Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил осуществления деятельности негосударственных противопожарных служб

Қаулы · № 862 · қабылданған 31.07.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-81879/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об утверждении Правил осуществления деятельности негосударственных противопожарных служб Күшін жойған Қаулы ·№ 862 ·31.07.2014
18.06.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.06.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил осуществления деятельности негосударственных противопожарных служб

Күшін жойған Қаулы ·№ 862 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил осуществления деятельности негосударственных противопожарных служб
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
862
Қабылданған күні
31.07.2014
Көрсетілген редакция
18.06.2015 AI81879_2.kaz
Соңғы өзгеріс
18.06.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1400000862
ЭКБ идентификаторы
81879
Редакция идентификаторы
AI81879_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:56

0 Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 20) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң қызметін жүзеге асыру қағидалары бекiтiлсiн.

2 2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

1 1) «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жұмысын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 қазандағы № 949 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 40, 449-құжат);

2

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 1567 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 3, 49-құжат).

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң қызметін жүзеге асыру қағидалары

Қазақстан РеспубликасыYкiметінiң
2014 жылғы 31 шілдедегі
№ 862 қаулысымен
бекiтiлген
Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң қызметін жүзеге асыру қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң қызметін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 20) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң қызметін жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi.

2 2. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтiң негiзгi мiндеттерi:

1 1) ұйымдарда, елдi мекендерде және объектiлерде өрттердiң алдын алу және сөндiру;

2 2) ұйымдарда, елдi мекендерде және объектiлерде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу болып табылады.

3 3. Ұйымдардың, елді мекендердің және объектілердің (бұдан әрі – объект) өрт қауіпсіздігі мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құру немесе жұмыс істеп тұрған мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтермен қызмет көрсетуге арналған шарттар жасасу арқылы қамтамасыз етіледі.

4 4. Негiзгi мiндеттерiне сәйкес мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет жолға шығатын техникасы бар және жолға шығатын техникасы жоқ болып құрылады:

1 1) жолға шығатын техникасы бар – қарамағында негiзгi және арнайы өрт сөндiру автомобильдерi бар өрт сөндiру бөлiмдерi;

2 2) жолға шығатын техникасы жоқ – қызметкерлерi өрттердiң алдын алу (профилактика) бойынша жұмысты жүзеге асыратын және өрттердi алғашқы өршу сатысында өрт сөндiрудiң стационарлық, ұтқыр немесе қолмен басқарылатын құралдарын пайдалана отырып, сөндiруге қатысатын өрт сөндiру бекеттерi.

Теңізде мұнай операцияларын жүргізу үшін стационарлық теңіз құрылыстарында жолға шығатын техника ретінде өрт сөндіру немесе өрт сөндіруге бейімделген кемелер көзделеді.

5

5. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметке жұмысқа он сегiз жасқа толған және мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң мамандарын даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi өрт қауiпсiздiгi саласындағы мамандандырылған оқу орталықтарында арнайы даярлық бойынша оқу курсынан өткен Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.

6 6. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтiң өртпен күресуге әзiрлiгiн бақылауды және өртке қарсы қызметтердiң қызметiн үйлестiруді азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

2 2. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтің қызметін ұйымдастыру тәртібі

7 7. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтің қызметін ұйымдастыру тәртібін осы Қағидаларға сәйкес объектiлердiң басшылары айқындайды.

8 8. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет өз қызметін объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыстарды жүргізуге құқығы бар аттестат болған жағдайда жүзеге асырады.

9 9. Мемлекеттiк емес өртке қарсы бiр қызметтің оны ұстауға үлестiк қатысатын және «Өнеркәсіптік кәсіпорындардың бас жоспарлары» ІІ-89-80* ҚНжЕ талаптарына сәйкес мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтің нормативтiк шығу радиусындағы бiрнеше объектiге қызмет көрсетуiне болады.

10 10. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтің қызметін ұйымдастыруды регламенттейтiн құжаттар осы Қағидаларға 1-қосымшада келтiрiлген мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет құжаттарының тiзбесiне сәйкес қалыптастырылады.

