Құжат мәтініне өту

Об утверждении критериев, предъявляемых к государственным предприятиям на праве хозяйственного ведения, в которых создаются наблюдательные советы

Қаулы · № 712 · қабылданған 27.06.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-82137/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении критериев, предъявляемых к государственным предприятиям на праве хозяйственного ведения, в которых создаются наблюдательные советы Күшін жойған Қаулы ·№ 712 ·27.06.2011
08.09.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении критериев, предъявляемых к государственным предприятиям на праве хозяйственного ведения, в которых создаются наблюдательные советы

Күшін жойған Қаулы ·№ 712 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении критериев, предъявляемых к государственным предприятиям на праве хозяйственного ведения, в которых создаются наблюдательные советы
Атауы (қаз.)
Байқау кеңестері құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға қойылатын критерийлерді бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
712
Қабылданған күні
27.06.2011
Көрсетілген редакция
08.09.2015 AI82137_2.kaz
Соңғы өзгеріс
08.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100000712
ЭКБ идентификаторы
82137
Редакция идентификаторы
AI82137_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:07

0 Байқау кеңестері құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға қойылатын критерийлерді бекіту туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 148-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған байқау кеңестері құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға қойылатын критерийлер бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

3 Байқау кеңестері құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға қойылатын критерийлер

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 27 маусымдағы
№ 712 қаулысымен
бекітілген
Байқау кеңестері құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға қойылатын критерийлер

1 1. Осы критерийлер байқау кеңестері құрылатын, қызметін денсаулық сақтау және білім беру саласында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың сәйкестігін анықтау үшін әзірленген.

2 2. Төменде аталған барлық критерийлерге сәйкес келу байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынды (бұдан әрі - кәсіпорын) құруға, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда байқау кеңесін енгізуге мүмкіндік береді:

1 1) кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде 50 000 еселік мөлшерін құрайды;

2 2) байқау кеңесі бар кәсіпорынды құру жағдайларын қоспағанда, кәсіпорынның штаттық қызметкерлерінің жалпы саны кемінде 150 адамды құрайды;

3 3) байқау кеңесі бар кәсіпорынды құру жағдайларын қоспағанда, кәсіпорынның ағымдағы қаржы жылының алдыңғы бір жылдағы жылдық жиынтық табысы тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде 30 000 еселік мөлшерін құрайды;

4 4) байқау кеңесі бар кәсіпорынды құру жағдайларын қоспағанда, кәсіпорынның негізгі қызметінен түсетін табыс жылдық жиынтық табыстың кемінде 70%-ын құрайды.

3 3. Төменде аталған барлық критерийлерге сәйкес келу байқау кеңесі бар кәсіпорынды құруға, сондай-ақ білім беру саласында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда байқау кеңесін енгізуге мүмкіндік береді:

1 1) кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде 100 000 еселік мөлшерін құрайды;

2 2) байқау кеңесі бар кәсіпорынды құру жағдайларын қоспағанда, кәсіпорынның штаттық қызметкерлерінің жалпы саны кемінде 150 адамды құрайды;

3 3) байқау кеңесі бар кәсіпорынды құру жағдайларын қоспағанда, кәсіпорынның ағымдағы қаржы жылының алдыңғы бір жылдағы жылдық  жиынтық табысы тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде 50 000 еселік мөлшерін құрайды;

4 4) байқау кеңесі бар кәсіпорынды құру жағдайларын қоспағанда, кәсіпорынның негізгі қызметінен түсетін табыс жылдық жиынтық табыстың кемінде 70%-ын құрайды;

5 5) байқау кеңесі бар кәсіпорын құру жағдайларын қоспағанда, кәсіпорынның оқытудың күндізгі нысанында білім алушылардың жалпы саны кемінде 2500 адамды құрайды.

Қолданыстағы