О внесении изменений в некоторые решения акима сельского округа Баскудык
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые решения акима сельского округа Баскудык
- Атауы (қаз.)
- Басқұдық ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 317
- Қабылданған күні
- 22.07.2014
- Көрсетілген редакция
- 19.07.2016 82046_583417.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.07.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14MGC02487
- ЭКБ идентификаторы
- 82046
- Редакция идентификаторы
- 82046_583417
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:03
0 Басқұдық ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы», 2013 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» заңдарына сәйкес, Басқұдық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Басқұдық ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1
1) «Басқұдық селолық округінің әкімшілік-аумақтық құрылысына қарасты құрамдас бөліктеріне және көшелеріне атаулар беру туралы» Басқұдық ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 6 маусымдағы № 10 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-7-12 болып тіркелген, «Мұнайлы» газетінде 2008 жылғы 18 шілдеде жарияланған):
шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «селолық», «селосы» деген сөздер тиісінше «ауылдық», «ауылы» деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
2
2) «Басқұдық селолық округінің әкімшілік-аумақтық құрылысына қарасты құрамдас бөліктеріне, көшелеріне атаулар беру және бұрынғы атауларын өзгерту туралы» Басқұдық ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 1 маусымдағы № 123 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-7-54 болып тіркелген, «Мұнайлы» газетінде 2009 жылғы 10 шілдеде жарияланған):
шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында «бұрынғы» деген сөз алынып тастылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «селолық» деген сөз «ауылдық» деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
3
3) «Басқұдық селолық округінің әкімшілік-аумақтық құрылысына қарасты құрамдас бөліктеріне және көшелеріне атаулар қою туралы» Басқұдық ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 20 желтоқсандағы № 291 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-7-66 болып тіркелген, «Мұнайлы» газетінде 2010 жылғы 29 қаңтарда жарияланған):
шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «селолық» деген сөз «ауылдық» деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.