Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача лесорубочного и лесного билета"

Қаулы · № 211 · қабылданған 22.07.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-82149/on/2026-08-25/
Басып шығарылды 2026-08-25 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача лесорубочного и лесного билета" Күшін жойған Қаулы ·№ 211 ·22.07.2014
26.06.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
25.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача лесорубочного и лесного билета"

Күшін жойған Қаулы ·№ 211 · 25.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача лесорубочного и лесного билета"
Атауы (қаз.)
«Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
211
Қабылданған күні
22.07.2014
Көрсетілген редакция
26.06.2015 82149_64658.kaz
Соңғы өзгеріс
26.06.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14T0002971
ЭКБ идентификаторы
82149
Редакция идентификаторы
82149_64658
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:04

0 «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27, 37- баптарына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабының 3-тармағына cәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Ағаш кесу және орман билетін беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғ.И. Дүйсембаевқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Атырау облысы әкімдігінің

2014 жылғы 22 шілдедегі
№ 211 қаулысына қосымша
Атырау облысы әкімдігінің
2014 жылғы 22 шілдедегі
№ 211 қаулысымен бекітілген
"Ағаш кесу және орман билетін беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. "Ағаш кесу және орман билетін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Атырау облысы мемлекеттік орман иеленушілер (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – қағаз нысанда ағаш кесу және (немесе) орман билетін беру.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

4 4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс - қимылдың) басталуы үшін еркін нысандағы өтініш негіз болып табылады.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдайды, құжаттардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 03.06.2014 жылғы № 607 "Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы" қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 - тармағына сәйкестігіне тексеру жүргізеді.
Егер құжаттар көрсетілген талаптарға сәйкес келсе, онда оның құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген өтініштің қабылданғанын растаумен өтініш көшірмесін береді және басшыға жолдайды (20 (жиырма) минуттан артық емес);

2 2) басшы құжаттармен танысып және орындау үшін маманға жолдайды (20 (жиырма) минуттан артық емес);

3 3) маман түскен құжаттарды қарайды, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін дайындайды және басшысына қол қоюға жібереді (3 (үш) жұмыс күні ішінде);

4 4) басшы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды және кеңсеге жолдайды (20 (жиырма) минуттан артық емес);

5 5) кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушының қолына береді (20 (жиырма) минуттан артық емес).

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

6 6. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын қызмет берушілердің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) кеңсе қызметкері;

2 2) басшы;

3 3) маман.

7 7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) өз кезегімен сипаттау, осы Регламенттің 1 қосымшасында және мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы 2 қосымшасында келтірілген.

23 "Ағаш кесу және орман билетін беру"

мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау

24 "Ағаш кесу және орман билетін беру"

мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "Ағаш кесу және орман билетін беру"
Шартты белгілер:
*ҚФБ - құрылымдық - функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, "электрондық үкімет" веб-порталының өзара іс-қымылдары;

Қолданыстағы