О внесении изменений и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан по вопросам специальных экономических зон
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан по вопросам специальных экономических зон
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 872
- Қабылданған күні
- 31.07.2014
- Көрсетілген редакция
- 05.05.2018 81887_341700.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.05.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U1400000872
- ЭКБ идентификаторы
- 81887
- Редакция идентификаторы
- 81887_341700
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:56
0 Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 1. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1
2
3 3) «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 24 қарашадағы № 181 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 2, 17-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. АЭА аумағындағы қызметтің басым түрлері:
1) металлургия өнеркәсібі;
2) машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдары өндірісі;
3) авиациялық, автомобиль және мотоцикл қозғалтқыштарынан басқа, қозғалтқыштар мен турбиналар өндірісі;
4) автокөлік құралдары, трейлерлер мен жартылай тіркемелер өндірісі;
5) компьютерлер, электрондық және оптикалық бұйымдар өндірісі;
6) электр жабдықтары өндірісі;
7) химия өнеркәсібі өнімдері өндірісі;
8) резеңке мен пластмасса бұйымдары өндірісі;
9) құрылыс материалдары мен металл емес минералдық өнімдер өндірісі;
10) гидравликалық жабдықтар өндірісі;
11) өзге сорғылар, компрессорлар, тығындар мен қақпақшалар өндірісі;
12) өзге де шүмектер мен бұрандалар өндірісі;
13) подшипниктер, тегершіктер мен тісті берілістердің элементтері мен жетектер өндірісі;
14) плиталар, пештер мен пеш оттықтары өндірісі;
15) көтеру және тасымалдау жабдықтары өндірісі;
16) қол электр құралдары өндірісі;
17) өнеркәсіптік тоңазыту мен желдету жабдықтары өндірісі;
18) сұйық минералдарға арналған тазалау аппараттары өндірісі;
19) сұйық минералдарды немесе ұнтақтарды өндіруге, диспергациялауға немесе тозаңдатуға арналған жабдықтар өндірісі;
20) мұнайды тазалауға, химия өнеркәсібіне, сусындарды өндіру жөніндегі индустрияға арналған тазалау жабдықтары өндірісі;
21) центрифугаларды (қаймақайырғыштар мен кептіру аппараттарынан басқа) өндірісі;
22) судың кері циркуляциясы арқылы тікелей суытуға арналған сумен суыту бағандары өндірісі;
23) ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы техникасы өндірісі;
24) металдарды қысыммен өңдеуге арналған жабдықтар өндірісі;
25) өзге де металл өңдейтін станоктар өндірісі;
26) металлургияға арналған машиналар мен жабдықтар өндірісі;
27) тау-кен өндіру өнеркәсібіне, жерасты жұмыстарына және құрылысқа арналған техникалар өндірісі;
28) тамақ өнімдерін, сусындарды және темекі бұйымдарын өндіруге және қайта өңдеуге арналған жабдықтар өндірісі;
29) тоқыма, тігін, үлбір мен тері бұйымдарын дайындауға арналған жабдықтар өндірісі;
30) қағаз бен қатырма қағаз дайындауға арналған техникалар өндірісі;
31) резеңкені, пластмасса мен басқа да полимер материалдарды қайта өңдеуге арналған жабдықтар өндірісі болып табылады.