Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Новоалексеевского сельского округа Алтынсаринского района Костанайской области

Ереже · № 219 · қабылданған 30.06.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-81956/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Новоалексеевского сельского округа Алтынсаринского района Костанайской области Күшін жойған Ереже ·№ 219 ·30.06.2014
16.01.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Новоалексеевского сельского округа Алтынсаринского района Костанайской области

Күшін жойған Ереже ·№ 219 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Новоалексеевского сельского округа Алтынсаринского района Костанайской области
Атауы (қаз.)
Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Новоалексеев ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
219
Қабылданған күні
30.06.2014
Көрсетілген редакция
16.01.2020 81956_443725.kaz
Соңғы өзгеріс
16.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14NE004986
ЭКБ идентификаторы
81956
Редакция идентификаторы
81956_443725
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:16

0 Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Новоалексеев ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Новоалексеев ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

2 2. Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Новоалексеев ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛГЕН:
Қостанай облысы Алтынсарин
ауданының Новоалексеев
ауылдық округінің әкімі
___________ Ш. Сейіткереева

4 Мәслихаттың

2014 жылғы 30 маусымдағы
№ 219 шешіміне
қосымша
Жергілікті қоғамдастықтың жиынына
қатысу үшін Қостанай облысы Алтынсарин
ауданы Новоалексеев ауылдық округінің
ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы
Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Новоалексеев ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Новоалексеев ауылдық округінің Новоалексеев ауылының тұрғындары үшін
30
Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Новоалексеев ауылдық округінің Анновка ауылының тұрғындары үшін
1

5 Мәслихаттың

2014 жылғы 30 масымдағы
№ 219 шешімімен
бекітілген
Қостанай облысы Алтынсарин ауданы
Новоалексеев ауылдық округінің бөлек
жергілікті қоғамдастық жиындарын
өткізудең қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Новоалексеев ауылдық округінің Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Новоалексеев ауылдық округі ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2 2. Новоалексеев ауылдық округінің аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

3 3. Бөлек жиынды Новоалексеев ауылдық округінің әкімі шақырады.

Алтынсарин ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

4 4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

5 5. Новоалексеев ауылдық округінің ауылдарының шегінде бөлек жиынды өткізуді Новоалексеев ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында Новоалексеев ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

7 7. Бөлек жиынды Новоалексеев ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Новоалексеев ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

8 8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Новоалексеев ауылдық округінің тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Алтынсарин аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Новоалексеев ауылдық округі өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

9 9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

10 10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Новоалексеев ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

Қолданыстағы