11 11. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет тұрақты (тәулiк бойы) дайындықта болады.

12

12. Есептоптың командирi басқаратын өрт сөндiру автомобилiндегі есептоп жолға шығатын техникасы бар мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтiң өрт сөндiру бөлiмдерiнiң негiзгi бiрлiгi болып табылады. Өрт сөндiру бөлiмiнде екi және одан астам өрт сөндiру автомобилi болған кезде қарауылдардың бастықтары (ауысымдардың басшылары) басқаратын қарауылдар құрылады.

13 13. Жолға шығатын техникасы бар өрт сөндiру бөлiмдерiнде өрттердiң алдын алу жұмыстарын жүзеге асыру үшiн объект басшысының шешімімен нұсқаушылары бар өрт профилактикасы топтары құрылады.

14 14. Жолға шығатын техникасы жоқ мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет құрылған объектiлердi өрттерден күзетудi нұсқаушы-өрт сөндiрушiлер (кезекшi ауысымда кемiнде 2 штаттық қызметкер) жүзеге асырады.

15 15. Объект басшысының шешімімен мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтің өрт сөндiру бөлiмдерi мен бекеттерiнде күштердi, құралдарды жедел басқаруды ұйымдастыру және мемлекеттiк өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiмен өзара iс-қимыл жасау үшiн:

1 1) өрт, авария туралы хабарламаларды қабылдауды;

2 2) шақыру орнына өрт сөндiру автомобильдерiндегі есептоптарды жіберуді;

3 3) өкiмдер берудi, өрт орнынан ақпарат алуды және өрт сөндiруге тартылатын бөлiмшелермен өзара iс-қимыл жасауды қамтамасыз ететiн ұйым немесе объекті басшысының шешімімен байланыс пункттері құрылады.

Өрт сөндiру бөлiмінiң (бекетінiң) байланыс пункті мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң жақын орналасқан бөлiмшесiнiң байланыс пунктімен байланыс арнасымен қамтамасыз етіледі.

16

16. Өрт сөндiру автомобильдерi ұтқыр радиостанциялармен қамтамасыз етiледi. Тасымалданатын байланыс құралдарымен, сондай-ақ өрт сөндiру басшысы, кезекшiлiктi жүзеге асыратын және жұмыс жағдайы бойынша өрт сөндiру бөлiмi мен бекетi тұрақты орналасқан жерден тыс жерлердегi қызметкерлер қамтамасыз етiледi.

17 17. Өрт сөндiру бөлiмдерiнде және бекеттерiнде демалуға қолайсыз ортада жұмыс iстеу мүмкiндiгi үшiн объект басшысының шешімімен газ-түтiннен қорғау қызметi құрылады.

18 18. Өрт сөндiру деполарының саны мен оларды объектiнiң аумағында орналастыру «Өнеркәсiптiк кәсiпорындардың бас жоспарлары» II-89-80*ҚНжЕ талаптарына сәйкес айқындалады.

19

19. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет үшін негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің саны осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес айқындалады. Объектілер мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің құрамында үлестік қатысқанда негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің саны ең көп су шығынын қажет ететін объект үшін айқындалады.

20 20. Объектiлерде өрттердi сөндiру үшiн қажеттi негiзгi өрт сөндiру автомобильдерiн жөндеу және/немесе техникалық қызмет көрсету кезiнде тасымалданатын немесе жылжымалы өрт сөндiру мотопомпалары көзделедi.

21 21. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет үшін арнайы өрт сөндіру автомобильдерінің санын объект басшысы олардың ерекшеліктерін ескере отырып айқындайды.

22 22. Өрт сөндiру автомобильдерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 16 қаулысымен бекітілген «Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес орналастырылады және пайдаланылады.

23 23. Объектідегі кезекшілік ауысымдағы мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің саны өрт сөндіру автомобиліндегі есептоптардың санына көбейтілген өрт сөндіру автомобильдерінің санымен анықталады.

