Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об организации сплошного обследования населения на туберкулез

Өзге акт · № 30 · қабылданған 23.01.2001
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-8174/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об организации сплошного обследования населения на туберкулез Қолданыста 23.01.2001 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

Об организации сплошного обследования населения на туберкулез

Қолданыста Өзге акт № 30 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации сплошного обследования населения на туберкулез
Атауы (қаз.)
Тұрғындарды туберкулез ауруы қаупінен жаппай тексеруден өткізуді ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
30
Қабылданған күні
23.01.2001
Көрсетілген редакция
23.01.2001 8174_214406.kaz
Соңғы өзгеріс
23.01.2001
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V01T000344_
ЭКБ идентификаторы
8174
Редакция идентификаторы
8174_214406
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:01
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.01.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Тұрғындарды туберкулез ауруы қаупінен жаппай тексеруден өткізуді ұйымдастыру туралы

Атырау облысында туберкулез бойынша індеттік жағдай ауыр күйде қалып отыр. 200 жыл аяғында 1279 ауру диспансерлік есепте тұр, соның ішінде туберкулездің асқынған түрлерімен ауыратындары – 444 адам.
Облыс бойынша барлық алғашқы анықталған туберкулезбен ауыратындардың 52,6 пайызын, сонымен қатар барлық туберкулезден қайтыс болғандардың 57,1 пайызын атырау қаласының аурулары құрайды.
Ересектерді профилактикалық флюорографиялық тексеруден және балаларды туберкулинді диагностикадан (Манту реакциясы) өткізуден 100% қамтылуы және толық көлемде ұйымдастыру және өткізу мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Х. Сағын) ересектерді алдын-алу тексеруінен және балаларды туберкулинді диагностикадан (Манту реакциясы) өткізудің 100% қамтылуын ұйымдастырылсын.

2. Мемлекеттік сатып алу және кәсіпкерлікті қолдау басқармасы (Л. Топильская) ересектерді алдын-алу тексеруін және балаларды туберкулинді диагностикадан (Манту реакциясы) өткізу үшін шығындық материалдар сатып алуға тендер өткізсін.

3. Облыстық қаржы басқармасы (А. Әбдіқадырова) осы шараларды өткізуді жалғанған қосымшаға сәйкес қаржыландыруды жүзеге асырсын.

4. Аудан және қала әкімдері, меншік түріне қарамастан барлық шаруашылық субъектілерін қатыстыру арқылы алыс, шалғайдағы елді мекендерге бару үшін автокөлікпен, жанар-жағар маймен үздіксіз қамтамасыз ету арқылы, туберкулезден тексеруден және туберкулинді диагностикадан ( Манту реакциясы) өткізу үшін денсаулық саақтау мекемелеріне көмек көрсетілсін.

5. Облыстық телерадиокомпаниясы (А. Нұрғалиев), «Атырау! (Қ. Қуанышбаев), «прикаспийская коммуна» (Л.Монастырская) газеттері бұқаралық ақпарат құралдарында туберкулезге жаппай тексеруден өткізуді кеңінен насихаттауды ұйымдастырсын.

6. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы туберкулезден жаппай тексеруді өткізуде денсаулық сақтау мекемелерінің емдеу-алдын-алу қызметін бақылау мен үйлестіруді қамтамасыз етсін.

7. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т. Мұрсалиеваға жүктелсін.

«КЕЛІСІЛГЕН»

Облыстық телерадио

компаниясының төрағасы

А. Нұрғалиев

19.01.2011 жыл.

«КЕЛІСІЛГЕН»

«Прикаспийская коммуна»

газетінің бас редакторы

Л. Монастырская

19.01.2011 жыл.

«КЕЛІСІЛГЕН»

«Атырау» газетінің

бас редакторы

Қ. Қуанышбаев

19.01.2011жыл.

Облыс әкімінің 2001 жылғы

23 қантардағы № 30 шешіміне

қосымша

15 жасқа дейінгі балаларды манту реакциясына тексеру мен ересек тұрғындарды флюоро тексеруінен 1 жылға шаққандағы шығындарының ЕСЕБІ

294.0 мың ересек тұрғын
140,0 мың бала (1 ден 15 дейінгі)

Шығын материалдары
саны
Құны
(теңге)
Сомасы (мың теңге)
Флюоропленка (294,0)
1729 орам
4100
7089,0
Кескінді айқындаушы (294,0)
0,60 грамм
120,00
2116,8
Бекітуші ерітінді (294,0)
0,68 грамм
120,00
2399,0
Шпрцтер
140000
8
1120,0
Туберкулин
6 литр
4000
24,0
Жиыны
12748.8

Басқарма бастығы Халел Сағын