Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории села Акку Лебяжинского сельского округа Лебяжинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории села Акку Лебяжинского сельского округа Лебяжинского района
- Атауы (қаз.)
- Лебяжі ауданы Лебяжі ауылдық округінің Аққу ауылы аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2/34
- Қабылданған күні
- 30.07.2014
- Көрсетілген редакция
- 20.10.2020 82146_488481.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14PI003942
- ЭКБ идентификаторы
- 82146
- Редакция идентификаторы
- 82146_488481
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:58
0 Лебяжі ауданы Лебяжі ауылдық округінің Аққу ауылы аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3–бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» № 1106 Қаулысына сәйкес, Лебяжі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Лебяжі ауданы Лебяжі ауылдық округінің Аққу ауылы аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидалары бекітілсін.
2 2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Лебяжі ауданы Лебяжі ауылдық округінің Аққу ауылының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы тұрғындарының жалпы санынан 1 (бір) % мөлшерде бекітілсін.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика және бюджеттік саясат, заңдылық пен адам құқығын қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Лебяжі ауданы Лебяжі ауылдық округінің Аққу ауылы аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидалары
Лебяжі аудандық мәслихатының
(V сайланған ХXXIV сессиясы)
2014 жылғы 30 шілдедегі
№ 2/34 шешімімен
Бекітілген
Лебяжі ауданы Лебяжі ауылдық округінің Аққу ауылы аумағында
бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Лебяжі ауданы Лебяжі ауылдық округінің Аққу ауылы аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» № 1106 Қаулысына сәйкес әзірленді және Лебяжі ауданы Лебяжі ауылдық округінің Аққу ауылы аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жерглікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2 2. Лебяжі ауданы Лебяжі ауылдық округінің Аққу ауылы аумағындағы тұрғындардың бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3 3. Бөлек жиынды Лебяжі ауылдық округінің әкімі шақырады.
Лебяжі ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4 4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5 5. Ауыл шегінде бөлек жиынды өткізуді Лебяжі ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында Лебяжі ауданы Лебяжі ауылдық округінің Аққу ауылының қатысып отырған және оған қатысу құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7 7. Бөлек жиынды Лебяжі ауданы Лебяжі ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Лебяжі ауданы Лебяжі ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8 8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Лебяжі аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.