Құжат мәтініне өту

Об утверждении дополнительного перечня импортируемых товаров, подлежащих обложению акцизами по стране происхождения

Бұйрық · № 208 · қабылданған 25.07.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-81817/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении дополнительного перечня импортируемых товаров, подлежащих обложению акцизами по стране происхождения Қолданыста Бұйрық ·№ 208 ·25.07.2014
25.07.2014 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.07.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении дополнительного перечня импортируемых товаров, подлежащих обложению акцизами по стране происхождения

Қолданыста Бұйрық ·№ 208 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении дополнительного перечня импортируемых товаров, подлежащих обложению акцизами по стране происхождения
Атауы (қаз.)
Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
208
Қабылданған күні
25.07.2014
Көрсетілген редакция
25.07.2014 AI81817_0.kaz
Соңғы өзгеріс
25.07.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400009660
ЭКБ идентификаторы
81817
Редакция идентификаторы
AI81817_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:00

0 Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін бекіту туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 279-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 мамырдағы № 507 қаулысымен бекітілген Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидаларының 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесі бекітілсін.

2 2. Сыртқы сауда қызметін дамыту департаменті (Ә.Н. Әлімбетова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Т.М. Жақсылықовқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

0 Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылған импортталатын тауарлардың қосымша тізбесі

Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрінің
2014 жылғы 25 шілдеде
№ 208 бұйрығымен
бекітілген
Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылған импортталатын тауарлардың қосымша тізбесі
Өзбек­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан им­порт­та­ла­тын та­у­ар­лар
р/с №
Сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­мет­тің та­у­ар но­мен­кла­ту­ра­сы­ның ко­ды
Та­у­ар­дың ата­уы
1
2
3
1
8703 21 1099
Ұш­қы­н­мен тұ­та­на­тын және қай­та­лап тү­се­тін қоз­ға­лы­сты іш­тен жа­ну қоз­ғалт­қы­шы бар, қоз­ғалт­қыш ци­лин­др­ле­рі­нің жұ­мыс кө­ле­мі 1000 тек­ше сан­ти­метр­ден ас­пай­тын кө­лік құ­рал­да­ры
2
8703 22 1099
Ұш­қы­н­мен тұ­та­на­тын және қай­та­лап тү­се­тін қоз­ға­лы­сты іш­тен жа­ну қоз­ғалт­қы­шы бар, қоз­ғалт­қыш ци­лин­др­ле­рі­нің жұ­мыс кө­ле­мі 1000 тек­ше сан­ти­метр­ден астам, бі­рақ 1500 тек­ше сан­ти­метр­ден ас­пай­тын кө­лік құ­рал­да­ры

Қолданыстағы