Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Аттестация лабораторий по экспертизе качества семян"

Қаулы · № 228/7 · қабылданған 04.07.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-81897/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Аттестация лабораторий по экспертизе качества семян" Күшін жойған Қаулы ·№ 228/7 ·04.07.2014
27.08.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Аттестация лабораторий по экспертизе качества семян"

Күшін жойған Қаулы ·№ 228/7 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Аттестация лабораторий по экспертизе качества семян"
Атауы (қаз.)
"Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
228/7
Қабылданған күні
04.07.2014
Көрсетілген редакция
27.08.2015 81897_288225.kaz
Соңғы өзгеріс
27.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14P0003913
ЭКБ идентификаторы
81897
Редакция идентификаторы
81897_288225
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:11

0 "Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қоса беріліп отырған "Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.К. Әшімбетовке жүктелсiн.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 "Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Павлодар облысы әкімдігінің
2014 жылғы 4 шілдедегі
№ 228/7 қаулысымен
бекітілген
"Тұқымның сапасына сараптама жасау
жөніндегі зертханаларды аттестаттау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. "Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жергілікті атқарушы орган "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) тұлғасында, сондай-ақ www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананы аттестаттау туралы куәлік беру болып табылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

4

4. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда, белгіленген нысан бойынша өтініш және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 6 маусымдағы № 623 қаулысымен бекітілген "Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 9-тармағымен көзделген құжаттар мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну үшін негіз болып табылады.

5 5. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір үдерістің (іс-әрекеттің) мазмұны, орындау ұзақтығы:

1

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды берген сәттен бастап оларды қабылдайды және тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға қабылданған күні және уақыты, өтінімді қабылдаған лауазымды адамның тегі және аты-жөні көрсетілген талон береді – 15 минуттан аспайды;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды, бұрыштама қояды – 2 сағаттан аспайды;

3

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, құжаттарды облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілген тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларға қойылатын біліктілік талаптарына көрсетілетін қызметті алушының сәйкестік деңгейін анықтау жөніндегі сараптамалық комиссияның (бұдан әрі – сараптамалық комиссия) қарауына жолдайды – 2 жұмыс күнінен аспайды;

4

4) сараптамалық комиссия ұсынылған құжаттарды зерделейді, жергілікті жерге барып, тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларға қойылатын біліктілік талаптарына көрсетілетін қызметті алушының сәйкестік деңгейін анықтайды, тексеру актісін, сараптамалық комиссия отырысының хаттамасын құрастырады – 5 жұмыс күнінен аспайды;

5 5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесін беру туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын дайындайды – 9 жұмыс күнінен аспайды;

6

6) облыс әкімдігі көрсетілетін қызметті алушыға тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесін беру туралы қаулы жобасын келісімдейді және облыс әкімдігі қарауына шығарады, көрсетілетін қызметті алушыға тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесін беру туралы қаулы қабылдайды – 2 жұмыс күнінен аспайды;

7 7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы облыс әкімдігінің қаулысы негізінде аттестаттау туралы куәлікті (бұдан әрі - Куәлік) дайындайды – көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қол қоюы және көрсетілетін қызметті алушыға Куәлікті беру – 1 жұмыс күнінен аспайды.

6 6. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананы аттестаттау туралы куәлік беру рәсімдер (іс-әрекеттер) тәртібінің нәтижесі болып табылады.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

7 7. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне келесі құрылымдық бөлімшелер қатысады:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

4 4) сараптамалық комиссия;

5 5) облыс әкімдігі.

8 8. Әрбір әкімшілік рәсімнің (іс-әрекеттің) орындалу уақытын көрсете отырып, әрбір бірліктің әкімшілік рәсімнің (іс-әрекеттің) өзара іс-қимылы мен реттілігі осы регламенттің 1-қосымшасында, 2-қосымшасының блок-сызбасында келтірілген.

4 4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

9 9. Мемлекеттік қызмет "Павлодар облысының халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы арқылы көрсетілмейді.

10 10. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде жүгіну тәртібінің сипаттамасы:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН), сондай-ақ парольдің көмегімен порталда тіркелуді жүзеге асырады;

2 2) 1-үдеріс – қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының порталда ЖСН мен паролін енгізуі (авторизациялау үдерісі);

3 3) 1-шарт – ЖСН мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын порталда тексеру;

4 4) 2-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтың болуына байланысты порталдың авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;

5

5) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін экранға сұраныс нысанын шығару және нысан талаптары мен оның құрылымын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), Стандартта көрсетілген қажетті құжаттардың электрондық түріндегі көшірмелерін сұраныс нысанына бекіту, сондай-ақ сұранысты куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігін таңдауы;

6 6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұраныста көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында) тексеру;

7 7) 4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ расталмауына байланысты сұратылып жатқан қызметтен бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастыру;

8

8) 5-үдеріс – көрсетілетін қызметті беруші сұранысты өңдеуі үшін электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) өңірлік электрондық үкімет шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ӨЭҮШ АЖО) жіберу;

9 9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының қоса берілген, Стандартта көрсетілген құжаттарының сәйкестігін және негіздерін тексеруі;

10 10) 6-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастыру;

11

11) 7-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ӨЭҮШ АЖО қалыптастырған қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарламаны) алуы. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қатыстырылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекеттесулері осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес диаграммада келтірілген.