24 24. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерiнiң жалпы саны Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес олардың жұмыс ауысымын және жұмыс уақытының ұзақтығын ескере отырып анықталады.

25 25. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерiнiң жалпы саны объект қызметкерлерiнiң бекітілген штат санына тең немесе 50 % артық болғанда есептоптың лауазымдарын өртке қарсы ерікті құралымдар құрамына кіретін объектінің штаттық қызметкерлері есебінен ауыстыруға болады.

26 26. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметте объектiнiң өндiрiстiк сипатын ескере отырып, теориялық және практикалық сабақтарды қосып, қызметкерлердi жыл сайын арнайы даярлауды ұйымдастыру көзделедi.

27 27. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет қызметкерлері мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары үшiн белгiленген нормалар бойынша арнайы киiм-кешекпен және өртке қарсы жарақтармен қамтамасыз етіледі.

1 Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет құжаттарының тiзбесi

Мемлекеттік емес өртке қарсы
қызметтердің қызметін жүзеге
асыру қағидаларына
1-қосымша
Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет құжаттарының тiзбесi
Р/с

Құ­жат­тың ата­уы
Сақ­тау ор­ны
1
2
3
Қыз­мет­тi ұй­ым­да­сты­ру бой­ын­ша
1.
Қыз­мет кiта­бы
Қа­ра­уыл ба­стығы
2.
Ке­зек­шi қа­ра­уыл қыз­мет­кер­лерiнiң функ­ци­о­нал­дық мiн­дет­терi
Бөлiм ба­стығы, № 1 пап­ка
3.
Бөлiм­ше жа­ра­ғын­да­ғы өрт сөн­дi­ру ав­то­мо­биль­дерiне ар­нал­ған есеп­тің та­белi
№ 1 пап­ка, стенд
4.
Қа­ра­уыл­дар­ға қыз­мет­кер­лер­дi бекiту ту­ра­лы бөлiм ба­стығ­ы­ның бұй­ры­ғы
Бөлiм ба­стығы, № 1 пап­ка
5.
Қыз­мет­кер­лер­дiң ме­кен­жай­ла­ры мен те­ле­фон­да­ры­ның тiз­бесi
№ 2 пап­ка
6.
Те­ле­фон анық­та­ма­лы­ғы, ОӨБП (КҚЖ­БО), бөлiм­ше­лер­дiң, гар­ни­зон­ның ла­у­а­зым­ды адам­да­ры ра­дио­стан­ци­я­ла­ры­ның ша­қы­ру­ла­ры
№ 1, 2 пап­ка
Да­яр­ла­уды ұй­ым­да­сты­ру бой­ын­ша
7.
Же­ке құ­рам­ды кәс­iп­тік да­яр­ла­уды ұй­ым­да­сты­ру және өт­кi­зу жөнiн­де­гi бұй­рық (ағым­да­ғы жы­л­ға)
Бөлiм ба­стығы
8.
Өрт сөн­дiру­шi, жүр­гi­зу­шi және ра­дио­те­ле­фо­нист ла­у­а­зым­да­ры­на жа­ңа­дан қа­был­дан­ған қыз­мет­кер­лер­дiң ал­ғаш­қы да­яр­лық­тан өтуі ту­ра­лы сер­ти­фи­кат­тар (кө­шір­ме­лер), олар­дың та­ғы­лым­да­ма­дан өту­ін ұй­ым­да­сты­ру және оны өт­кi­зу құ­жат­та­ры
