Құжат мәтініне өту

Об определении порядка расчета ставки арендной платы при передаче районного коммунального имущества в имущественный наем (аренду)

Қаулы · № 201 · қабылданған 10.07.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-81895/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об определении порядка расчета ставки арендной платы при передаче районного коммунального имущества в имущественный наем (аренду) Күшін жойған Қаулы ·№ 201 ·10.07.2014
09.02.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении порядка расчета ставки арендной платы при передаче районного коммунального имущества в имущественный наем (аренду)

Күшін жойған Қаулы ·№ 201 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении порядка расчета ставки арендной платы при передаче районного коммунального имущества в имущественный наем (аренду)
Атауы (қаз.)
Ауданның коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
201
Қабылданған күні
10.07.2014
Көрсетілген редакция
09.02.2015 AI81895_2.kaz
Соңғы өзгеріс
09.02.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14SF002899
ЭКБ идентификаторы
81895
Редакция идентификаторы
AI81895_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:09

0 Ауданның коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін анықтау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағы 2) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 74 бабы
3 тармағына, «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидасының 50 тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса берілген ауданның коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі қосымшаға сәйкес анықталсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің орынбасары Қанат Қайырлыұлы Едіресовке жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 10 шілдедегі № 201
қаулысына қосымша
Ауданның коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі

1

1. Осы есеп ауданның коммуналдық мүлкін (бұдан әрі – Есеп) мүліктік жалға (жалдауға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысының 50-тармағына сәйкес әзірленді, және ауданның коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) берудің тәртібін айқындайды.

2

2. Коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) берудің жылдық жалдау ақысының есебі құрылыс типі, тұрғын емес үй-жайдың түрі, қолайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициенттердің
қолданылатын базалық мөлшерлемесі мен көлемдері негізінде белгіленеді және мына формула бойынша жүзеге асырылады:
Ап = Рбс х S х Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф,
мұнда:
Ап – аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерінің жылына 1 шаршы метрге жалдау ақысының жылдық мөлшерлемесі;
Рбс – 1 шаршы метрге жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі, жылына теңге;
S – жалға алынатын алаң, шаршы метр;
Кт - құрылыс типін ескеретін коэффициент;
Кк – тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент;
Кск - қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент;
Кр – аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
Квд - жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.
Ауданның коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде қолданылатын коэффициенттердің көлемі және базалық мөлшерлемесі, құрылыс типі, тұрғын емес үй-жайдың түрі, қолайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалға алушы ауданның коммуналдық мүлкін мүліктік жалға (жалдауға алуға) беруге жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысаны ескеріледі.
№ р/с
Базалық мөлшерлемесі
Әкімшілік - аумақтық бірлік
Базалық мөлшерлемесінің көлемі
1
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы
сәйкес жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленген 1,5 айлық есептік көрсеткіші
№ р/с
Коэффициент түрі
Коэффициенткөлемі
1
Құрылым түрін ескеретін коэффициент (Кт):
1.1 кеңселік
1
1.2 өндірістік
0,8
1.3 қойма, көлікжай, қазандық
0,6
1.4 спорттық ғимараттары (стадиондар, спорт залдары)
0,7
2
Тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент (Кк)
2.1 жеке тұрған құрылыс
1
2.2 жапсарлас-жанаса салынған бөлігі
0,9
2.3 астыңғы (жартылай жертөле) бөлігі
0,7
2.4 жертөле бөлігі
0,6
2.5 ғимараттағы үй-жай
0,6
3
Үй-жайдың қолайлылығын ескеретін коэффициент (Кск)
3.1 барлық инженерлік-техникалық құрылғылары бар үй-жайлар үшін (электр қуаты, кәріз, сумен жабдықтау, жылу) коммуникациялардың қандай да бір түрлері
жоқ болса, әрбір түрге 0,1 азаяды.
1
4
Аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент (Кр):
4.1 аудандық орталықтар үшін
1
4.2 ауылдық елді мекендер үшін
0,5
5
Жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент (Квд):
5.1 брокерлік қызметті жүзеге асыру және кеден қызметтерін көрсету, айырбастау пункттері және қызметі бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалдық кеңселер, адвокаттық кеңселер үшін
3
5.2 коммуникациялық қызмет үшін, соның ішінде байланыс қызметі, автоматтандырылған телефон станциясы, пошталар, есептік-кассалық орталық банктар
2
5.3 айырбастау пунктері үшін
5
5.4 тренажер залдары, фитнес - клубтар, техникалық қызмет көрсету стансалары, шеберхана жұмыстарын ұйымдастыру үшін
2
5.5 қоғамдық тамақтандыру, қонақ үй қызметтері, сауда және сауда - саттық қызметтерін, дәріхана және дәріханалық пункттер ұйымдастыру үшін
3
5.6 оқу орындарында қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру үшін
0,5
5.7 білім беру (мектептен тыс, оқушылар үшін үйірме қызметі, компьютерлік сыныптар), балалар мен жасөспірімдерге дене шынықтыру және спорт, денсаулық сақтау және мәдениет салаларында қызметтер көрсету үшін
1
5.8 өндірістік қызмет үшін
2
5.9 көлікжай, қойма, сақтау камераларына арналған үй-жай үшін
2
5.10 басқалар үшін
1,5
6
Жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Копф):
6.1 жеке кәсіпкерлер үшін өндірістік қызметті ұйымдастыру және тұрғындарға қызмет көрсету саласын дамыту, тек сауда-делдалдық қызметсіз
0,9
6.2 жеке меншік үлгісімен құрылым үшін
(акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік)
2
6.3 қоғамдық ұйымдар және бірлестік үшін
1
6.4 қалғандары үшін
1

3 3. Көлік құралдарын, аудандық коммуналдық меншік мүлкін, мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін қоспағанда, мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру ақысын есептеу.

Көлік құралдарын, аудандық коммуналдық меншік мүлкін, мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерін қоспағанда, мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру жылдық ақысы төмендегідей болып белгіленеді:
Ар = С х К1 х К2,
мұнда: Ар –жалдау ақысының жылдық мөлшерлемесі;
С – жылдық базалық мөлшерлеме, тең қолданылады С= (Sбал.* Nамор.),
мұнда:
S бал. - тапсырылатын объектінің бастапқы құны;
N аморт. - жылдық тозу нормасы, Қазақстан Республикасы Салық кодексіне сәйкес тіркелген активтердің өтелім нормасы негізінде анықталады
К1 - пайдалану мерзімін ескеретн, коэффициент;
К2 - пайдаланудың жағдайын ескеретін, коэффициент.
№ р/с
Коэффициент түрі
Коэффициентмөлшері
1
Пайдалану мерзімін ескеретін коэффициент К1
Автокөлік құралдары;
- 1 жылдан 5 жылға дейін пайдаланылғанда
- 5 жылдан артық пайдаланылғанда
1,2
1
жабдықтар
- 1 жылдан 7 жылға дейін пайдаланылғанда
- 7 жылдан артық пайдаланылғанда
1,2
1
2
Пайдалану жағдайын ескеретін коэффициент К2
Автокөлік құралдары, жабдық
- аудан орталығы аумағында пайдаланылғанда
- ауданның басқа аумақтарында пайдаланылғанда
1,4
1

4 4. Кестеде коэффициент болмаған жағдайда, 1 тең коэффициент қабылданады.

Қолданыстағы