Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности.

Қаулы · № 232 · қабылданған 09.07.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-81812/on/2026-08-25/
Басып шығарылды 2026-08-25 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности. Күшін жойған Қаулы ·№ 232 ·09.07.2014
07.07.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
25.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.07.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности.

Күшін жойған Қаулы ·№ 232 · 25.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности.
Атауы (қаз.)
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы.
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
232
Қабылданған күні
09.07.2014
Көрсетілген редакция
07.07.2015 81812_207950.kaz
Соңғы өзгеріс
07.07.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14NT004970
ЭКБ идентификаторы
81812
Редакция идентификаторы
81812_207950
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:09

0 Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238–бабының 3–тармағына, 18–бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 – бабының 2–тармағына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

әкімдіктің 2008 жылғы 16 сәуірдегі № 86 «Ауылдық (селолық) елді – мекендерде жұмыс істейтін және аудандық бюджет қаражатының есебінен жиырма бес пайыздан төмен емес көтерілген лауазымдық жалақыларға және тарифтік ставкаларға құқығы бар, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет мамандарының лауазымдарының тізімін белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-20-72 тіркелген, 2008 жылғы 5 маусымда «Федоровские новости» аудандық газетінде жарияланған) қаулысы;
әкімдіктің 2013 жылғы 25 қарашадағы № 364 «Әкімдіктің 2008 жылғы 16 сәуірдегі № 86 «Ауылдық (селолық) елді - мекендерде жұмыс істейтін және аудандық бюджет қаражатының есебінен жиырма бес пайыздан төмен емес көтерілген лауазымдық жалақыларға және тарифтік ставкаларға құқығы бар, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет мамандарының лауазымдарының тізімін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4361 тіркелген, 2014 жылғы 9 қаңтарда «Федоровские новости» аудандық газетінде жарияланған) қаулысы.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Федоров аудандық
мәслихатының хатшысы
_________________ Б. Бекенов

4 Әкімдіктің

2014 жылғы 9 шілдедегі
№ 232 қаулысына
қосымша
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс
істейтін  әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және
ветеринария  саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

1 1) мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы (мектепке дейінгі мемлекеттік мекемеден және қазыналық кәсіпорыннан басқа);

2 2) интернат меңгерушісі;

3 3) барлық мамандықтағы дәрігерлер;

4 4) медициналық бике;

5 5) зертханашы;

6 6) емдәм бикесі;

7 7) үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімше (орталық) меңгерушісі;

8 8) күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

9 9) жұмыспен қамту орталығының маманы.

2 2. Білім мамандарының лауазымдары:

1 1) мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы (мектепке дейінгі мемлекеттік мекемеден және қазыналық кәсіпорыннан басқа);

2 2) мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары (мектепке дейінгі мемлекеттік мекемеден және қазыналық кәсіпорыннан басқа);

3 3) мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын бөлімшесінің басшысы;

4 4) мектепке дейінгі мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы;

5 5) әдістемелік кабинеттің әдістемешісі;

6 6) интернат меңгерушісі;

7 7) барлық мамандықтағы мұғалімдер;

8 8) кітапханашы;

9 9) жетекші;

10 10) тәрбиеші;

11 11) нұсқаушы;

12 12) логопед;

13 13) медициналық бике;

14 14) әдістемеші;

15 15) музыкалық жетекші;

16 16) психолог;

17 17) әлеуметтік педагог;

18 18) емдәм бикесі;

19 19) аккомпаниатор;

20 20) үйірме жетекшісі.

3 3. Мәдениет мамандары лауазымдары:

1 1) мәдениет мемлекеттік мекемесінің және қазыналық кәсіпорнының басшысы;

2 2) көркемдік жетекші;

3 3) кітапхана меңгерушісі;

4 4) аккомпаниатор;

5 5) кітапханашы;

6 6) дыбыс режиссері;

7 7) мәдени ұйымдастырушы;

8 8) әдістемеші;

9 9) музыкалық жетекші;

10 10) хореограф;

11 11) барлық атаудағы суретшілер;

12 12) жарық аппаратурасы операторы;

13 13) дыбыс жазба операторы.

4 4. Ветеринария мамандарының лауазымдары:

1 1) мал дәрігері;

2 2) ветеринарлық фельдшер.

Қолданыстағы