Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей для участия в сходе местного сообщества села Свердловка Алтынсаринского района Костанайской области

Ереже · № 221 · қабылданған 30.06.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-81941/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей для участия в сходе местного сообщества села Свердловка Алтынсаринского района Костанайской области Қолданыста Ереже ·№ 221 ·30.06.2014
26.09.2022 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей для участия в сходе местного сообщества села Свердловка Алтынсаринского района Костанайской области

Қолданыста Ереже ·№ 221 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей для участия в сходе местного сообщества села Свердловка Алтынсаринского района Костанайской области
Атауы (қаз.)
Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Свердловка ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
221
Қабылданған күні
30.06.2014
Көрсетілген редакция
26.09.2022 81941_594906.kaz
Соңғы өзгеріс
26.09.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14NE004981
ЭКБ идентификаторы
81941
Редакция идентификаторы
81941_594906
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:14

0 Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Свердловка ауылының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиынын өткізудің қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Свердловка ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

2 2. Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Свердловка ауылында жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛГЕН:
Қостанай облысы Алтынсарин ауданының
Свердловка ауылының әкімі
__________________ А. Балгужин

4 Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Свердловка ауылының жергілікті қоғамдастығының жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Мәслихаттың
2014 жылғы 30 маусымдағы
№ 221 шешіміне
қосымша
Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Свердловка ауылының жергілікті қоғамдастығының жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы
Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Свердловка ауылының ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Свердловка ауылының тұрғындары үшін
3

5 Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Свердловка ауылың жергілікті қоғамдастығының бөлек жиынын өткізудің қағидасы

Мәслихаттың
2014 жылғы 30 маусымдағы
№ 221 шешімімен
бекітілген
Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Свердловка ауылың жергілікті қоғамдастығының бөлек жиынын өткізудің қағидасы

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Свердловка ауылының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиынын өткізудің қағидасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және «Жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және Алтынсарин ауданы Свердловка ауылының тұрғындарының жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

2 2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауылдық округ тұрғындарының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2 2 Бөлім. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

3 3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар) бөлінеді.

4 4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

5 5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Алтынсарин ауданы Свердловка ауылының әкімі шақырады және ұйымдастырады.

6

6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Свердловка ауылының әкімімен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

7 7. Ауыл шегінде жергілікті қоғамдастық бөлек жиынын өткізуді Алтынсарин ауданы Свердловка ауылының әкімі ұйымдастырады.

Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

8 8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

9 9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Алтынсарин ауданы Свердловка ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Алтынсарин ауданы Свердловка ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға жергілікті қоғамдастық бөлек жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

10 10. Жергілікті қоғамдастық бөлек жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын аудан мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

11 11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

12 12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Свердловка ауылы әкімінің аппаратына беріледі.

Қолданыстағы