Об утверждении регламента государственной услуги в сфере медицинской деятельности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении регламента государственной услуги в сфере медицинской деятельности
- Атауы (қаз.)
- Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттiк қызмет көрсету регламентін бекiту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 222
- Қабылданған күні
- 19.06.2014
- Көрсетілген редакция
- 14.09.2015 81721_275661.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.09.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14D0002786
- ЭКБ идентификаторы
- 81721
- Редакция идентификаторы
- 81721_275661
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:23
0 Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттiк қызмет көрсету регламентін
бекiту туралы
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабы 1- тармағына, "Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" 2014 жылғы 24 ақпандағы № 141 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысына сәйкес облысы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Қоса берiлiп отырған "Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекiтiлсiн.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Мұқанов Серік Мейірханұлына жүктелсiн.
3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Алматы облысы әкiмдiгiнiң
2014 жылғы "19" маусымдағы
№ 222 қаулысымен бекітілген
"Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1 1. "Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 141 қаулысымен бекітілген "Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.
2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – медициналық қызметке лицензия (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы "Лицензиялау және хабарлама тәртібінің кейбір мәселелері туралы" № 1655 қаулысымен бекітілген нысанға сәйкес) және (немесе) лицензияға қосымша, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру немесе Стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4 4. Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасымен бірге жүгінуі, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ресімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме болып табылады.
5.Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы және келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі осы регламенттің 1- қосымшасында келтірілген.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:
1 1) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері;
2 2) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы;
3 3) көрсетілетін қызмет берушінің маманы.
7 7. Әрбір рәсімнің (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы өзара іс-қимылдың реттілігін сипаттау осы регламенттiң 2-қосымшасы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында" келтiрiлген.
4 4. Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
8 8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) халыққа қызмет көрсету орталығына (бұдан әрі – орталық) Стандарттын 9-тармағына сәйкес керекті құжаттарды ұсынады.
9 9. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы алу процесінің сипаттамасы, оның ұзақтығы осы регламенттің 3-қосымшасында келтірілген
8 8. Жүгіну тәртібін және портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызмет беруші мен қызмет алушының рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау осы регламенттің 4-қосымшасында келтірілген.
21 "
Медициналық қызметке лицензия
беру, қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқасын беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу схемасы көрсетілетін
қызметті берушіге жүгінген кезде
22 "
Медициналық қызметке лицензия
беру, қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқасын беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес – процестерінің
анықтамалығы
23 "
Медициналық қызметке лицензия
беру, қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқасын беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу схемасы халыққа қызмет
көрсету орталығына жүгінген кезде
24 "
Медициналық қызметке лицензия
беру, қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқасын беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
4-қосымша
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу схемасы портал арқылы