О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 209
- Қабылданған күні
- 15.02.1996
- Көрсетілген редакция
- 15.02.1996 AI82141_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.02.1996
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P960000209_
- ЭКБ идентификаторы
- 82141
- Редакция идентификаторы
- AI82141_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 02:25
0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы
"Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2445 қаулысын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мынадай шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. "Қазақстан Республикасындағы еркiн экономикалық аймақтардың мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 13 сәуiрдегi N 320 қаулысының "Қазақстан Республикасындағы еркiн экономикалық аймақтар туралы негiзгi ережелер" туралы қосымшаның 46-бабы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 15, 245-бап) мынадай редакцияда баяндалсын:
"46-бап. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi банктi тiркеудi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банктi ашуға берген рұқсатының негiзiнде жүзеге асырады".
2. "Жезқазған облысындағы Жәйрем-Атасу еркiн экономикалық аймағын дамыту жөнiндегi бiрiншi кезектегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 2 қыркүйектегi N 734 қаулысымен бекiтiлген (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 35, 529-бап) Жезқазған облысындағы Жәйрем-Атасу еркiн экономикалық аймағы туралы ережеде:
45-бап мынадай редакцияда баяндалсын:
"45-бап. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Банктi тiркеудi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банктi ашуға берген рұқсатының негiзiнде жүзеге асырады".
46-баптағы "Қазақ ССР-iнде" сөздерi "Қазақстан Республикасында" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. "Талдықорған облысындағы Алакөл еркiн экономикалық аймағын дамыту жөнiндегi бiрiншi кезектегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 4 қыркүйектегi N 740 қаулысымен бекiтiлген (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 35, 533-бап) Алакөл еркiн экономикалық аймағы туралы ережеде:
35-баптың екiншi абзацы мынадай редакцияда баяндалсын:
"Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi банктi тiркеудi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банктi ашуға берген рұқсатының негiзiнде жүзеге асырады";
36-баптағы "Қазақ ССР-iнде" сөздер "Қазақстан Республикасында" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. "Талдықорған облысындағы Жаркент еркiн экономикалық аймағын дамыту жөнiндегi бiрiншi кезектегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 4 қыркүйектегi N 741 қаулысымен бекiтiлген (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 35, 534-бап) Жаркент еркiн экономикалық аймағы туралы ережеде:
43-бап мынадай редакцияда баяндалсын:
"43-бап. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi банктi тiркеудi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банктi ашуға берген рұқсатының негiзiнде жүзеге асырады";
44-баптағы "Қазақ ССР-iнде" сөздерi "Қазақстан Республикасында" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. "Маңғыстау еркiн экономикалық аймағын дамыту үшiн басым маңызы бар бiрiншi кезектегi мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 30 қазандағы N 904 қаулысымен бекiтiлген (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 41, 612-бап) Маңғыстау еркiн экономикалық аймағы туралы ережеде:
43-бап мынадай редакцияда баяндалсын:
"43-бап. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi банктi тiркеудi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банктi тiркеудi ашуға берген рұқсатының негiзiнде жүзеге асырады";
44-баптағы "Қазақ ССР-iнде" сөздерi "Қазақстан Республикасында" деген сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi