Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги

Қаулы · № А-5/262 · қабылданған 24.06.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-81739/on/2026-08-25/
Басып шығарылды 2026-08-25 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги Күшін жойған Қаулы ·№ А-5/262 ·24.06.2014
26.06.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
25.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги

Күшін жойған Қаулы ·№ А-5/262 · 25.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
А-5/262
Қабылданған күні
24.06.2014
Көрсетілген редакция
26.06.2015 81739_167498.kaz
Соңғы өзгеріс
26.06.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14B0004302
ЭКБ идентификаторы
81739
Редакция идентификаторы
81739_167498
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:21

0 Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.З.Әділбековке жүктелсін.

3

3. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн аяқталған соң, алайда «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы № 599 қаулысының қолданысқа енгізілгенінен кейін қолданысқа енгізіледі.

4 Ақмола облысы әкімдігінің

2014 жылғы 24 маусымдағы
№ А-5/262 қаулысымен
бекітілді
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнына құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат болып табылады.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің (қызметшілерінің) әрекет ету тәртібінің сипаттамасы

4

4. Мемлекеттік қызмет алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы № 599 қаулысымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімдеудің (әрекеттің) мазмұны, оны орындаудың ұзақтылығы:

1 1) қызмет берушінің қабылдау комиссиясы құжаттарын қабылдауын жүзеге асырады, оларды тіркейді - 5 минут. Нәтижесі - тіркеу, сонымен қоса қабылдау комиссиясының жауапты хатшысына береді;

2 2) қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы құжаттардың толықтығын тексереді - 10 минут. Нәтижесі - қызмет берушіге қолхат беру.

Күндізгі оқу нысанына – 20 тамыздан кешіктірмей.
Кешкі және сырттай оқу нысанына – 20 қыркүйектен кешіктірмей.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара әрекет ету тәртібінің сипаттамасы

6 6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) қызмет берушінің қабылдау комиссиясы;

2 2) қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы.

7 7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтылығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметшілер) арасында рәсімдердің (іс-қимылдың) кезеңділігін сипаттау:

1 1) қызмет берушінің қабылдау комиссиясы құжаттардың қабылдауын жүзеге асырады, оларды тіркейді - 5 минут. Нәтижесі - тіркеу, сонымен қоса қабылдау комиссиясының жауапты хатшысына береді;

2 2) қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы құжаттардың толықтығын тексереді және қолхат береді - 10 минут. Нәтижесі - қызмет берушіге қолхат беру.

Рәсімдердің (іс-қимылдың) кезеңділігін сипаттау осы Регламенттің 1, 2 қосымшаларына сәйкес блок-схемамен және бизнес-процестерінің анықтамасымен сүйемелденеді.

21 Әр рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығын көрсетумен құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлері) арасында рәсімнің (әрекеттің) жүйелілігінің блок-схемасы

«Техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім беретін
ұйымдарға құжаттар қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін
қызметтің регламентіне
1-қосымша
Әр рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығын көрсетумен құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлері) арасында рәсімнің (әрекеттің) жүйелілігінің блок-схемасы
Қысқартылған сөздің мағынасы:
ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірлік.

22 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

«Техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім беретін
ұйымдарға құжаттар қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін
қызметтің регламентіне
2-қосымша
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Қысқартылған сөздің мағынасы:
ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірлік.

Қолданыстағы