О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Ескельдинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Ескельдинского района
- Атауы (қаз.)
- Ескелді ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 38-210
- Қабылданған күні
- 27.06.2014
- Көрсетілген редакция
- 15.10.2014 AI81737_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.10.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14DI002791
- ЭКБ идентификаторы
- 81737
- Редакция идентификаторы
- AI81737_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:17
0 Ескелді ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылдың 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 - бабының 1 – тармағының 15) - тармақшасына және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылдың 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18 - бабының 5 - тармағына сәйкес, Ескелді ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1.
Ескелді ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін аудандық бюджет қаражаты есебінен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.
2 2.
Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан мәслихатының халықты әлеуметтік қорғау, білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет саласы және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3 3.
Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ескелді ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Е. Тұрсынбаев
«Ескелді ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
С. Әлімбаев