Бөлiм ба­стығы
9.
Ар­найы да­яр­лық­тан және та­ғы­лам­да­ма­дан өт­кен­нен кей­iн дер­бес жұ­мыс iсте­у­ге жi­бе­ру ту­ра­лы бұй­рық
Бөлiм ба­стығы
10.
Өрт сөн­дiру­шiлер­дi, жүр­гi­зу­шiлер­дi және ра­дио­те­ле­фо­ни­стер­дi ке­зек­ті да­яр­лау жөнiн­де­гi та­қы­рып­тық жос­пар­лар мен са­бақ­тар­дың кесте­лерi
Бөлiм ба­стығы
11.
Объ­ек­тiлер­дi же­дел так­ти­ка­лық зер­де­ле­удің, өрт-так­ти­ка­лық са­бақ­тар өт­кi­зу­дің жос­пар-кестесi (күн­дiз­гi және түн­гi уа­қыт­та)
№ 1 пап­ка
12.
Же­ке құ­рам­ды ТКОЖҚҚ түтiн ка­ме­ра­сын­да жат­тық­ты­ру­дың жос­пар-кестесi
Бөлiм ба­стығы, № 1 пап­ка
Өрт сөн­дiрудi ұй­ым­да­сты­ру бой­ын­ша
13.
Бөлiм­ше­лер­дiң шы­ғу кестесi (үзiн­дi) неме­се «Кү­ш­тер мен құ­рал­дар­ды жұ­мыл­ды­ру жос­па­ры»
Бөлiм­нiң бай­ла­ныс пунк­тi
14.
Бөлiм­ше­лер­дiң ор­на­ты­л­ған су көз­дерiне, өрт шы­ғу, жа­ры­лу қа­у­пi бар объ­ек­тiлер­ге, ҚӘУЗ объ­ек­тiлерiне, адам­дар жап­пай бо­ла­тын объ­ек­тiлер­ге және бас­қа да ма­ңы­зды объ­ек­тiлер­ге шы­ғу ауда­ны­ның жос­пар-кар­та­сы
Бөлiм­нiң бай­ла­ныс пунк­тi
15.
Өза­ра iс-қи­мыл жа­сау, тiр­шiлiк­тi қам­та­ма­сыз ету қыз­мет­терiнiң, ҚР ТЖМ аумақ­тық бөлiм­ше­лерiнiң те­ле­фон анық­та­ма­лы­ғы
№ 2 пап­ка
16.
Өза­ра iс-қи­мыл жа­сау, тiр­шiлiк­тi қам­та­ма­сыз ету қыз­мет­терi­мен, ҚР ТЖМ аумақ­тық бөлiм­ше­лерi­мен өза­ра iс-қи­мыл жа­сау нұс­қа­улық­та­ры
№ 1, № 2 пап­ка
17.
Өрт сөн­дiрудiң же­дел жос­пар­ла­ры мен кар­точ­ка­ла­ры­ның тiзi­мi
Бөлiм­нiң бай­ла­ныс пунк­тi, № 2 пап­ка
18.
Өрт сөн­дiрудiң же­дел жос­пар­ла­ры мен кар­точ­ка­ла­ры
Бөлiм­нiң бай­ла­ныс пунк­ті
19.
Өрт сөн­дi­ру ав­то­мо­биль­дерiнiң өрт­ке шы­ғу жол­да­ма­ла­ры
Бөлiм­нiң бай­ла­ныс пунк­ті
20.
Бөлiм­нiң бай­ла­ныс пунк­тiнiң жур­на­лы
Бөлiм­нiң бай­ла­ныс пунк­ті
21.
Сап­тық жа­з­ба жур­на­лы
Бөлiм­нiң бай­ла­ныс пунк­ті
22.
Кiрiс те­ле­фо­но­грам­ма­ла­ры­ның жур­на­лы
Бөлiм­нiң бай­ла­ныс пунк­ті
Газ-түтiн­нен қор­ғау қыз­метi бой­ын­ша (болған жағ­дай­да)
23.
Газ-түтiн­нен қор­ғау­шы­ның же­ке кар­точ­ка­сы
Қа­ра­уыл ба­стығы
24.
Газ-түтiн­нен қор­ғау­шы­ға ТОЖҚҚ бекiту (қай­та бекiту) ту­ра­лы бұй­рық
№ 1 пап­ка
25.
Қыз­мет­кер­лер­дi қа­уiп­сiздiк бе­кетiн­де дер­бес жұ­мыс iсте­у­ге жi­бе­ру ту­ра­лы бұй­рық­тан үзiн­дi
№ 1 пап­ка
