Об определении перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования и культуры работающих в сельской местности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования и культуры работающих в сельской местности
- Атауы (қаз.)
- Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 215
- Қабылданған күні
- 07.08.2014
- Көрсетілген редакция
- 02.12.2014 AI82058_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14TG002969
- ЭКБ идентификаторы
- 82058
- Редакция идентификаторы
- AI82058_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:51
0 Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 238-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына және аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 23 шілдедегі № 242-V "Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесімен келісу туралы" шешіміне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Х.Тулеушовке жүктелсін.
3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық мәслихаттың кезекті
сессиясының төрағасы
А. Мендалиева
6 тамыз 2014 жыл
Аудандық мәслихат хатшысы
Т. Жолмағамбетов
6 тамыз 2014 жыл
4 Аудан әкімдігінің
2014 жылғы 7 тамыздағы
№ 215 қаулысына қосымша
Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының
ТІЗБЕСІ
1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандары лауазымдары:
1 1) әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi консультант;
2 2) күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
3 3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман.
2 2. Білім беру мамандары лауазымдарының тізбесі:
1 1) мемлекеттiк мекеме мен қазыналық кәсiпорын басшысы (мектепке дейінгі мемлекеттік мекемеден және қазыналық кәсіпорыннан басқа);
2 2) мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары (мектепке дейінгі мемлекеттік мекемеден және қазыналық кәсіпорыннан басқа);
3 3) мектепке дейiнгi қазыналық кәсiпорын басшысы;
4
4) мамандар (бас, аға): барлық мамандықтағы мұғалімдер және дәрігерлер, әдіскер, шеберхана меңгерушісі, алғашқы әскери даярлық оқытушы-ұйымдастырушы, кітапхана меңгерушісі, кітапханашы, тәлімгер, тәрбиеші, интернат-меңгерушісі, әлеуметтік педагог, медициналық бике, емдәм бике, музыкалық жетекші, хореограф, педагог-психолог, зертханашы, дене тәрбиесінің нұсқаушы, еңбек жөніндегі нұсқаушы.