Об утверждении перечня энзоотических болезней животных, профилактика и диагностика которых осуществляются за счет бюджетных средств
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня энзоотических болезней животных, профилактика и диагностика которых осуществляются за счет бюджетных средств
- Атауы (қаз.)
- Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3/549
- Қабылданған күні
- 04.07.2014
- Көрсетілген редакция
- 27.04.2021 81707_521394.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14R0001075
- ЭКБ идентификаторы
- 81707
- Редакция идентификаторы
- 81707_521394
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:11
0 Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 1 тармағының 32-2) тармақшасына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы заңнамамен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Шормановқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Алматы қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 4 шілдедегі № 3/549
қаулысына қосымша
Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражатының
есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының
тізбесі
Жануарлардың бірнеше түрлерінің ортақ аурулары: лептоспироз, листериоз, пастереллез, қарасан.
Жылқылардың аурулары: жылқы тұмауы, сақау ауруы.
Шошқалардың аурулары: шошқа тілмесі.
Етқоректілердің аурулары: танау мен кеңірдектің жұқпалы ауруы.
Құстардың аурулары: Ньюкасл ауруы.