменгі бөлігінде орыс тілінде "Лебяжинский район" жазулары бейнеленген.
Қосымша жапсырманың ішкі жағының оң және сол жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және сол жағында мемлекеттік тілде "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ" және оң жағында орыс тілінде "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА" жазулары бар.
Қосымша жапсырманың сол жағынан мемлекеттік тілде марапатталушының тегін, атын, әкесінің атын және сіңірген еңбегін атап көрсету үшін арнайы орын белгіленген.
Қосымша жапсырманың оң жағынан орыс тілінде марапатталушының тегін, атын, әкесінің атын және сіңірген еңбегін атап көрсету үшін арнайы орын белгіленген.

3 3. Лебяжі ауданының Құрмет грамотасын тапсыру тәртібі

6 6. Лебяжі ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы шешім Лебяжі аудандық мәслихаты хатшысының және Лебяжі ауданы әкімінің ұсынысы бойынша Лебяжі аудандық мәслихатының сессиясында қабылданады.

Құрмет грамотасына аудандық мәслихатының хатшысы және Лебяжі ауданының әкімі қол қояды.

7 7. Лебяжі ауданының Құрмет грамотасы тапсыру салтанатты түрде Лебяжі ауданы мәслихатының хатшысымен және Лебяжі ауданының әкімімен өткізіледі.

8 8. Лебяжі ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау бойынша алдын ала қарастыру және ұсыныстарды дайындау үшін келіп түскен құжаттар Лебяжі ауданы мәслихатының жанында құрылған әлеуметтік сала және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жолданады.

9 9. Марапаттау бойынша материалдар Лебяжі ауданының мәслихатында сақталады.

Қолданыстағы