Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О создании областного управления по миграции и демографии

Өзге акт · № 67 · қабылданған 26.03.1998
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-817/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О создании областного управления по миграции и демографии Күшін жойған 26.03.1998 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О создании областного управления по миграции и демографии

Күшін жойған Өзге акт № 67 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О создании областного управления по миграции и демографии
Атауы (қаз.)
Көшi-қон және демография жөніндегi облыстық басқарма құру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
67
Қабылданған күні
26.03.1998
Көрсетілген редакция
26.03.1998 817_250692.kaz
Соңғы өзгеріс
26.03.1998
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V98S000008_
ЭКБ идентификаторы
817
Редакция идентификаторы
817_250692
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:46
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Көші-қон және демография жөніндегі облыстық басқарма құру туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 22.04.1999 № 85 шешімімен
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының миграция және демография жөніндегі Агенттігінің құру туралы» № 3783 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 ақпандағы «Қазақстан көш-қон және демография жөніндегі Агенттігінің мәселелерін жөніндегі № 8 Қаулысын орындау үшін облыс әкімі ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ:

1. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі департаментінің көші-қон жөніндегі бөлімнің базасында көші-қон және демография жөніндегі облыстық басқарма құрылсын.

2. 1 қосымшаға сәйкес көші-қон және демография жөніндегі облыстық басқарма жөніндегі Ереже бекітілсін.

3. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі департаментін қызметкерлер санын қысқарту есебінен басқару аппаратынын құрамы 13 адамнан және 2 қосымшаға сәйкес оның құрылымы бекітілсін.

4. 3 қосымшаға сәйкес қоныс аударушылардың уақытша тұру және бейімделу қосынының құрлымы бекітілсін.

5. Облыстық қаржы басқармасының бастығы Ф.Ф.Сутулов көші-қон және демография жөніндегі басқару аппаратының ұстау үшін 1998 жылғы облыстық бюджеттен қажетті ассигнация бөлінсін. Ауыл шаруашылық департаментінің қызметтік жеңіл автомашиналарының есебінен 1 бірлік қызметтік автомашина-қөлік лимиті беогіленсін.

6. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі департамент И.Е. Шнитко басқармаға мүлік, оргтехника, халықтың көші-қон жөніндегі бөлімнің құжаттарын, бейімделу қосының автомобилін берсін.

7. Көкшетау, Петропавл қалалары мен аудан әкімдері берілген сызбаға сәйкес көші-қон және демография мәселелері бойынша қызметтерді қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджет есебінен 1 штаттық бірлік бөлсін (4 қосымша).

8. Петропавл қаласының әкімі П.Ф.Ходеев көші-қон және демография жөніндегі облыстық басқарманы орналастыру және қоныс аударушылардың уақытша тұратын және бейімделу қосыны үшін үй-жай берсін.

9. Облыс әкімшілігі басшысының 1993 жылғы 2 сәуірдегі «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері және жұмыспен қамту комитеті құрамында халықтың көші-қон бөлімін құру туралы № 33 шешімі күшін жойды деп саналсын.

10. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары В.П.Никандровқа жүктелсін.