11

11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

44 Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау Аттестаттау туралы куәлік алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

Павлодар облысы әкімдігінің
2014 жылғы 4 шілдедегі
№ 228/7 қаулысына
1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметшілерінің) іс-қимылдар
тәртібін сипаттау Аттестаттау туралы куәлік
алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге
жүгінген кезде:

Іс-әрекет (жұмыс барысы, ағымы) №
1
2
3
4
5
6
7
1.
Бірліктің атауы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се­сі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы
Көрсетілетін
қызметті
берушінің
жауапты
орын-
даушысы
Сарап-
тамалық комиссия
Көр­се-
ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жа­у­ап­ты орын­да-
ушы­сы
Облыс әкімдігі
Көр­се­ті-
ле­тін
қыз­мет­ті
бе­ру­ші­нің жа­у­ап­ты орын­да-
ушы­сы
2.
Іс-әрекеттің (үдерістің,
іс-жосығы, опера-
циялар)
атауы
және олардың сипат-
тамасы
Құ­жат­тар­ды қа­был­да­уды және олар­ды тір­ке­уді жү­зе­ге асы­ра­ды
Құжат-
тарды
қарау, жауапты орында-
ушыны анықтау
Ұсы­ны­л­ған
құ­жат­тар
топ­та­ма-
сы­ның
то­лық­тығ­ын тек­се­ру
Ұсынылған құжаттарды зерделеу, жергілікті
жерге
барып, тұқымның сапасына сараптама жасау
жөніндегі
зертханаларға
қойылатын
біліктілік талаптарына көрсетілетін қызметті
алушының
сәйкестік
деңгейін
анықтау,
тексеру
актісін
құрастыру
Көрсетілетін
қызметті
алушыға
тұқымның
сапасына
сараптама
жасау жөніндегі зертхана мәртебесін
беру туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын (бұдан әрі – қаулы жобасы) дайындау
Қа­у­лы жо­ба­сын ке­лі­сім­деу және об­лыс әкім­ді­гі оты­ры­сы­на шы­ға­ру
Тұқым­ның са­па­сы­на са­рап­та­ма жа­сау жө­нін­де­гі зерт­ха­на­ны ат­те­стат­тау ту­ра­лы ку­ә­лік­ті дай­ын­дау
3.
Аяқталу
нысаны
(мәлімет-
тер,
құжат,
ұйымдас-
тыру-өкімдік шешім)
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға кү­ні және уа­қы­ты, өті­нім­ді қа­был­да­ған ла­у­а­зым­ды адам­ның те­гі және аты-жө­ні көр­се­ті­л­ген та­лон бе­ре­ді
Бұрышама қою
Құжат-
тар топта-
масын сарапта-
малық комис-
сияның қарауына жолдау
Сарапта-
малық
комиссия
мүшелерінің дауыс
беруі және
отырыс хаттамасы түріндегі шешімді ресімдеу
Көр­се­ті-
ле­тін
қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы-
сы­ның
қа­у­лы
жо­ба­сы­на
қол
қо­юы
Қа­улы­ны қа­был­дау, оны орын­дау үшін бас­қар­ма бас­шы­сы­на жол­дау
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы қол қой­ған Ку­ә­лік­ті бе­ру
4.
Орын­да­лу мер­зі­мі
15 ми­нут­тан
ас­пай­ды
2 са­ғат­тан ас­пай­ды
2 жұ­мыс кү­ні­нен ас­пай­ды
5 жұ­мыс кү­ні­нен ас­пай­ды
9 жұ­мыс кү­ні­нен ас­пай­ды
2 жұ­мыс кү­ні­нен ас­пай­ды
1 жұ­мыс кү­ні­нен ас­пай­ды

45 Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттаудың блок-сызбасы

Павлодар облысы әкімдігінің
2014 жылғы 4 шілдедегі
№ 228/7 қаулысына
2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметшілерінің) іс-қимылдар
тәртібін сипаттаудың блок-сызбасы

46 Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қатыстырылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

Павлодар облысы әкімдігінің
2014 жылғы 4 шілдедегі
№ 228/7 қаулысына
3-қосымша
Портал арқылы мемлекеттік қызметті
көрсету кезінде қатыстырылған ақпараттық
жүйелердің функционалдық өзара
іс-қимыл диаграммасы

47 "Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Павлодар облысы әкімдігінің
2014 жылғы 4 шілдедегі
№ 228/7 қаулысына
4-қосымша
"Тұқымның сапасына сараптама жасау
жөніндегі зертханаларды аттестаттау"
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің
бизнес-процестерінің анықтамалығы

Қолданыстағы