Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Прием документов в организации технического и профессионального, послесреднего образования"

Қаулы · № 212 · қабылданған 01.07.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-81743/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Прием документов в организации технического и профессионального, послесреднего образования" Күшін жойған Қаулы ·№ 212 ·01.07.2014
29.05.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Прием документов в организации технического и профессионального, послесреднего образования"

Күшін жойған Қаулы ·№ 212 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Прием документов в организации технического и профессионального, послесреднего образования"
Атауы (қаз.)
"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
212
Қабылданған күні
01.07.2014
Көрсетілген редакция
29.05.2015 81743_90092.kaz
Соңғы өзгеріс
29.05.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14C0003980
ЭКБ идентификаторы
81743
Редакция идентификаторы
81743_90092
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:13

0 "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы 16-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы № 599 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған «Техникалық және кәсіптік,орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. «Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Қ. Нұрқатоваға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Ақтөбе облысы әкімдігінің

2014 жылғы 01 шілдедегі № 212
қаулысымен бекітілді
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін

ұйымдарға құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ереже

1 1. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің берілуі техникалық және кәсіптік , орта білімнен кейін білім беру ұйымдарының базасында жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі : қағаз түрінде

3

3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы № 599 қаулысымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандартының 1- қосымшасына сәйкес (бұдан әрі - стандарт) құжаттар қабылдау туралы қолхат.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі (өзара іс-қимыл) әрекет тәртібін сипаттау

4 4. Стандартқа сәйкес еркін нысандағы өтініш мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (әрекетінің) бастау үшін негіздеме болып табылады.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі процестің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оның орындалу ұзақтылығы:

1 1) қызмет алушы қызмет берушіге стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттармен қоса өтініш береді (15 минуттан артық емес);

2 2) қызмет берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды қабылдауды, тексеруді жүзеге асырады. Құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады (5 минуттан артық емес);

3 3) қызмет берушінің жауапты орындаушысы «Оқуға түсушілер санын тіркеу кітабына» өтінішті тіркейді, оқуға түсушінің жеке іс қағазын қалыптастыра отырып құжаттарды тігеді және стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттар қабылдау туралы қолхат береді (5 минуттан артық емес).

3 3. Қызмет берушінің мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

10 10. Қызмет берушінің мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) қызмет берушінің жауапты орындаушысы.

11 11. Құрылымдық бөлімшелердің арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) реттілігін сипаттау осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес блок кестемен сүйемелденеді.

12

12. Қызмет берушінің мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін жан-жақты сипаттау осы регламенттегі 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес үдерісінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес үдерісінің анықтамалығы қызмет берушінің интернет - ресурсында орналастырылады.

21 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен

кейінгі білім беретін ұйымдарға
құжаттар қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1- қосымша
Құрылымдық бөлімшелердің арасындағы рәсімдер (әрекеттер) реттілігі сипаттамасының блок кестесі

22 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен

кейінгі білім беретін ұйымдарға
құжаттар қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2- қосымша
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес үдерісінің анықтамалығы

Қолданыстағы