26.
ГТҚҚ бе­кетiн­де­гi ГТҚҚ мүл­кiнiң тiзi­мi (жаб­дық, ас­пап, мас­ка жа­ра­ғы, бал­лон­дар, ре­ге­не­ра­тив­тi па­трон­дар, ТОЖҚҚ)
ГТҚҚ бе­кетi
27.
ГТҚҚ бе­кетiн­де жұ­мыс iсте­ген және ТОЖҚҚ қыз­мет көр­се­ту кезiн­де­гi қа­уiп­сiздiк ша­ра­ла­ры ту­ра­лы нұс­қа­улық
ГТҚҚ бе­кетi
28.
ТОЖҚҚ жөн­де­у­ге тап­сы­ру ту­ра­лы акт
ГТҚҚ бе­кетi (пап­ка­да)
29.
ТОЖҚҚ № 1 тек­серiстi тiр­ке­удi есеп­ке алу жур­на­лы
Қа­ра­уыл ба­стығы
30.
ТОЖҚҚ № 2 тек­серiстi тiр­ке­удi есеп­ке алу жур­на­лы
Қа­ра­уыл ба­стығы
31.
ГТҚҚ жұ­мыс iсте­ушi буын­дар­ды есеп­ке алу жур­на­лы
Есеп­топ­та­ғы әр­бiр негiз­гi ав­то­мо­биль­ге – 1
Қа­уiп­сiздiк тех­ни­ка­сы бой­ын­ша
32.
Қа­уiп­сiздiк тех­ни­ка­сы бой­ын­ша нұс­қа­улық жур­на­лы
Бөлiм ба­стығы
Өрт сөн­дi­ру тех­ни­ка­сы бой­ын­ша
33.
Өрт сөн­дi­ру ма­ши­на­ла­ры­на жүр­гi­зу­шiлер құ­ра­мын бекiту ту­ра­лы бұй­рық­тан үзiн­дi
№ 1 пап­ка
34.
Өрт сөн­дi­ру ма­ши­на­ла­ры­на ТҚК кестесi, өрт сөн­дi­ру ав­то­мо­биль­дерiне ТҚК жүр­гi­зудiң жос­пар-кар­та­сы
Бөлiм ба­стығы, № 1 пап­ка, стенд
35.
Өрт сөн­дi­ру ав­то­мо­биль­дерiн қа­был­дау-тап­сы­ру жур­на­лы
Қа­ра­уыл ба­стығы
Өрт-тех­ни­ка­лық жа­рақ бой­ын­ша
36.
Өрт-тех­ни­ка­лық жа­рақ­ты сы­нау жур­на­лы
Қа­ра­уыл ба­стығы
37.
Әр­бiр негiз­гi және ар­найы ав­то­мо­биль­ге өрт-тех­ни­ка­лық жа­рақ тiзi­мi
Қа­ра­уыл ба­стығы, ав­то­көлiк
38.
Ди­элек­тр­лiк құ­рал­дар­ды сы­нау ак­тiлерi
Қа­ра­уыл ба­стығы
Тү­тіктік ша­ру­а­шы­лық бой­ын­ша
39.
Өрт сөн­дi­ру тү­тікте­рі­нің пас­порт­та­ры
Қа­ра­уыл ба­стығы
40.
Тү­тіктер­ді есеп­ке алу жур­на­лы
Қа­ра­уыл ба­стығы
41.
Өрт сөн­дi­ру тү­тікте­рін соң­ғы сы­нау ве­до­мо­сі
Бөлiм ба­стығы, қа­ра­уыл ба­стығы
Өрт­ке қар­сы су­мен жаб­дық­тау бой­ын­ша
42.
Гид­рант­тар­ды және бас­қа да су­мен жаб­дық­тау көз­дерiн тек­се­ру жур­на­лы
Қа­ра­уыл ба­стығы
43.
Объ­ек­тiнiң су көз­дерiнiң анық­та­ма­сы мен план­шетi
Есеп­топ­та­ғы әр­бiр негiз­гi ав­то­мо­биль­ге
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҚР ТЖМ – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi
ОӨББ – орталық өрт сөндiру байланыс пунктi
КҚЖБО – күштер мен құралдарды жедел басқару орталығы
ТОЖҚҚ – тыныс алу органдарын жеке қорғау құралы
ҚӘУЗ – қатты әсер ететiн улы заттар
ГТҚҚ – газ-түтiннен қорғау қызметi
ТҚК – техникалық қызмет көрсету

