О корректировке базовых ставок земельного налога
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О корректировке базовых ставок земельного налога
- Атауы (қаз.)
- Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 39/266-5c
- Қабылданған күні
- 08.08.2014
- Қолданысқа енгізілген күні
- 06.09.2014
- Көрсетілген редакция
- 29.09.2015 82096_30572.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.09.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14UA002784
- ЭКБ идентификаторы
- 82096
- Редакция идентификаторы
- 82096_30572
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:51
0 Жер салығының базалық мөлшерлемелерiн түзету туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 10 желтоқсанындағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 387 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Шымкент қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 маусымдағы № 37/257-5с шешімімен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2736 нөмірімен тіркелген) Шымкент қаласының жерлерді аймақтарға бөлу схемасы негізінде, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 378, 379, 380, 381, 383, 387 баптармен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері жоғарылатылсын:
1, 2, 4, 5, 6 аймақтарда автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда 50 пайызға;
7 аймақта автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда 40 пайызға.
3, 8, 9, 10 аймақтарда ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 381 бабына сәйкес белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері қалдырылсын.
10 аймақта ауыл шаруашылығына арналмаған, ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін пайдаланылатын жерлері салығының базалық мөлшерлемелері 50 пайызға жоғарылатылсын.