О приватизации областных государственных предприятий как имущественных комплексов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О приватизации областных государственных предприятий как имущественных комплексов
- Атауы (қаз.)
- Облыстық мемлекеттік кәсіпорындарды мүліктік кешен ретінде жекешелендіру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 677
- Қабылданған күні
- 07.08.2014
- Көрсетілген редакция
- 10.02.2016 82100_199840.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14L0004752
- ЭКБ идентификаторы
- 82100
- Редакция идентификаторы
- 82100_199840
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:51
0 Облыстық мемлекеттік кәсіпорындарды мүліктік кешен ретінде жекешелендіру туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына, «Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес тізім бойынша облыстық мемлекеттік кәсіпорындары мүліктік кешен ретінде жекешелендірілсін.
2 2. «Қызылорда облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Н. Годуноваға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Қызылорда облысы әкімдігінің
2014 жылғы «7» тамыздағы
№ 677 қаулысына қосымша
Мүліктік кешен ретінде жекешелендірілетін облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың тізімі
№
п/п
Облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың атауы
Өткізу мерзімі
Жекешелендіру түрі
1.
«Тілдерді оқытудың өңірлік орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
қараша 2014 жыл
коммерциялық тендер
2.
«Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсіпорны
қараша 2016 жыл
тікелей атаулы сату
3.
«Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Нұрсәт» теннис орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
қазан 2016 жыл
коммерциялық тендер
4.
«Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
қыркүйек 2015 жыл
коммерциялық тендер
5.
«Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Ұлттық спорт түрлері және бұқаралық сауықтыру - дене шынықтыру клубы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
қыркүйек 2016 жыл
тікелей атаулы сату