Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставления помещения для проведения встреч с выборщиками кандидатов в акимы Константиновского и Украинского сельских округов Айыртауского района Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставления помещения для проведения встреч с выборщиками кандидатов в акимы Константиновского и Украинского сельских округов Айыртауского района Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Константиновка және Украин ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар анықтау және таңдаушылармен кездесу үшін үй-жай ұсыну туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 334
- Қабылданған күні
- 02.07.2014
- Көрсетілген редакция
- 11.09.2014 81711_153814.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.09.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14SC002886
- ЭКБ идентификаторы
- 81711
- Редакция идентификаторы
- 81711_153814
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:13
0 Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Константиновка және Украин ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар анықтау және таңдаушылармен кездесу үшін үй-жай ұсыну туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 27-бабының 3-тармағына, 28-бабының 4, 6-тармақтарына сәйкес, «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату Қағидаларының 29-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 1-қосымшаға сәйкес Айыртау аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Константиновка және Украин ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар анықталсын.
2 2. 2-қосымшаға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Константиновка және Украин ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттарға таңдаушылармен кездесу үшін үй-жайлар шарттық негізде ұсынылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің аппарат басшысы Құрманғазы Серікұлы Қайнетовке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 16 шілдеден бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таратылады.
КЕЛІСІЛДІ
Айыртау аудандық
Сайлау комиссиясының төрағасы
Е.А. Мерғасымов
5 Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 2 шілдедегі
№ 334 қаулысына
1-қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Константиновка және Украин ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын ОРЫНДАР
№ р/с
Ауылдық округтің атауы
Сайлау алдындағы үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар және конструкцияларының мекен-жайы
1.
Константиновка ауылдық округі
Константиновка ауылы – «Константиновка 2004» ЖШС-нің кеңсесі ғимаратының жанындағы қалқанда (келісім бойынша)
2.
Украин ауылдық округі
Кирилловка ауылы – сауда павильоны ғимаратының жанындағы қалқанда (келісім бойынша)
6 Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 2 шілдедегі
№ 334 қаулысына
2-қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Константиновка және Украин ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттардың таңдаушыларымен кездесу үшін шарттық негіздеме ұсынылатын үй-жайлардың ТІЗІМІ
№ р/с
Ауылдық (селолық) округтің, елді-мекеннің атауы
Таңдаушылармен кездесу үшін үй-жай
1.
Володар
Саумалкөл ауылы, «Орталық-тандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның оқу залы, Ақан Сері көшесі № 31 үй