О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Актогайского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Актогайского района
- Атауы (қаз.)
- Ақтоғай ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 134/33
- Қабылданған күні
- 24.07.2014
- Көрсетілген редакция
- 26.03.2020 81918_451965.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14PD003915
- ЭКБ идентификаторы
- 81918
- Редакция идентификаторы
- 81918_451965
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:02
0 Ақтоғай ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына, сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. Ақтоғай ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін Ақтоғай аудандық бюджет қаражаты есебінен жылына бір рет 5 (бес) мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.
2
2. Аудандық мәслихаттың (V шақырылған, XXXII сессия) 2014 жылғы 26 маусымдағы № 130/32 "Ақтоғай ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт, ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу жөнінде әлеуметтік көмекті бекіту туралы" шешімінің күші жойылған деп есептелсін.