Құжат мәтініне өту

Об утверждении ставки арендной платы за предоставление в имущественный наем (аренду) государственного коммунального имущества города Астаны

Қаулы · № 113-1099 · қабылданған 03.07.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-82000/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении ставки арендной платы за предоставление в имущественный наем (аренду) государственного коммунального имущества города Астаны Күшін жойған Қаулы ·№ 113-1099 ·03.07.2014
23.05.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.05.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении ставки арендной платы за предоставление в имущественный наем (аренду) государственного коммунального имущества города Астаны

Күшін жойған Қаулы ·№ 113-1099 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении ставки арендной платы за предоставление в имущественный наем (аренду) государственного коммунального имущества города Астаны
Атауы (қаз.)
Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру үшін жалдау төлемақысының мөлшерлемесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
113-1099
Қабылданған күні
03.07.2014
Көрсетілген редакция
23.05.2017 82000_192430.kaz
Соңғы өзгеріс
23.05.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14ABW00830
ЭКБ идентификаторы
82000
Редакция идентификаторы
82000_192430
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:12

0 Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру үшін жалдау төлемақысының мөлшерлемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін жалдау төлемақысының мөлшерлемесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2.

«Астана қаласының Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны, кейіннен ресми және мерзімдік басылымдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген интернет-ресурстарда және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялаумен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Қ. Нағаспаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

5 Астана қаласы әкімдігінің

2014 жылғы 03 шілдедегі
№ 113-1099 қаулысына
қосымша
Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін төлемақысының мөлшерлемесі

1 1. Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық меншігі болып табылатын жылжымайтын мүлікті жалға берген кезде жалдау төлемақысының мөлшерлемесі:

1 1) Астана қаласы мектептерінің оқушыларын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызмет көрсететін заңды және жеке тұлғалар, коммерциялық емес және үкіметтік емес ұйымдар, ұлттық-мәдениет орталықтары үшін – айына бір шаршы метрге 200 (екі жүз) теңге;

2 2) басқа да заңды және жеке тұлғалар үшін – айына бір шаршы метр үшін 1 000 (бір мың) теңге;

3 3)

банкоматтарды, базалық станция жабдығын және ұялы байланыс антеннасын орнатуға арналған терминалдар үшін – айына бір шаршы метрге 3 АЕК (үш айлық есептік көрсеткіш);

4 4)

жергілікті маңызы бар тарихи және мәдениет объектілері – коммерциялық емес ұйымдарды есепке алмағанда айына бір шаршы метрге 1000 (бір мың) теңге мөлшерінде белгіленеді.

2 2.

Жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа қолданылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) берген кезде жылдық жалдау төлемақысының есеп айырысуы:
Ап = С х Nam /100 х Кп
формуласы бойынша жүзеге асырылады, онда:
Ап – жылына жабдықтар, көлік құралдары және басқа қолданылмайтын заттар үшін жалдау төлемақысының мөлшерлемесі;
С – бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтардың қалдық сомасы.
100% тозуы есептелген жабдықтарды, көлік құралдарын және басқа қолданылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде қалдық құны бастапқы (қалпына келтіру) құнынан 10% мөлшерде қабылданады;
Nam – «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 110-бабына сәйкес амортизацияның шекті нормалары;
Кп – төмендету коэффициенті (жабдықтар, көлік құралдары және басқа қолданылмайтын заттардың тозуы 60% артық кезінде - 0,8, сауда-сатып алу (делдалдық) қызметтерді қоспағанда, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін - 0,5 мөлшерінде қолданады).

Қолданыстағы