Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Большечураковского сельского округа Алтынсаринского района Костанайской области

Ереже · № 213 · қабылданған 30.06.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-81933/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Большечураковского сельского округа Алтынсаринского района Костанайской области Күшін жойған Ереже ·№ 213 ·30.06.2014
27.08.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.08.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Большечураковского сельского округа Алтынсаринского района Костанайской области

Күшін жойған Ереже ·№ 213 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Большечураковского сельского округа Алтынсаринского района Костанайской области
Атауы (қаз.)
Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Большая Чураковка ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
213
Қабылданған күні
30.06.2014
Көрсетілген редакция
27.08.2020 81933_479584.kaz
Соңғы өзгеріс
27.08.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14NE004984
ЭКБ идентификаторы
81933
Редакция идентификаторы
81933_479584
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:16

0 Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Большая Чураковка ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Большая Чураковка ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

2 2. Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Большая Чураковка ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛГЕН
Қостанай облысы
Алтынсарин ауданының
Большая Чураковка
ауылдық округінің әкімі
__________ А. Грынькив

4 Мәслихаттың

2014 жылғы 30 маусымдағы
№ 213 шешіміне қосымша
Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Большая Чураковка ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы
Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Большая Чураковка ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Большая Чураковка ауылдық округінің Большая Чураковка ауылының тұрғындары үшін
30
Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Большая Чураковка ауылдық округінің Осиповка ауылының тұрғындары үшін
3
Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Большая Чураковка ауылдық округінің Новониколаевка ауылының тұрғындары үшін
3

5 Мәслихаттың

2014 жылғы 30 маусымдағы
№ 213 шешімімен бекітілген
Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Большая Чураковка ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Большая Чураковка ауылдық округінің (бұдан әрі Большая Чураковка ауылдық округі) аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2 2. Большая Чураковка ауылдық округінің аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

3 3. Бөлек жиынды Большая Чураковка ауылдық округінің әкімі шақырады.

Алтынсарин ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

4 4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

5 5. Большая Чураковка ауылдық округі ауылдарының шегінде бөлек жиынды өткізуді Большая Чураковка ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында Большая Чураковка ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

7 7. Бөлек жиынды Большая Чураковка ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Большая Чураковка ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

8 8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Большая Чураковка ауылдық округі тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Алтынсарин аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Большая Чураковка ауылдық округі өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

9 9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

10 10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Большая Чураковка ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

Қолданыстағы