Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выдачи и замены свидетельства о регистрации спортсмена, представления сведений спортивными федерациями о регистрации спортсмена

Бұйрық · № 295 · қабылданған 28.07.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-82054/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил выдачи и замены свидетельства о регистрации спортсмена, представления сведений спортивными федерациями о регистрации спортсмена Қолданыста Бұйрық ·№ 295 ·28.07.2014
26.06.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выдачи и замены свидетельства о регистрации спортсмена, представления сведений спортивными федерациями о регистрации спортсмена

Қолданыста Бұйрық ·№ 295 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выдачи и замены свидетельства о регистрации спортсмена, представления сведений спортивными федерациями о регистрации спортсмена
Атауы (қаз.)
Спортшыны тіркеу туралы куәлікті беру және ауыстыру, спорт федерацияларының спортшыны тіркеу туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
295
Қабылданған күні
28.07.2014
Көрсетілген редакция
26.06.2025 82054_772149.kaz
Соңғы өзгеріс
26.06.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400009673
ЭКБ идентификаторы
82054
Редакция идентификаторы
82054_772149
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:00

0 Спортшыны тіркеу туралы куәлікті беру және ауыстыру, спорт федерацияларының спортшыны тіркеу туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Спортшыны тіркеу туралы куәлікті беру және ауыстыру, спорт федерацияларының спортшыны тіркеу туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін.

2 2. Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаменті (С.М. Жарасбаев) заңнамамен бекітілген тәртіпте:

1 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Спортшыны тіркеу туралы куәлікті беру және ауыстыру, спорт федерацияларының спортшыны тіркеу туралы мәліметтерді ұсыну қағидалар

Қазақстан Республикасы
Спорт және дене шынықтыру
істері агенттігі төрағасының
2014 жылғы 28 шілдеде
№ 295 бұйрығымен
бекітілген
Спортшыны тіркеу туралы куәлікті беру және ауыстыру, спорт федерацияларының спортшыны тіркеу туралы мәліметтерді ұсыну қағидалар

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Спортшыны тіркеу туралы куәлікті беру және ауыстыру, спорт

федерацияларының спортшыны тіркеу туралы мәліметтерді ұсыну
туралы қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) Спортшыны тіркеу туралы куәлікті беру және ауыстыру, спорт федерацияларының спортшыны тіркеу туралы мәліметтерді ұсыну тәртібін айқындайды.

2 2. Спортшыны тіркеу туралы куәлігі оның спорт түрлері бойынша ұлттық спорттық федерацияда (бұдан әрі – спорттық федерация) тіркелуден өткендігін растайтын құжат болып табылады.

3 3. Дене шынықтыру және спорт саласындағы облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) ұсынысы бойынша спорттық федерациялар спортшыларды тіркеуді жүзеге асырады.

4 4. Спорттық жарысқа алғаш рет қатысқан спортшы тіркеуден өтуі тиіс.

2 2-тарау. Спортшыны тіркеу туралы куәлігін беру және ауыстыру, спортшыны тіркеу туралы спорттық федерациялардың мәлімет ұсыну тәртібі

5 5. Спортшыны тіркеу үшін жергілікті атқарушы органдар спорттық федерацияларға келесі құжаттарды ұсынады:

1 1) спортшының жеке куәлігінің көшірмесі;

2 2) осы Қағидалардың 1-қосымшасындағы нысанға сәйкес Спортшыны тіркеу туралы ұсыну;

3 3) 3х4 екі түрлі-түсті фотосурет.

6 6. Спорттық федерациялар осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде осы Қағидалардың 2-қосымшасындағы нысанға сәйкес спортшыны тіркеу және спортшыны тіркеу туралы куәлік беру туралы шешім қабылдайды.

7 7. Спорттық федерациялар спортшыны тіркеу туралы берілген куәліктердің есебін электрондық және қағаз түрінде жүргізеді.

8 8. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның сұрауы бойынша спорттық федерациялар сауал қабылданған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде Қағидалардың 3-қосымшасындағы нысанға сәйкес спортшыны тіркеу бойынша мәлімет ұсынады.

9 9. Спортшыны тіркеу туралы куәлігін ауыстыру (көшірмесін беру) келесі жағдайларда жүзеге асырылады:

1 1) спортшының тіркеу куәлігінде көрсетілген мәліметтердің өзгеруі;

2 2) спортшының тіркеу куәлігінің тозуына немесе механикалық бұзылуына байланысты оның жарамсыз болуы;

3 3) спортшының тіркеу куәлігінің жоғалуы.