2 Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшелері үшін негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің санын анықтау тәртібі

Мемлекеттік емес өртке қарсы
қызметтердің қызметін жүзеге
асыру қағидаларына
2-қосымша
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшелері үшін негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің санын анықтау тәртібі

1

1. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшелері үшін негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің саны объектінің сыртқы өрт сөндіруге жұмсалатын қажетті су шығынының қол оқпандарымен бір өрт сөндіру автомобилінің есептобы беретін су шығынына қатынасымен (14 л/с) анықталады. Мәнi 0,5 артық болғанда алынған мәндi ұлғайту жағына қарай және керiсiнше, бiрақ бiр автомобильден кем емес етіп дөңгелектеу қажет.

2 2. Объектiнің сыртқы өрт сөндiруіне жұмсалатын су шығыны «Сумен жабдықтау. Сыртқы желiлер мен құрылыстар» 4.01.02-2009 ҚР ҚНжЕ талаптарына сәйкес объектiнiң аумағында бiр мезгiлде болатын өрттердiң есептiк санын және сыртқы өрт сөндiруге жұмсалатын қажеттi су шығынын ескере отырып анықталады.

3 3. Объектiде бiр мезгiлде болатын екi өрт кезiнде сыртқы өрт сөндiруге жұмсалатын су шығыны ең көп су шығынын қажет ететiн екi ғимарат бойынша қабылдануы тиiс.

4

4. Өндiрiстiк ғимараттар мен құрылыстарда сыртқы өрт сөндiруге, сондай-ақ мұнай мен мұнай өнiмдерiн сақтауға және тасымалдауға байланысты сыртқы технологиялық қондырғыларына жұмсалатын су шығыны «Мұнай және мұнай өнiмдерiнiң қоймалары. Өртке қарсы нормалар» 2.11.03-93 ҚНжЕ талаптарына сәйкес қабылданады.

5

5. Өндiрiстiк ғимараттар мен құрылыстарда, сондай-ақ өрт шығу, жарылу қаупi бар өндiрiстердiң (резервуарлық парктер, сорғымен айдау станцияларының ғимараттары, ағызу-қотару эстакадалары) сыртқы технологиялық қондырғыларда сыртқы өрт сөндiру автоматты өрт сөндiру жүйелерiмен немесе жоғары қысымды су құбырында орнатылған тұрақты лафеттi оқпандармен жүзеге асырылған жағдайда, көрсетiлген объектiлерде жолға шығатын техникадан өрттердi сөндiруге жұмсалатын су шығыны қосалқы өндiрiс ғимараты (әкiмшiлiк ғимараттар, гараждар, тұрақтар) үшiн, сондай-ақ «Мұнай және мұнай өнiмдерiнiң қоймалары. Өртке қарсы нормалар» 2.11.03-93 ҚНжЕ 8.6, 8.19-тармақтарында анықталған ғимараттар мен құрылыстарға есептеледi.

6

6. «Мұнай және мұнай өнiмдерiнiң қоймалары. Өртке қарсы нормалар» 2.11.03-93 ҚНжЕ 8.6, 8.19-тармақтарында анықталған ғимараттар мен құрылыстарды қоспағанда, қосалқы өндiрiсте сыртқы өрт сөндiруге жұмсалатын су шығыны ең көп су шығынын қажет ететiн ғимараттар (құрылыстар) үшiн «Сумен жабдықтау. Сыртқы желiлер мен құрылыстар» 4.01.02-2009 ҚР ҚНжЕ 5.2.6-тармағына сәйкес қабылданады.

Қолданыстағы