1 Спортшыны тіркеу туралы ұсыну

Спортшыны тіркеу туралы
куәлікті беру және ауыстыру,
спорт федерацияларының
спортшыны тіркеу туралы
мәліметтерді ұсыну
қағидаларына
1-қосымша
нысан
Спортшыны тіркеу туралы ұсыну
№ р/с
Спорт­шы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
3х4 түр­лі тү­сті фо­то­су­рет
1
Те­гі
2
Аты
3
Әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да)
4
Ту­ған кү­ні
5
Же­ке сәй­кестен­дi­ру нө­мiрi
6
Спорт тү­рі
7
Жы­ны­сы
8
Спорт­шы ұсы­на­тын өңір (об­лыс, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла, аста­на)
9
Спорт­шы ұсы­на­тын дене шы­нық­ты­ру-спорт ұй­ы­мы
10
Бі­лі­мі
11
Спорт­тық раз­ряд­тар, са­нат­тар мен спорт­тық атақ­тар бе­ру ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
12
Ме­ди­ци­на­лық тек­се­ру­ден өт­ке­ні ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
13
Спорт­тық жа­ры­стар­да қол жет­кіз­ген нәти­же­ле­рі
14
Жа­ры­стан шет­те­ту ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
15
До­пинг қол­дан­ған жағ­дай­лар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
16
Мем­ле­кет­тік на­гра­да­лар мен кө­тер­ме­ле­удің өзге де ны­сан­да­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
17
Таң­дал­ған спорт тү­рі­нің ерекше­лі­гіне бай­ла­ны­сты өзге де мә­лі­мет­тер
18
Же­ке жат­тық­ты­ру­шы­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да)
19
Бі­рін­ші жат­тық­ты­ру­шы­сы неме­се спорт түр­ле­рі бой­ын­ша Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ұлт­тық ко­ман­да­ла­ры­ның ті­зі­міне сәй­кес жат­тық­ты­ру­шы­сы­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да)
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы
Басшысы ___________________________________ ________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)
Мөр орны
«__»_____ 20__ жыл

2 Спортшыны тіркеу туралы куәлігі

Спортшыны тіркеу туралы
куәлікті беру және ауыстыру,
спорт федерацияларының
спортшыны тіркеу туралы
мәліметтерді ұсыну
қағидаларына 2-қосымша
нысан
Спортшыны тіркеу туралы куәлігі
р/с

Спортшы туралы мәліметтер
3х4 түрлі
түсті фотосурет
1
Тегі
2
Аты
3
Әкесінің аты (бар болса)
4
Туған күні
5
Жынысы
6
Спорт түрі
7
Спортшыны тіркеу туралы куәлігінің тіркеу нөмірі
8
Спортшыны тіркеу туралы куәлігіне тіркеу нөмірін берген күні
9
Тіркеуді жүзеге асырған спорт федерациясының атауы
10
Спорттық разрядтар, санаттар мен спорттық атақтар беру туралы мәліметтер
11
Медициналық тексеруден өткені туралы мәліметтер
12
Спорттық жарыстарда қол жеткізген нәтижелері
13
Жарыстан шеттету туралы мәліметтер
14
Допинг қолданған жағдайлар туралы мәліметтер
15
Мемлекеттік наградалар мен көтермелеудің өзге де нысандары туралы мәліметтер
16
Жаттықтырушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)
17
Таңдалған спорт түрінің ерекшелігіне байланысты өзге де мәліметтер
____________________________
(Спорттық федерацияның атауы)
Басшысы _________________________________ ________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Мөр орны
«__»_____ 20__ жыл

3 Спортшыны тіркеу туралы ақпарат

Спортшыны тіркеу туралы
куәлікті беру және ауыстыру,
спорт федерацияларының
спортшыны тіркеу туралы
мәліметтерді ұсыну
қағидаларына 3-қосымша
нысан
Спортшыны тіркеу туралы ақпарат
Спорт­шы­ның аты, те­гі, әке­сі­нің аты (бар бол­са)
Спорт­шы­ның
ту­ған кү­ні
Спорт тү­рі
Спорт­шы­ның спорт­тық ата­ғы
Спорт­шы ұсы­на­тын өңір (об­лыс, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла, аста­на)
Спорт­шы­ның жо­ға­ры көр­сет­кі­ші
Спорт­шы­ның жат­тық­ты­ру­шы­сы (бі­рін­ші, же­ке)
Спорт­шы­ны тір­кеу ку­ә­лі­гі­нің тір­кеу нө­мі­рі/ кү­ні
1
2
3
4
5
6
7
8

Қолданыстағы